- Учителю
- Вне классное мероприятие 'Өлең – сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы'
Вне классное мероприятие 'Өлең – сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы'
«Өлең - сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысы
Мұғалім: Туған тілім - бабам тілі өз тілім!
Туған тілім- анам тілі өз тілім!
Туған тілім балам тілі өз тілім !
Туған тілім адам тілі өз тілім!
1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті қауым.
2-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар. «Өлең - сөздің патшасы» мәнерлеп өлең оқу сайысын бастаймыз.
1-жүргізуші
Ана тілім-менің
Әлдилеген әнім
2-жүргізуші Ана тілім-демім, Ана тілім жаным
1-жүргізуші Ана сөзін тыңдап Үлгі өнеге алам.
1-жүргізуші Ана тілім - анам, Аппақ қардай арым.
1-жүргізуші Келесі кезекті 1-сынып оқушыларына береміз.
1 оқушы: Біз балдырған баламыз
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде
Алау болып жанамыз.
2-оқушы: Алтын ұяң- Отан қымбат
Құт береке Отан қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат
Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.
3-оқушы Орман, көлге шыңға біз
Саяхатқа шығамыз
Бөлінбейді іргеміз.
Әрқашан да біргеміз.
4-оқушы Болсын кіші бойымыз
Биікке ұшу ойымыз.
Біз бақытты балдырған
Тойға ұлассын тойымыз.
5-оқушы Ортақ мекен -жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.
6-оқушы Туыспыз біз бәріміз
Бір отанды сүйеміз
Бақытты елде туған соң,
Бақытты өмір сүреміз.
7 оқушы Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз Әрқашанда біргеміз.
БАРЛЫҒЫ: Ақпыз,қара,сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
1-жүргізуші Қазақстанда көп ұлт өкілдері тұрады. « Ырыс алды- ынтымақ» дейді қазақ халқы. Оқу, үйрену, еңбек ету, армандау үшін гүлдене бер, менің ҚАЗАҚСТАНЫМ.
2-жүргізуші
Учится, трудится, мечтать и влюбляться
Пусть будет богат дастархан.
Взрослым и детям для мира и счастья,
Цвети, мой родной Казахстан.
1-оқушы Біз мектепке барамыз
Қолға қалам аламыз.
Кітапты да оқимыз
Суретті де саламыз.
2-оқушы Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
3-оқушы Ақпыз, қара, сарымыз
Ағайынбыз бәріміз
Біз Отанды сүйеміз
Бақытты өмір сүреміз.
БАРЛЫҒЫ: Біздің Отанымыз- ҚАЗАҚСТАН.
1-жүргізуші Моя Родина-Казахстан. Казахстан -большое государство. Здесь есть высокие горы, обширная степь, прозрачные озера. В Казахстане много красивых городов. Главный город -АСТАНА. Я люблю свою РОДИНУ.
2-жүргізуші Қазақстан - менің атамекенім. Ол керемет ел.Қазақстанда кең байтақ дала, асқар таулар,мөлдір көлдер,өзендер бар. Қаақ халқы мейірімді ,қонақжай халық. Мен Отанымды мақтан етемін!
3 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетеді.
1-оқушы
Ана тілің- арың бұл!
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Ө тіліңді құрметте.
2-оқушы Тіл бабаң, тіл-анаң
Мәңгіге сол дейтін.
Жасайтын дін аман
Уақытқа көнбейтін.
3-оқушы Тіл- әкең; тіл шешең Анаңның,атаңның. Қадірін білмесең, Кім болып атандың.
БАРЛЫҒЫ: Отан деген Атамекен
Отан деген туған жер
ҚАЗАҚСТАН ТУҒАН ЕЛ !
1-жүргізуші Жасай бер, қазақ елі,
Жасай бер, ана тілі!
2-жүргізуші Кезекті 4-сынып оқушыларына береміз.
1-оқушы Отан туған үйіміз
Отан- туған жеріміз
Отан - ортақ үйіміз
Отан- көңілді ән, күйіміз.
2 оқушы Анамның тілі - айбыным менің
Анамның тілі- ай-күнім менің
Сүйемін байтақ елімді туған
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Барлығы: Жасай бер, қазақ елі,
Жасай бер, ана тілі!
1-жүргізуші «Тілден артық қазына жоқ,
Тілден артық қасиет жоқ» Нұрсұлтан Назарбаев.
2-жүргізуші Великий Абай говорил: « Знание чужого языка и культуры делает человека равноправным с этим народом, он чувствует себя вольно...»
Жүргізушілер : Сіздерді Тілдер күнімен құттықтаймыз!
Поздравляем вас с праздником -Днем языков народов
Казахстана!
1-жүргізуші Ел болайық!
2-жүргізуші Ел болу үшін,
1-жүргізуші Тірі болайық
2-жүргізуші Тірі болу үшін
1-жүргізуші Ірі болайық
2-жүргізуші Ірі болу үшін
Жүргізушілер : БӘРІМІЗ БІР БОЛАЙЫҚ! 1-жүргізуші Осымен бастауыш сыныптар арасында өткізген « Өлең -сөздің патшасы» атты өлең сайысымыз аяқталды.
2-жүргізуші Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар.