- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор (5 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор (5 сынып)
Оқу ісінің меңгерушісі:___________Жармуханов А.К
Сынып: 5 «а» , «ә»
Күні: 03.12.2015
Сабақтың тақырыбы: Сөздік қор
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: оқушыларға сөздік қор туралы түсінік туралы лингвистикалық білім беру, қаратпа сөздердің тыныс белгілерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту
-
Тәрбиелік: оқушыларды сабақта қолданылған материалдар арқылы адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
-
Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, салыстыру, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
137-жаттығу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
СӨЗДІК ҚОР
Жаңа тақырыпты меңгергенін тексеру.
№
Атаулар
Мысалдар
1
Туыстықты білдіретін атаулар:
ата, ана,нағашы, жиен, аға, жеңге, бөле, құда, т.б.
2
Мал атаулары:
жылқы, түйе, сиыр, қой, құлын, лақ, т.б.
3
Табиғат құбылыстарының атаулары:
күн, ай, жел, бұлт тау, тас,т.б
4
Аң -құс атаулары:
бүркіт, қаршыға, торғай, түлкі, қасқыр, аю, қоян, т.б.
5
Заттардың түр -түсін, сапасын білдіретін атаулар:
ақ, қызыл, ауыр, жеңіл, ащы, тұщы, жылы, суық, т.б.
6
Қимыл-қозғалысқа қатысты сөздер:
кел, бар, кет, сөйле, күл, тарт, ал, ал, айт, т.б
7
Анатомиялық атаулар:
бас, қол, аяқ, көз, тамақ, мұрын, бел, т.б.
8
Такмаққа қатысты атаулар:
ет ,сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, т.б.
9
Тұрмыс қажетіне қатысты атаулар:
қазан, ожау, қасық, жастық, киіз, т.б.
10
Сан атаулары:
бір, үш, жеті, тоғыз, елу, т.б.
11
Есімдіктер:
мен, біз, сен, ол, кім? не? т.б.
ІV. Оқулықпен жұмыс
138-жаттығу. Мәтіннен сөздік қорға енетіндей сөздерді теріп жазу. (жазбаша)
Көз, түркі, жыл, сиыр, кір, сен, ұлу, тауық, адам, дән,жем, тер, жүр, су, мол, ол, доңыз, қар, қалың, суық, халық,
139-жаттығу. Оқып шығып, Махмұд Қашқари нелер туралы жазғанын айтыңдар. Мәтіндегі сөздерді сөздік қорға жатқызуға бола ма? Себебін айтыңдар. Осы атаулар қазіргі тілімізде қолданыла ма? Мысалмен дәлелдеңдер.
140-жттығу. Батаны мәнерлеп оқу. Батаны жаттап алыңдар. Әр жолдағы айтылған ойға түсінік беріңдер. Сөздік қорға жататын сөздерді атап ауызша айт.
141-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Сөздік қорға жататын сөздерді ауызша тауып айту. . (ауызша)
142-жаттығу. Оқыңдар.
Антонимін жазу.
Дүниеге келді- дүниеден озды.
Дос-дұшпан
Сүйікті-сүйксіз.
Мәңгілік- уақытша
Туыстық атаулар: ата, келін, немере,
V. Сабақты қорыту: Сөздік қордың негізгі белгілерін жинақтау.
-
Бағалау
-
Үй тапсырмасын беру:
1. Сөздік қор туралы түсінік.
2. 143 - жаттығу