7


  • Учителю
  • Қазақ пен қонақ. Етістіктің жіктелуі. 10-сынып.

Қазақ пен қонақ. Етістіктің жіктелуі. 10-сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, етістіктің жіктелуін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; б) тәрб
предварительный просмотр материала

Кастуганова Л.К

Орал қаласы

№26 ОЖББМ

қазақ тілі мен

әдебиеті пәні

мұғалімі



Сабақтың тақырыбы: Қазақ пен қонақ. Етістіктің жіктелуі . 10-сынып.

Сабақтың мақсаты:

а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, етістіктің жіктелуін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарды білуге, білім алуға ұмтылуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Күтілетін нәтиже: етістік, оның жіктелуін меңгеру, ұлттық салт-дәстүрлер туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Мақал-мәтелдерді жатқа айту, жаңа сөздер, ережелер.

Сұрақтар қою:1) Адамгершілік ұшқынына нелер жатады ( мәтін бойынша)

2) Ер адамдар қандай болуы тиіс?

3) Адамгершілік қасиеттер біздер үшін қажет пе?

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Сөздікпен жұмыс ( жаңа сөздерді жазып, дұрыс сұрақ қойып, етістіктерді көрсетіп, синонимдерін тауып, сөз тіркесін құру)

  2. Топпен жұмыс (3 топқа бөлу, 1 топ - мәтінді оқиды, 2 топ мәтіннен диалог құрастырады, 3 топ мәтін бойынша 2 топқа сұрақтар қояды)

38 бет мәтінмен танысу. Мәтін бойынша сұрақтар қою:

  • Халқымызда қандай әдет-ғұрып қалыптасқан?

  • Қазақ қонағына нені сақтаған?

  • Ел ішінде қандай жақсы сөз қалыптасқан?

  • Бұл қандай мағынаны береді?

  • Қазақ халқы қандай ақ тілек айтқан?

  • Қазақ дастарқаны үстінде не айтылмайды?

  • Бола қалған жағдайда қандай ескерту жасаған?

  • Дастарқанда қалай отырмайды?

  • Қалай тамақ іштейді?

  1. Мәтінде кездескен етістіктерді тауып, оқып, дұрыс сұрақ қою сызбаны толтыру (2 оқушы 5 сөйлемнен, тұлғасына қарай (негізгі, туынды), құрамына қарай (дара , күрделі)

  2. Мәтіннен 1 сөйлемге синтаксистік талдау жасау.Қонақ сөзін септеу, тәуелдеу, жіктеу, жаңа сөздер тудыру

  3. 2-3 оқушыға топшамамен жұмыс беру.

1 тапсырма. Берілген мақал- мәтелдерді оқып, ондағы етістіктерді құрамына қарай талдап, болымды ж/е болымсыз етістіктерді табу.

Ереже: Етістік жекеше түрде де, көпше түрде де жіктеледі. Түбір етістікке жіктік жалғауы тура жалғанбайды, тек шақ жұрнақтарынан кейін барып жалғанады.

ІV. Бекіту бөлімі

Қазақ қандай халық? ( тірексызба арқылы көрсету). Бес жол арқылы бекіту. (кім, қандай, не істейді, синоним, сөйлем)

V. Үйге тапсырма

Мәтіннен бес етістікті жекеше, көпше жіктеу, мақалдарды жаттау, ережелер

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал