7


Newspapers are part of our daily life

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

(Қазақ хандығының 550 жылдығына)

От ойнап ,дауыл соққан әр ғасырым,
Ежелгі ер түріктің жалғасымын,
Ежелгі орһон,енсей арнасымын,
Тасқа жазған күлтегін таңбасымын.

үйсін болам ең алғаш жылқы устаған,
Қалың қолы найзамен булыт устаған,
Тәңір таұын мәңглік мекен етіп,
Қрандарын қайырып ,түлкі устаған.

Толарсақтан қан кешіп ,торы мінген,
Байрағының басына бөріні ілген,
Сақтар менен ғұндардың сарқытмыз,
Қалтыраған қас жауы бөрігінен.

Кезіміз көп көгімді мұың байлаған,
Отырардай қалам бар құмға айналған.
Қанша дәуір бұтағын сындырсада,
Тереңдегі тамрым сынбай қалған.

Содан бері қаншама ғасыр өтті,
Тас ғасырлар талайды басып өтті
Жәнібекпен Керейім хандық құрып,
Қазақ деген халықтың аты жетті.

Төрелерден хан сайлап, тектілерден,
Билік айтқан даналар көпті көрген.
Арулары аңыз боп Томиристай,
Батырының найзасы бұлт тіреген.

Бұрындықтан соңғы хан Қасым еді,
Күш қайраты елімдеп тасып еді.
Қасқа жол сап шығарып дала заңын,
Ұлан байтақ кең жерді басып еді.

Ұзақ тұрған хандықта басқалардан,
Одан кейін әйгілі Хақназар хан
Одан кейін Тәуекел дүр Қасымхан,
Қасқа жолғып қалдырды асқақ арман.

Салқам Жәңгір соңында Тәуке келді,
Жоңғар дейтін тиді елге жау шеңгелі.
Ғасыр бойы соғысып жоңғарлармен,
Өзен болып қан селдей тасып еді.

Абылайдай ақыры батыр ерім,
Мерейін бір тасытты асыл елдің.
Бейбіт елге тиіскен ата жаудың,
Тарихтан өшірді аты жөнін.
.
Айта берсем түгемес арыстарым,
Алмасына жаныған намстарын.
Хандығым деп қан кешкен толарсқтан,
Аты аңызға айналған Арыстаным.

Немересі ,соңғы хан Абылайдың,
Кенсары құлдыққа бағынбайтын.
Қалды есінде елімнің ерлігімен,
Ғұмырында қамшының сабындайын.

Аты аңызға айналған хандарым бар
Ерлікпенен жазылған заңдарым бар,
Баба ерлігі¬ бойтұмар қанжарым бар
Түріп ашқан найзамен таңдарын әр.

Ғасырлардың сән қосып келбетіне,
Астанадай қала сап жер бетіне.
Жүз отыздай ұлысты қонақтатып,
Бейбітшілік бесігін тербетуде.

Әлемдегі бар елмен елдесуде,
Барлық түркі жұртымен селбесуде
Әлемдегі нарлармен теңдесуде,
Батыр елдің ұрпағы ержетуде.

Еш залалын тигізбей пендесіне,
Тек жақсылық тілеген жер бетіне.
Қазақ деген ұрпағы тектілердің,
О,тәңірім,
Аброй,бер несібе!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал