7


  • Учителю
  • Разработка по казахскому языку на тему 'Таңғы, тускі ас' (5 класс)

Разработка по казахскому языку на тему 'Таңғы, тускі ас' (5 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Сабақтың тақырыбы: Таңғы ас,түскі ас,

Сабақтың түрі- дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі- Білім мен іскерлікті қалыптастыру

Сабақтың мақсаты: білімділік-Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығыс септіктің жалғану жолдарын түсіндіру; түскі ас пен тамақтану ережелері туралы білімдерін жинақтау, топтау, қорыту.

тәрбиелік - денсаулықтың кепілі- дұрыс тамақтану, тамақтану ережелерін сақтауға баулу.

дамытушылық- Мәтін мен мақал- мәтелдер мазмұны арқылы ойлау, түсініп оқу, ауызекі сөйлеу, сауатты жазу қабілеттерін дамыту.

Сабақта қолданатын көрнекі құралдар- белсенді тақта, оқулық, жеке тапсырмалар

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа деген дайындығын тексеру. Кезекшілер диалогі:

- Сен қандай сүт өнімдерін білесің?

-Қазақтың ұлттық тағамдары қандай ?

- Таңғы ас туралы қандай мақалды белесің ? т.б.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Сөздер мен ереже жаттау (зат есімнің септелуі) «,Таңғы ас» мазмұндау


3 Сөздікпен жұмыс

Ас мәзірі-меню

қою тамақ-вторые блюда

сұйық тамақ-первые блюда

сусын -напитки

түскі-обеденный

әртүрлі-разнообразная

қабылданады- принимается

болуға тиісті -должен быть

палау-плов

мәнті-манты

шырын-сок

ас ішер алдында-перед едой

асықпай-не торопясь

Берілген сөздермен сөз тіркестер мен сөйлемдер құрастыру


4. Жаңа сабақ

ә/ Мәтінмен жұмыс Мәтінді түсініп оқу, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру, сөздерді сөз құрамына талдау

Түскі ас

Тәуліктік ас мәзірі әртүрлі болу керек. Түскі аста негізгі тамақ қабылданады.

Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам , қою тағам және тәтті тағамнан тұрады. Ас мәзірі мынандай болуға тиісті: сұйық тағамға- борщ немесе салма, қою тағамға -палау немесе мәнті, сусындардан- бір стақан сүт, шай немесе кофе.

  • Балалар, тамақтанудың қандай ережелері бар?

Тамақтану ережелері:

  1. Өз уақытында тамақтану керек.

  2. Ас ішер алдында қолыңды жуу керек.

  3. Тамақтану кезінде теледидар қарауға, кітап оқуға болмайды.

  4. Тағамды асықпай жеу керек.

  5. Тамақты көп жемеу керек.


5. Бекіту ә/ ауызша жұмыс а/ 67- бет Шығыс септік

Жұппен жұмыс

а/ Тапсырма: Бауырсақ -ұннан, жұмыртқадан, сүттен, тұздан, ашытқыдан жасалады.

-Шығыс септік сұрақтары қандай?

- Жалғаулары қандай?

-Қалай жалғанады?

-Борщ неден жасалады? (еттен, сорпадан, орамжапырақтан, пияздан, картоптан, қызынақ пастасынан жасалады)

-Мәнті неден жасалады? (еттен, пияздан, сарымсақтан, тұздан, ұннан жасалады )

Ас, тамақ туралы қандай мақал-мәтелдерді білеміз?

ә/Жеке тапсырма 1

-Сен түскі асты қайдан ішесің? /үйден/

-Түскі ас мәзірі неден тұрады? /Түскі ас мәзірі салат, сұйық тағам , қою тағам және тәтті тағамнан тұрады.

Жеке тапсырма 2 мақалды қалай түсінесің? /аудар/

Тату үйдің тамағы тәтті. В дружной семье и еда вкусная.


Жеке тапсырма 3 мақалды қалай түсінесің? /аудар/

Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады.

Керекті сөздер: тоқ сытый, аш- голодный, ұйқы-сон, басады-одолевает, қашады-убегает.

Сытого человека сон одолевает,

От голодного человека сон убегает.

Жеке тапсырма 4 мақалды қалай түсінесің? /аудар/

Асы бар аяқтан аттама.

Керекті сөздер:аяқтан-синонимі: ыдыстан

Не переступай посуду с едой

Жеке тапсырма 5 мақалды қалай түсінесің? /аудар/

Жаманнан жарты қасық ас қалар.

Керекті сөздер:жаманнан- синонимі:жаман адамнан; қалар-остается

От плохого человека остается пол ложки еды

Мақалдарды тақтадан жазу

6.Бағалау

7. Үйге тапсырма беру

Септіктер қайталау, сөздер жаттау, «Түскі ас» мазмұндау, мақал-мәтелдерді есте сақтау



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал