7


  • Учителю
  • План урока по казахскому языку в 8 классе на тему:» Кітапханадағы жұмыс»

План урока по казахскому языку в 8 классе на тему:» Кітапханадағы жұмыс»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 8 сынып.          Қазақ тіліКүні: Сабақтыңтақырыбы: Кітапханадағы жұмыс Сабақтың мақсаты: Сөйлемгетүсінік беріп,  ажырата үйрету. Оқу,оқығанды түсініп жалғастыру, қосымша мәлімет айту арқылы сөйлеудағдыларын дамыту, жай сөйлемді ажырата біліп, ережесін есіңе сақтау.
предварительный просмотр материала

8 сынып. Қазақ тілі Күні:

Сабақтың тақырыбы: Кітапханадағы жұмыс

Сабақтың мақсаты: Сөйлемге түсінік беріп, ажырата үйрету.

Оқу, оқығанды түсініп жалғастыру, қосымша мәлімет айту арқылы

сөйлеу дағдыларын дамыту, жай сөйлемді ажырата біліп, ережесін есіңе

сақтау.

Өз туған елі, жері туралы білімдерін кеңейтіп, сүйіспеншілік сезім тудыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

а)Сәлемедесу:Сәлеметсіздер ме? Отырыңыздар.

ә)Түгендеу: Кезекшіге сынып тізімін беріп белгілету.

б)Уақытына қарай қосымша сұрақтар қою.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1-тапсырма. Мәтінмен танысып, сұрақтар дайындау. Сұрақтарға өзара жауап беру.

2-тапсырма. Сызбалар бойынша мәтін құрау.

І. Кітапхана

Мәдени-ағартушылық мекеме

түрі

көпшілік ғылыми және арнаулы

ІІ.Ғылыми және ғылым салалары

арнаулы белгілі ұйымдарға қызмет етеді.

кітапханалар мекемелерге,

оқу орындарына

ІІІ. қоғамдық-саяси

Көпшілік кәсіптік басылымдар ұсынады.

кітапхана жалпы білім беретін

ІV. Кітапхана түрлері

ғылыми арнаулы

*мемлекеттік *техникалық

*академиялық * өндірістер жанындағы

*университеттік * ғылыми-зерттеу институттарының

*салалық * жоғары оқу орындарының

3-тапсырма. Берілген мәтінді пайдалана отырып, кітапханашы мен оқырман арасындағы диалог дайындау.

Кітапханада

Мектеп кітапханасы екінші қабатта орналасқан. Кітапхананың іші кең, таза, жарық. Мұнда қазақ, шетел, орыс ақын-жазушыларының шығармалары бар. Жұлдыз кітапханаға келді:

-Сәлеметсіз бе!

-Қайырлы күн!

-Маған Қазақстан балалар жазушылары шығармаларының жинағы керек еді.

-Бізге бұрын жазылып па едің?

-Жоқ, өйткені бұл мектепке жақында ауыстым.

-Аты-жөніңді айтшы.

-Қонаева Жұлдыз.

-Қай жылы тудың?

-1997 жылы.

-Мекенжайыңды айтшы.

-Ә.Молдағұлова көшесінің 4-үйінде тұрамын.

-Саған балалар жазушылары шығармаларының жинағын берейін.

-Рақмет! Сау болыңыз. Енді мен жиі келіп тұрамын.

-Сау бол. Келіп тұр.

4-тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

1.Мектеп кітапханасынан басқа кітапханаға барып, сабаққа дайындаласыңдар ма?

2.Қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарын үйге бере ме? Қанша күнге береді?

3.Кітапхананың оқу залында жиі жұмыс істейсіңдер ме?

4.Сабақта қосымша әдебиеттерді пайдаланасыңдар ма?

«Сұрақтар мен жауаптар» ойыны

Ойынды материалды өз бетінше игерудің бірінші кезеңінде, яғни сөйлеу бөлімінің бірінші сабақтарында өткізуге болады.

I тур

Оқушылар, әдеттегідей, партада қатармен отырады. Барлығы 6 қатар.

1 қатар

2 қатар

3 қатар


Мұғалім әр жұпқа барлық игеріліп жатқан тақырып бойынша 10 сұрақ жазылған қағаздарды таратады (немесе тақтаға жазады), 20 минут ішінде әр жұп оқулықтардан жауап іздеумен айналысады.

II тур

1 және 3-қатарда отырған оқушылар орын ауыстырды, 2 және 3-қатарлар да солай істейді, яғни жаңа жұптар пайда болады.

1-қатар + 2-қатар

1-қатар + 3-қатар

Енді қатар отырған оқушылар кезекпен бір-біріне сұрақтарды қоя бастайды (сұрақтардың бұрынғы тізімі бойынша).

Әр оқушыда жауаптарды бағалау үшін жеке бланк болады.

Осылайша оқушы тек жұп (немесе тақ) сұрақтарға ғана жауап береді. Әр жауаптың уақыты - 2 минут. Бағаны екіншісі қояды.

III тур

II турдағы жұмыс біткеннен кейін қатарлар қайтадан алмасады.

Енді кездесетіндер: 1-қатар + 3-қатар

2-қатар + 3-қатар

1-қатар + 2-қатар (қатарлардың нөмірлері ойын басынан сақталады). Басында берілген сұрақтардың тізімі бойынша оқушылар бір-бірін қайтадан тексереді. Егер II турда оқушылар жұп нөмірлері сұрақтарға жауап берсе, онда III турда тақ нөмірлері сұрақтарға жауап береді.

1. Мектеп кітапханасынан басқа кітапханаға барып, сабаққа дайындаласыңдар ма?

2. Қажетті әдебиеттер мен оқу құралдарын үйге бере ме? Қанша күнге береді?

3. Кітапхананың оқу залында жиі жұмыс істейсіңдер ме?

4. Сабақта қосымша әдебиеттерді пайдаланасыңдар ма?

5-тапсырма. Оқыңыз, қызық!

Түйе үстіндегі кітапхана

Персиялық ғалым Уазыр Сахиб кітапты ерекше жақсы көрген адам екен. Оның сан мыңнан аса қоры бар үлкен кітапханасы болыпты. Ол әрі мемлекет қайраткері, әрі әскери адам болғандықтан, өмірінің тең жартысын ат үстінде, жорық жолында өткізген. Бір қызығы, ол жорыққа аттанғанда өзімен бірге осы кітапханасын да алып шығады екен. Кітапты артуға 400-дей түйе бөлінетін. Кітап артқан түйелер керуені бейне бір каталог сияөты болған. Түйелер барлық жорық жолында алфавит бойынша тізіліп жүрген. Ал кітапханашылар Уазыр Сахибқа кез келген уақытта керекті кітабын тез тауып апарады екен, сөйтіп түйе үстіндегі кітапхана басқа да жауынгерлердің рухани азығы болған.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 5-тапсырма бет 264.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал