7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку 'Мемлекеттік тіл'

Конспект урока по казахскому языку 'Мемлекеттік тіл'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырып

Мемлекеттік тіл 203 б

7 сынып


Күні:


Мақсаты

Мемлекеттік тіл-қазақ тілінің мәртебесін түсіндіру. Мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету.Осы шақ туралы түсінік алады.

Күтілетін нәтиже

Еркін ойлайды, жан-жақты ізденеді, белсенділігі асады. Мемлекеттік тіл туралы түсінеді. Түсінгенін айта алады. Осы шақтан білім алып, алған білімдерін практикалық жолмен меңгереді.

Қолданылатын

модульдер,


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+ Оқытуды басқару және көшбасшылық

әдіс-тәсілдер

Диалогтік оқыту, топтық әңгіме, миға шабул,

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

(5мин)

Психологиялық тренинг

Сыныптан екі оқушы бүгінгі сабағымыздың эксперті болады. Бұл оқушылар сабақ аяғына дейін тақырып бойынша сабақтың қорытындысын шығаратын мәтін жазады.


Қалғанымыз топқа бөлінеміз.

Сыныпты 3топқа геометриялық фигуралар арқылы бөлу.


Бағалау: алдарыңдағы қағаздарға аты жөндеріңді жазасыңдар. Топ ішінде бағалаушы адамды сайлайсыңдар. Бағалау критериилері тақтада жазылып тұр.

Әр дұрыс жауапқа бір жұлдызша жапсыру. Сабақ аяғында жұлдыз санына байланысты бір бірімізді бағалаймыз.

Сабақ алдында психологиялық тренингке қатысады

Психологиялық жағдай:
- Балалар, бүгінгі сендердің көңіл-күйлерің қандай?

Бір бірімізге жылы тілектер айтайық.

Екі оқушы А4 қаңазы беріліп, соңғы партаға отырады.

Сынып үш топқа бөлінеді.

Түсінбегендері сұрақ қаяды.

Суреттер

Үй тапсырмасын тексеру 4 мин

Ана тілім-әнім өлеңін жаттау немесе Ана тілі мәтінін мазмұндау.

Оқушылар үй жұмысын айтады.



Қызығушылықты

ояту

(3мин)

«Ойланып көрейік» ойыны.

Қазақстан Республикасы, қазақ тілі, тіл біу, 1989жыл 22 қыркүйек, Конституция, Тіл туралы заң, ұлттық мақтаныш.

Осы сөздерді не байланыстырып тұр? Кілт сөз қандай? (Мемлекеттік тіл)

Сабақтың тақырыбы қандай?

Сабақта не туралы сөйлесеміз?

Сабақта не білеміз?

Оқушылар ортақ сөзді табады.


Сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мақсатын шығарады.

Мағынанытану (20мин)

1.Жаңа сөздермен таныстыру.

Тарих -история

Ұрпақ- поколение

Мәртебе - статус

Өркендеген - процветающий

Мәдениет -культура

Ғылыми - научный

Ресми - официальный

іс-қағаздар- деловые бумаги

2.Мәтінмен жұмыс.


1-топ мәтіні.

Қазақ тілі -қазақ халқының ана тілі. 1989 жылы 22 қыркүйек айында Қазақстан Республикасы тілдер туралы Заң қабылданып,қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алды.1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Конституцияның 7-бабында былай делінеді:Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

2-топ мәтіні. Қазақ жазуы төмендегідей жазу түрлерін қолданды: араб жазуы, латын жазуы және орыс жазуы.Соңғысын қазір де қолданылып келеді. 1929 жылға дейін араб алфавитін қолданды, 1929- 1940 жылдары латын алфавитін, 1940 жылдан орыс алфавитін қолданамыз.

3- топ мәтіні. Конституциямыздың 7-ші бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі» деп көрсетілген. Мемлекеттік тілді білу - әрбір Қазақстан азаматының борышы. Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады. Ол сөз құрылымы жағынан жалғамалы тіл болып табылады. Қазақ тілі өте бай, көркем тіл.

22 қыркүйек қазақстан халықтарының тілдері күні. Әр ұлттың өз ана тілі бар. Туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады, ана сүтімен бойға сіңеді.


Біз жаңа мемлекеттік тіл туралы мәтін оқып отырмыз. Мәтінмен танысып отырмыз. Бір бірімізге сұрақтар қоямыз. Түсінеміз. Балалар, мен айтып тұрған етістіктер қай шақта тұр?

Етістіктің қай шағы деп аталады?

Топтарға жұмыс: Осы шақ ережесін шығару. Дәлелдеу.Мысалдар келтіру.

Грамматикалық тақырып:

Осы шақ : дара (отыр, тұр, жүр, жатыр жіне жіктік жалғауы) , Күрделі (-а, -е, -й ,- ып,-іп,

-п жұрнақтары және отыр, тұр, жүр, жатыр жіне жіктік жалғауы), ауыспалы осы шақ:

етістік + а,е,й+ж.ж.

Мысалы: Мен сабаққа дайындаламын.

Деңгейлік тапсырмалар.

І топ: «Мемлекеттік тіл» тақырыбына етістіктерін нақ осы шақта қойып сөйлем құрастыр.

ІІ топ: «Мемлекеттік тіл» тақырыбына етістіктерін ауыспалы осы шақта қойып сөйлем құрастыр.

Ш топ: құрметтеу етістігін жекеше, көпше түрде жіктеу.

Жаңа сөзбен жұмыс, сөздік дәптерге жазады, олармен сөйлем құрайды

1.Әр топ өз мәтінін топ ішінде түсініп оқиды.

2.Көрші топтарға дауыстап оқиды.

3.Мәтін бойынша сұрақ құрастырып, топтарға қояды.


Топтар ереже шығарады, дәлелдейді.

І топ: «Мемлекеттік тіл» тақырыбына етістіктерін осы шақта қойып сөйлем құрастырады.


ІІ топ: «Мемлекеттік тіл» тақырыбына етістіктерін ауыспалы осы шақта қойып сөйлем құрастыр.

Ш топ: құрметтеу етістігін жекеше, көпше түрде жіктейді.

Мадақтау


Формативті баға

Оқулық,

Мәтін жазылған парақша

Сергіту сәті


сергіту сәтін ұйымдастырады


Сергіту сәтін орындайды



Қорытындылау /7мин/

Хронологиялық шежіре

Хронологиялық кестені копьютерде толтырады.


Жазу дәптері, оқулық

Уақыт


оқиға

1072-1929

1929- 1940

1957

1989 ж 22 қыркүйек

1997 ж

1995 ж 30 тамыз

2015 ж 18 желтоқсан


Рефлексия

Соңғы партада отырған эксперттерді тыңдау.


«Алақан» рефлексиясын толтыру.

Эксперттерді тыңдайды.


«Алақан» рефлексиясын толтырады.


Бағалау

Сабақ барысында жұмыс істегендеріне жинаған жұлдызшаларымызды көтеріп көрсетеміз, критериилер бойынша өзімізді бағалаймыз.

Күнделіктеріне баға қойғызу

Суммативті баға беру.

Күнделік

Үйге тапсырма


Оқушыларға үй тапсырмасын орындалу тәртібін түсіндіреді. Ережені жаттау,

1 тапсырма 203-бет мәтінді мазмұндау.


Мұқият тыңдайды. Күнделікке жазып алады.


Күнделік



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал