7


  • Учителю
  • Урок по казахской литературе: Жыраулар поэзиясы. Күлтегін

Урок по казахской литературе: Жыраулар поэзиясы. Күлтегін

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

С А Б А Қ №3


Тақырып: Жыраулар поэзиясы. Күлтегін.

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Күлтегін жырының идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін меңгерту.

2.Дамытушылық: әңгімелесу,салыстыру,жалпылау әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың

ойлау қабілеттерін,тілін дамыту.

3.Тәрбиелік: қазақ ежелгі дәуір әдебиетінің шығармаларын білу, мақтан ету,оқушылар

арасындаға адамгершілік, сыйластық тәрбиелеу .

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың әдістері: әңгімелесу,сұрақ-жауап,мәтінмен,көрнекілікпен жұмыс

Оқыту формалары: жеке,топпен,өздік,тірек сызбалар жасау, т.б.

Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютер,теледидар,бейнематериалдар,кітап көрмесі.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, сурет,орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу,сынып кезекшілерімен тіл дамыту жұмысы, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

2.Үй жұмысын тексеру: «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы» атты реферат тындау.

3. Жаңа сабақ:

1. Мұғалімнің сөзі:

- Орхон-Енисей ескерткіштері Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендері жағасынан табылдықтан солай аталған. Орхон-Енисей ескерткіштерін алғаш тапқандар: швед офицері Иоганн Страленберг және орыс ғалымы Н.М.Ядринцев. Олар тастарға ойып көне түркі тілінде жазылған.1893 жылы Дания ғалымы Вильгелм Томсен Орхон-Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі», «түрік» деген сөздер екен. Ал орыс ғалымы В.Радлов мәтінді орыс тіліне тәржімалаған. Онда VІ-VІІІ ғасырлардағы алып держава - Түрік қағанатының құрылуы, оның Күлтегін сияқты даңқты қағандарының ерлігі жайында баяндайды. Күлтегін ескерткішінің көшермесі 2001жылы Астана қаласына әкелінген.

I.Ой қозғау - побуждение

Сынып оқушылары «Күлтегін» түсініп оқып шығады.

1 топ -мәтінді оқып,мазмұнын айтуға дайындалады

2 топ - мәтін бойынша 1-3 сұрақтармен жұмыс істейді, өз пікірлерін айтады.

II. Жаңа тақырыптың мағнасын ашу - осмысление

Сұрақтармен жұмыс:

1. «Түрік халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым» деген сөздердің патриоттық мәнін айтыңдар. - 1 топ оқушылары.

2. Татулық, достық туралы қалай көрсетеді. - 2 топ оқушылары.

III. Балалрдың ой-пікірлерін білу, анықтау - рефлексия.

1. «Инсерт» стратегисы бойынша сабақта алған білімдерің көрсету.


бұрыннан білемін

бүгін сабақта білдім

білгім келеді

Үйге тапсырма: «Күлтегін» мәнерлеп оқу, 6 бет 7 сұрақ




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал