7


  • Учителю
  • Разработка урока английского языка. Тема урока: Foods and drinks

Разработка урока английского языка. Тема урока: Foods and drinks

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы

Тағамдар мен сусындар

Сілтеме

Оқу жоспарының бөлігі

Сабақ мақсаты

Тағамдардың аттарымен танысу. Саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата білу.

Оқытудың нақты нәтижесі

Бұрыннан таныс тағамдардың аттарын еске түсірді. Жаңа сөздермен танысты. Саналатын және саналатын зат есімдер жайлы ережелермен танысты, ажырата білді. Мысалдар келтіре алды.

Сабақтың идеясы

Ас-адамның арқауы. Bread is staff of life

Сабақтың мазмұны

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі


Топқа бөлу.


Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.

Шеңбер құру. «Көңілді күн» әніне билеу. Жақсы билегендері үшін сыйлыққа смайликтер тарату.


Кезекші оқушы жауап береді. Шеңберге тұрады. Билейді.

Таратылған смайликтер бойынша топқа бөлу.

Формативті

Смайликтер

Өткенді еске түсіру


Үй тапсырмасын сұрау


Миға шабуыл.

Бұрыннан таныс тағамдардың аттарын еске түсіреді, тіл жаттыққанша қайталату


Сөздерді тізбектеп жазады, оқиды.


Шапалақ

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсатымен таныстыру



1 тапсырма

Жаңа сөздермен танысу

(Слайд+үнтаспадағы сөздердің дыбысталуымен танысып, айтып үйренеді)

1.Естиді

2.Қайталайды

3.Аудармасымен танысады


2 тапсырма

Грамматика. Саналатын және саналмайтын зат есімдер.

(видео)

Ережемен танысады. Ой бөліседі. Мысалдар айтады.

Тапсырманың дұрыстығына байланысты формативті мақтау алады

3 тапсырма

Грамматикалық тапсырманы бір-біріне түсіндіру немесе білімді өз еріктерімен меңгеру үшін «Аквариум» стратегиясы.

Түсінген оқушылар түсінбеген оқушыларға түсіндіреді

Мұғалімнің мадақтамасы

4 тапсырма


Топтық жұмыс. Т кестесін толтыру.

І топ - Саналатын және саналмайтын тағамдар

ІІ топ - Тағамдар және сусындар

ІІІ топ - Денсаулыққа пайдалы және зиян тағамдар

ІV топ - жемістер мен көкөністер

Кестені толтырады.

Дәлелдің құндылығына байланысты мадақтау

Кері байланыс

Автобус аялдамасы

Бір-бірінің кестесіне толықтырулар жүргізеді, қатесін түзейді

Смайлик арқылы өзін-өзі бағалау

Сергіту сәті

«I like food» өлеңі

Әнді қимылмен көрсете отырып айтады.

Өте жақсы деген мақтау алып орындарына отырды

Сабақ қорытындысы

Жұптық жұмыс

-What Food do you like?

-What is your favorite food?

Диалог құрады. Жұптасып сөйлеседі

Әр оқушының пікірі тыңдалады. Шапалақ арқылы бағалау. «5» -5 шапалақ, «4» -4 шапалақ, «3» - 3 шапалақ

Үй тапсырмасын беру

Сөздік жаттау. Ұнататын және ұнатпайтын тағамдары жайлы жазу.

I like …., ….., ….. but I don't like …., ….., …… .




Сабақ жоспары жайлы қысқаша мәлімет



6-сыныпта өткізілген «Тағамдар мен сусындар» тақырыбындағы ашық сабақ жоспары ІІІ деңгейлі курс бағдарламасы бойынша жоспарланды. Сабақтың мақсаты: Тағамдардың аттарымен танысу. Саналатын және саналмайтын зат есімдерді ажырата білу. Сабақтың түйінді идеясы «Ас-адамның арқауы», « Bread is staff of life». Сабақта оқушылар топтық жұмыстар арқылы ынтымақтастықпен жұмыс жасауға тәрбиеленеді. Сабақ шаттық шеңберіне тұру және топқа бөлуден басталады. Сонымен қатар сабақта АКТ-сы кеңінен қолданылады. Оқушылар тағамдар мен сусындардың атауларын және дыбысталуын арнайы бейне материал арқылы көріп, тыңдап үйренеді. Аталған заттарға байланысты саналатын және саналмайтын зат есімдер жайлы мәліметті грамматикалық видео арқылы меңгереді. Сабақта Кембридж бағдарламасының әдістемесі бойынша қабілетті оқушымен жұмыс, көшбасшылыққа ұмтылу, смайликтер тарату, қол шапалақтау сиақты бағалау түрлері қолданылады. Осы сабағымда Т кестесін толтыру, автобус аялдамасы, Аквариум стратегияларын қолдану арқылы топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Модульдердің өзара ықпалдасуы арқылы оқушылар сапалы білім алды деп ойлаймын.



Пән мұғалімі: Абдулаева Жадра Маутхановна









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал