- Учителю
- «ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ»
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ»
«БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ- МЕМЛЕКЕТТІҢ, ҚОҒАМНЫҢ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ФАКТОРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ ОҚЫЛҒАН БАЯНДАМАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
«ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҒЫЛШЫНША СӨЙЛЕУ ТІЛІН ОҚУ МЕН ЖАЗУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ»
Орындаған: Изей Нұржамал Жақсыбайқызы
Елбасымыз Н.Ә Назарбаев Мәңгілік ел-2050 «Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты жолдауында жастардың білім алуының жаңа «лингва франкасын» жолдады. Қазір біздің балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз.
Үш тілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек.
Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады,- делінген болатын.
Осы орайда, білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту бүгінгі заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Бүгінгі таңда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыда ойлау жобасы. Бұл жобамен Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту деген ұғымды кез - келген жаңа идеяны сол күйінде қабылдау немесе оған түбегейлі сенім арту емес, ол идеялардың негізгі себептерін, жүзеге асыру жолдарын және нәтижесін білу, оларды өз ортаңа, өз мүмкіндігіңе, өз керегіңе, өз іс - әрекетіңе лайықты кіріктіру, талдау, ой елегінен өткізу, яғни проблемаға сыни тұрғыдан қарап, өз мақсатына пайдалана білу.
Зерттеудегі мақсатым - орта буын оқушыларын ағылшын тілін үйренуде Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды сабақта және сабақтан тыс уақытта дамыту.
Зерттеу нысаным: сабақ өту барысында сыныппен жеке, жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның шығармашылық даму бағытын зерттеу.
Зерттеу барысында Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасын дамыту бағытында оқушыларға үйрете жүріп, педагогикалық әдіс - тәсілдерді, және жеке тұлға бойында болатын мынадай қасиеттерді зерттеу арқылы жобаны тиімді қолдану қажеттігін түсіндім.
Жеке тұлғаның Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауды меңгеру үшін мынадай қасиеттері болуы шарт:
- жоспарлауға дайын болуы;
- бейімделгіштігі (басқалардың идеяларын қабылдай алуы);
- қайсарлығы (қиын тапсырмаларды кейінге қалдырмауы);
- жете түсінуі (өзінің және басқа адамдардың пікірін қадағалау);
- ымыралы келісімді іздеуі;
- коммуникативтілігі.
Жеке тұлғаны сын тұрғысынан ойлауды дамыту шарттары:
- Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасын сын тұрғысынан ойлауда тәжірибе жинау үшін уақыт және мүмкіндік беру;
- оқушылардың ойлауына жағдай туғызу;
- әртүрлі идеялар мен пікірлердің тууына мүмкіндік жасау;
- оқыту үрдісінде оқушының белсенділігін қолдау;
- әрбір оқушы сын тұрғысынан ойлауға қабілетті;
- оқушының өз пікірін білдіруге жетелеу және оның пікірін бағалау.
Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасы бойынша әр сабақ үш кезеңнен тұрады:
- қызығушылықты ояту;
- мағынаны ашу;
- ой толғаныс.
Бірінші кезең «Қызығушылықты ояту»
Кезеңнің мақсаттары:
- оқушы өзінде қалыптасқан білімі мен түсініктерін өзектендіру;
- оқылатын тақырыпқа танымдық қызығушылықты ояту;
- оқушының белсенділігін ояту;
Оқушылардың іс - әрекетіне қолдануға болатын әдістер мен тәсілдер
оқылатын мәселелер бойынша не білетінін еске түсіреді, ақпаратты жүйелейді, жауап алуға қажетті сұрақтар қояды. «Белгілі ақпараттар» тізімін түйін сөздер бойынша - әңгіме, кластерлер, дұрыс және дұрыс емесін мақұлдау және т. б.
Бірінші кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жеке, жұп және топ бойынша жүргізіледі.
Екінші кезең «Мағынаны ашу»
Кезеңнің мақсаты:
- жаңа ақпаратпен танысу;
- жаңа ақпараттармен өз білімімен ара - қатынас белгілеу.
- мұғалім ұсынған белсенді оқыту әдістерін қолданып, жаңа тақырып материалдарын тыңдайды, оқиды;
- жаңа ақпараттардың мәнін түсіну барысында мәтін шетіне белгі қояды немесе жазып алады;
- қарастырылған материалдармен жұмыс істеу барысында өз түсінгенін қадағалайды, алдына қойған мақсаттарына жету үшін белсенді әрекет етеді.
Белсенді оқу әдістерін қолдану:
- инсерт;
- екі жақты күнделік;
- қосымша журнал;
- сабақтың бірінші кезеңінде қойылған сұрақтарға белсенді түрде жауап іздеу
Бұл кезеңде жаңа ақпараттармен, ойлармен танысады, тиісті тақырыпқа байланысты кино көру, дәріс, әңгіме, тыңдау немесе тәжірибе - эксперимент жасау, мультимедиялық құралдарды пайдаланады. Сабақта жұмыс дара және жұп түрінде жүргізіледі.
Үшінші кезең «Ой толғау»
Кезеңнің мақсаты:
- қабылданған жаңа және ескі түсініктердің ара қатынасын ашу.
- оқылған материалды талдау және қорытындылау.
- тақырыпты мұнан әрі меңгеру бағытын анықтау.
- Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады.
- Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады.
- өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды.
- Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. - кластер құру
- әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады.
- түйін сөздерге қайта оралу.
- дұрыс және дұрыс емесін мақұлдауға қайта оралу.
