7


  • Учителю
  • Разработка урока на тему Әдептілік. Қазақ тілі 6 сынып. Учитель казахского языка и литературы Нурмагамбетова Бибигуль Тулегеновна.

Разработка урока на тему Әдептілік. Қазақ тілі 6 сынып. Учитель казахского языка и литературы Нурмагамбетова Бибигуль Тулегеновна.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі 6 сынып



Сабақтың тақырыбы: Әдептілік.

Сабақтың мақсаты: ауызекі сөйлесу қабілетін дамыту, сөздік қорын молайту.

  1. Білімділік: жаңа тақырып негізін түсіндіру, жаңа сөздер үйрену.

  2. Дамытушылық: сабақта үйренген жаңа сөздерді әр түрлі қатынасқа түсіре алу.

  3. Тәрбиелік: өзгенің пікірін тыңдай отырып, өз ойын айтуға дағдыландыру, әдептілікке, сыйластыққа, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: карточкалар

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) Кіріспе сөз

- Қазір қай ай?

- Бүгін қай күн?

- Дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар.

- Балалар, бүгін сендерде неше сабақ болады?

- Қазір қай сабақ?

II. Жаңа сабаққа кіріспе.

  1. Қане, балалар, өз ойларыңды айтыңдаршы. Қазір сабақ аяқталғанда қоңырау соғылады, сендер үзіліске шығасыңдар. Есікке барғанда мұғалім қарсы жолықты дейік, сонда сендер не істер едіңдер? (жол береміз

Жол берген балаларды қандай бала деп айтамыз?(әдепті бала).

  • Мына қанатты сөзді оқыңдаршы.

Әдептілік - әдемілік.

  • Бұл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дұрыс, әдепті адам мейірімді болады, тек жақсылық жасайды, ондай адамның жүрегі таза, мейірімді, адам өз ісімен әдемі болады.

  • Сонымен, біздің сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?(Әдептілік)

  1. - «Әдептілік» деген сөзді естігенде қандай сөздерді елестетесіңдер?

Ең алдымен жеке-жеке жазасыңдар. Енді жұппен салыстырыңдар.

Топпен жұмыс. Әр топтан бір кісі айтады.

жол береді

Әдептілік әдепті

көмектеседі жақсы

мейірімді ақылды

орын береді амандасады

  • Енді осы сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

(жақсы адам, мейірімді бала, ақылды дос, үлкенге көмектесу)

  • Сөйлем құрастырыңдар.

(Мен қарт әжеме көмектесемін)

  1. Мәтінмен жұмыс.

А) сөздік жұмыс.

Мәтінді оқып орыс тіліне аудырыйық. Ал бірінші мәтінде кезігетін жаңа сөздермен танысайық.

Дайындалады 1) сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру

Риза болды

Сыйлау



Күліп тұрды

Ұялды

Ә)Мәтінмен жұмыс (Мәтіннің 1-бөлігін оқушыларға таратып беремін)

- Мәтінді оқып орыс тіліне аударайық

- Қалай ойлайсыңдар, ары қарай не болды?

(балалар орын береді, сөмкесін көтеруге көмектеседі).

  • Үлкенге неге орын беру керек?

  • (үлкенді сыйлау керек)

  • Сендер аян мен арманның орнында не істер едіңдер?

  • Ал енді оқиық ары қарай не болды екен(мітіннің 2-бөлігін оқушыларға таратамын).

  • - Сендердің ойларыңша қари әже ол екі алманы кімге береді?

  • Әңгімені аяқтап дәптерлеріне жазыңдар.

  • Әңгімені қалай аяқтадыңдар? Кім оқиды?

  • Ал енді әңгіме қалай бітеді екен, соны оқиық. (мәтіннің 3-бөлігін оқушыларға тараттым).

(оқушылар оқиды, орыс тіліне аударады)

  • Әженің мейірімділігін қай жерден көресіңдер?

  • Арман алмасын жеуге неге ұялды?

  • Мәтінді оқыдық. Қалай ойлайсыңдар әңгімені қалай атауға болады?

Б) Сөйлем құрастыру.

Мен ... сыйлаймын.

(қарт, әжемді)

  • Сөйлемді тағы созуға бола ма?

В) 5 жол тақпақ құрастыру.

Әдепті бала

Ақылды, мейірімді.

Көмектеседі, сыйлайды, орын береді.

Әдепті бала үлкенді сыйлайды.

Жақсы дос.

III Қорытынды.

  • Сонымен, балалар, жақсы адам болу үшін әдепті, мейірімді болу керек.

  • Сабақта қандай жаңа сөздермен таныстық? (сыйлау, риза болады)

  • Сөздерді жазып қояйық (басқа түспен жазамын).

  • Сабақта әдептілік, әдемілік туралы әңгімелестік. Қай жерде болса да үлкен адамға орын беруді ұмытпаңдар, үлкенді сыйлаңдар.

  • Қандай жақсы тілектер айтасыңдар, соны жазыңдар (әр балада гүлдің суреті бар, оқушылар гүлге тілектерін жазып бұтаққа іледі)

  • Қандай жақсы тілектер!

  • Ал көктем бізге не сыйлайды?(гүл, су, күн, таза ауа, бақыт, қуаныш, мерекелер сыйлайды)

  • Дұрыс, көктемнің сыйы бізге көп.

Үйге: тәрбие туралы мақал-мәтелдерді жаттап келу.

Бағалау

Қоштасу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал