- Учителю
- Открытый урок по английскому языку
Открытый урок по английскому языку
Тақырыбы: What did you do during the holidays?
Демалыс кезінде немен айналыстың.
Сабақ тақырыбы:
What did you do during the holidays?
Жалпы мақсат:
Past Simple грамматикалық шақ туралы толық түсінік беру, грамматикалық белгілерді сөйлемде ажырата және қолдана білуге үйрету, дағдыландыру. Ағылшын тілінде түсініп қана қоймай өз ойларын еркін жеткізуге баулу. Өзін-өзі бағалауға үйрету.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
Оқушылар грамматикалық белгілерді сөйлемде дұрыс қоя біледі, сөйлем дұрыс құруға үйренеді. Бір-бірін тыңдауға, түсінуге үйренеді, сонымен қатар жауап қайтаруға дағдыланады.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Интерактивті тақта (слайд-презентация, видеоролик)
Түрлі-түсті суреттер, үлестірме кәртішкелер, грамммтикалық кесте, бағалау парағы.
Оқыту әдістері:
Сұрақ-жауап
Жеке тұлғаға бағытталған технология
Деңгей бойынша оқыту
Эссе жазу әдісі Ойлан да тап әдісі
Сөйлемді аяқта әдісі
1. Диалог
2.Жұптық және жеке жұмыс
3. Түсіндіру әдісі
Тапсырмалар:
сұрақтарға жауап беру, сөйлем құру,тапсырмалар орындау.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті:
Сабақ кезеңдері мен әдіс-тәсілдер
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың көңілін көтеріп,сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сиқырлы қораптың ішінде жазылған сөздерді алғызып, оқытқызамын.
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар орнынан тұрып қораптың ішінде жазылған сөздерді алып, оқиды.
Кіріспе бөлімі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Үй жұмысын тексеру
Эссе жазу әдісі
Жеке тұлғаға бағытталған технология
Деңгей бойынша оқыту
Мұғалімнің іс-әрекеті
1 Менің жазғы демалысым атты шағын эссе
2 ҰлыБритания жайлы әр түрлі сұрақтар беремін.
3 Әр түрлі үлестірмелі кәртішкелер беремін.
Бағалау парағын таратамын.
Оқушының іс-әрекеті
1 Менің жазғы демалысым атты шағын эссесің оқып береді
2.Үлгерімі жақсы оқушылар Сұрақтарға жауап береді
3 Үлгерімі төмен оқушылар сәйкестендіру кәртішекесін орындайды.
Оқушылар белгілеп отырады.
Оқушылық деңгей
Сұрақ-жауап әдісі
Ойлан да тап әдісі
Ашық сұрақ қою
Сен демалыс кезіңде не істедің?
Бұл сұрақтар қандай шақта қойылды және жауап қандай шақта қайтарылды?
Өткен шақтағы екі адамның арасындағы диаолгты видероликті пайдаланып көрсетемін
Оқушылар демалыс кезіңде не істегенің айтып береді.
Оқушылар қойылған сұрақтар және жауаптар осы шақта болғанын айтады.
Оқушылар грамматикалық ережені дұрыс ескере отырып, орындайды.
Алгоритмдік деңгей
Мұғалімнің іс-әрекеті
Видеоролик қөрсетемін.
Оқушының іс-әрекеті
Оқушылар видеорик не туралы қандай шақ жайында айтылып жатқанын айтып береді.
Эвристикалық деңгей
Сөйлемді аята әдісі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Тақырыпты қаншалықты меңгергенін көру үшін мынадай тапсырма беремін.
Оқулықтағы диалогты оқытқызып, өздеріне аударғызамын.
Сабақ бойынша сөздер жинағын тапсырамын.
Оқушының іс-әрекеті
Кезекпен диалогтағы өткен шақты көрсететін сөзді не болмаса бұрыс етістіктерді атап айтады.
Үлгерімі орташа оқитын оқушы сөйлем құрайды.
Шығармашылық деңгей
Деңгейлік тапсырмалар
1 Өткен шақта диалог құруды тапсырамын.
2 Бұрыс етістіктерді пайдаланып сөйлем не болмаса сөз тіркестерін құрғызамын.
3 Бірнеше сөздерді дұрыс транскрипциясын екі бағанаға жазуға тапсырамын.
Үлгерімі жақсы оқушылар диалог құрып сахналап береді.
Үлгерімі орташа оқушылар сөйлем де сөз тіркестерін де жазып береді.
Үлгерімі төмен оқушылар екі бағанаға бөліп сөздерді жазады.
Қорытынды
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Өтілген тақырып бойынша оқушылар тақтадағы жазылған мәтінді өткен шақта жазуды тапсырамын.
Сабақ бойынша өткен метериалды естеріне түсіре отырып тапсырманы орындайды.
Рефлексия
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
«Екі жұлдыз ,бір тілек»
Сабақ бойынша ұнаған екі нәрсе және бір тілек не болмаса ұсыныс стикерге жазуларын ұсынамын.
Стикерге жазып мұғалімге ұсынады.