- Учителю
- Тақырыбы: Сан есім Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен
Тақырыбы: Сан есім Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен
2- класс.
Күні - 16.04.14.
Тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: сан есім жайында түсініктерін пысықтау, сұрақтарымен таныстыру, Сұрақтарды дұрыс қоя білуге, оларды бір-бірінен ажырата отырып, сан есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету; оқушылардың сөз байлығын арттыру,сөздік қорын молайтып, білімін толықтыру. Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру сөйлеу дағдыларын дамыту; адамгершілік, экологиялық тәрбиелеріне баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Пәнаралық байланыс. Математика және әдебиеттік оқу
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, іздену
Көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды сабаққа даярлау.
Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе қарап жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет!
Біздің ұранымыз
Ұлт тілім өз - тілім, ана тілім
Абай Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені.
Болашағым бақытым дара тілім
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
460 - жаттығу
Зат есім, Етістік,Сын есім.
ІІІ Жаңа сабақ
Он алтыншы сәуір
Класс жұмысы
Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы Ыы
ІV Ой қозғау:
Сөзжұмбақты шешу:
Онның жартысы
Алты ондық
Жоқ сан
Қасиетті сан
Жүзден оны кем сан
Сан есім
Заттың санын ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, екінші,он алтыншы.
7 саны туралы не білесің?
7 лақ, 7 қарақшы, 7 шелпек, 7 қазына, 7 ата.
Неше? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек, нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек таптастыр.
Неше? Нешінші?
Жиырма екі, тоғыз, жетпісінші? сегіз, оныншы, елу, сегізінші,төрт.
Ребусты шеш.
Ж ' дың 1 і
Қ ''' тың 1000
ін асырайды.
Оқулықпен жұмыс.
473 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз
Асқар ... жаста. Ол ... сынпта оқиды. Ағасы оған үнтаспа сыйлады. Үнтаспа ... теңге тұрады.
Сергіту сәті.
Сөздерді сөз таптарына топтап жаз.
Күнделік, құрт, мөлдір, мың, алтыншы, жиналды, ірімшік, кенші, пайдаланады, жаман, ұмытпайды, шаңқылдайды, кең, ащы, екі.
Сандарды сөзбен жаз.
5,6,7,10,20,90,18,23,54,66,77.
Қорытындылау:
- Балалар, бүгін біз не үйрендік?
- Сан есімнің сұрақтарын ата? т. б.
V.Үйге тапсырма: 477 - жаттығу.
VІ Бағалау
Қызылжар орта мектебі
Ашық сабақ
2 қазақ класы
Пәні - қазақ тілі
Тақырыбы: Сан есім
Мұғалім: Нурсултанова. А.Ш
2013-2014 - оқу жылы