- рефлексивті сұрақтар
- пікір алмасу.
- шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б.
Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі.
Ағылшын тілінде көптеген грамматикалық жаттығулар жасағанда Т кестесі стратегиясы маңызы зор. Қарама - қарсы сөздерді тере білу. Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтау қабілеттерін дамытады. Т кестесін тақырыпты ашарда пайдаланса, жаңа материалды түсінуге дайындық болады. Бұл стратегия жұпта, топта, жеке де орындала береді. Іс - тәжірибеде үй тапсырмасына да беріп жүрмін.
Жобаны оқыту тәсілдері
Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасын жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Кластер (топтастыру).Cluster Бұл тәсілдің авторы американдық Гудлат. Стратегияның мәні оқу материалын график түрінде жүйелеу, яғни мәтіннің маңызды бөлігін бөліп, график түрінде белгілі бір тәртіппен шоқ тәрізді орналастыру. Мысалы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту жоба кезеңдерін кластер түрінде былай келтіруге болады.
DRINKS Бұл тәсілді қызығушылықты ояту және ой толғау кезеңдерінде қолдануға болады.
Инсерт (insert) (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, таныс емес мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады:
«V» - білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» - түсінбедім, тереңірек білгім келеді
Кестені мәтіннің фрагменттері немесе толық абзац түрінде толтырады. Сонан соң оқушылар жұп болып немесе топпен өзара пікір алмасады. Түсініксіз болған ұғымдарды мұғалім түсіндіреді немесе басқа ақпарат көздерінен іздеуге үйге тапсырма беріледі. Мұнда оқушыларға таныс емес жаңа сөздерді іздеуге мүмкіндік туады, қызықты мәліметтер жаңа сөздік қорын толықтыратын болады. Венн диаграммасы - екі затты алып, олардың ерекшеліктері мен ұқсастықтарын салыстыру. Ағылшын тілінде Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлаудың өте тиімді жобасы Венн диаграммасы. Мен өз сабағымда тиімділігіне қарай үнемі пайдаланып отырамын.
«Синквейн» тәсілі. Мұны бес жолдан тұратын өлең деп те атайды. Бұл әрбір ой толғау кезеңінде қолданылады.
Синквейн жазу ережесі:
1) Бірінші қатарға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). Noun
2) Екінші қатарға тақырыпты екі сөзбен келтіруі (екі сын есім түрінде). Adjectives
3) Үшінші қатарға үш сөзбен осы тақырып бойынша іс - әрекет жазылады (етістік, көсемше). Verb
4) Төртінші қатарға төрт сөзден тұратын осы тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі. Phrasal verb or sentenses
5) Соңғы қатарға тақырып мәнін сипаттайтын бір сөзден тұратын синоним (метафора) жазылады. synonyms
Эссе стратегиясын ой толғау кезеңінде қолданған тиімді. Мұнда оқушылар тақырыптық ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін, өз ойын дұрыс жеткізіп, оқу материалының негізін анықтап, сол арқылы оларды өмірмен байланысын жазады. Сонымен қатар, Кубизм стратегиясы - кубик жасалынып, оның 6 қырына 6 түрлі тапсырма жазылады. Мұғалім кубті ортаға тастап, қай қыры түссе, оқушы сол қырындағы тапсырмаға жауап береді.
Білемін. Үйрендім. Білгім келеді. Бұл стратегияны 1984 жылы Чикаго университетінің профессоры Донна Огл шығарған. Оның мақсаты - таным үрдісінде рефлексивтілікті дамыту. Бұл ағылшын сабағында ой толғау немесе сабақты бекіту кезінде қолданған өте ұтымды. Осы берілген кесте арқылы оқушылардың білім білік дағдыларының қалыптасу деңгейін көріп отыра баланы әрі қарай дамыту жолдарын қарастыруға болады.
Білемін Үйрендім Білгім келеді
Топтың мүшелерін дамыту мақсатында уақытты үнемдеу арқылы оқушылардың барлығын тыңдауға мүмкіндік береді. Кестені толтыру барысында ұсыныстар және жаңа ойлар қосуға болады. Сонымен, Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасы әдістемелік тәсілдерін оқу үрдісінде қолданғанның нәтижесінде оқушылардың қабілеттері жандана түседі және мынадай білім прагдимасы қалыптасады.
- мотивацияның артуы;
- дербес іс - әрекеттің артуы;
- ойлаудың белсенді болуы;
- оқушылардың білігі мен біліктілігінің жан - жақты дамуы;
- логикалық ойлаудың жүйелілігін меңгеру.
Осы орайда ағылшын тілі сабағын өткізу кезінде көбірек пайдалатын стратегияларға тоқтала өттім. Бұл стратегиялар бұған дейін де өз шешімін тауып ,өз межесінде орындалып келе жатыр десе де болады. Әйтседе тіл үйренудегі маңызды стратегиялық жобалардың бірі Оқу мен Жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасы.
Келешек ұрпақтың ағылшынша сөйлеу тілі оқу мен жазу арқылы сыни ойлауы дамыса жетер жеңісі де, алар асуы да зор болмақ! Олай дейтініміз әлемдік стандарттарға сәйкес білім беру талаптары оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда ойлауды дамытуға негізделген. Алда тұрған басты міндет пен талап жас жеткіншек ұрпақтың саналы адамгершілік тәрбие мен сапалы сыни ойлайын жеке тұлға болып қалыптасуында.
7 сынып оқушылары шығармашылық жұмыстарын қорғап, қорытындылауда