- Учителю
- Планирование урока на тему Менің сүйікті телебағдарламам
Планирование урока на тему Менің сүйікті телебағдарламам
Сабақтың тақырыбы |
Менің сүйікті телебағдарламам |
Мақсаты |
Оқушыларға телеарналардағы негізгі бағдарламалар туралы білімді өз беттерімен іздену мүмкіндіктері арқылы қалыптастыру. |
Негізгі дереккөздер мен ресурстар |
АКТ, бағалау парағы, стикерлер , маркерлер, суреттер, таныстырылым, маркерлер, таратпа материалдар . |
Күтілетін нәтиже |
Телеарналардағы негізгі бағдарламалар туралы түсінік қалыптасады. |
Негізгі идеялар |
Телеарналардағы бағдарламалар қоғамды толғандырып отырған өткір мәселелерді әңгіме өзегіне айналдырып, ел көлеміндегі аузы дуалы тұлғалардың ой-пікірлерін , ел көлеміндегі аузы дуалы тұлғалардың ой-пікірлерін шынайы түрде халыққа жеткізеді. Ал білім беру бағдарламалары телекөрерменнің білімін жаңалайтын және тереңдететін , ғылымның қандай да бір саласындағы нақты білімдер жүйесінде өзіндік маңызы бар телебағдарламалар. |
Әдістер |
Сергіту. «Миға шабуыл» Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс Жеке жұмыс |
Тапсырмалар |
Қызығушылығын ояту. «Миға шабуыл». Суреттер сөйлейді Топтық жұмыс. Мәтінмен жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Жұптық жұмыс. Рөлдік ойын Жеке жұмыс. Кестемен жұмыс |
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады)Сергіту. «Зарядка НИШ» биі
Топқа бөлу. Суреттер арқылы
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, зейінін сабаққа аудару.
Суреттер құрастыру арқылы топқа бөлу.
Оқушылар сергіту жаттығуын орындайды.
Сынып оқушылары құрастырылған суреттер арқылы үш топқа бөлінеді.
2
Үй тапсырмасын сұрау (3 минут)
«Кім жылдам?» ойыны
Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
3
Білу. (4 минут).
«Миға шабуыл».
«Суреттер сөйлейді»
Құрастырылған суреттерге байланысты , төмендегі сұрақтарға жауап беріп көріңіз:
1 .Суретке тақырып қойыңыздар.
2.Суретке қарап не түсіндіңіздер ?
3.Бұл суреттер неліктен беріліп тұр деп ойлайсыздар.
Оқушылар құрастырылған суреттерге қарап сұрақтарға жауап береді.
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.
5
Қолдану (5 минут)
Жұптық жұмыс. «Диалог құру»
Оқушыларды жұпқа бөліп, тапсырма беру.
Жұптық жұмыс. Диалог құру.
Тапсырмалар.
Диалогті әрі қарай жалғастырып, өзара сөйлесіңдер.
-
Теледидардан балаларға арналған қандай музыкалық бағдарламаларды көресіңдер?
-
«Айгөлек» - республикалық өнерлі балалар байқауы бағдарламасын ұнатамын.
-
Ол байқауға кімдер қатысады?
-
Республиканың барлық облыстарының 4-16 жас аралығындағы дарынды балалары мен жастары.
-
.....?
-
.....?
Оқушылар жұппен тапсырманы орындайды, диалог құрады.
6
Талдау (4 минут)
Жеке жұмыс. «Сөйлемді аяқтау»
Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтауға тапсырма беру.
Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңдар.
-
«Білгірлер бәйгесі» бағдарламасының мақсаты - ...
-
Хабарға қатысатындар - ...
-
Топ мүшелері - ...
-
Қатысушылар - ....
-
Ойынды басау үшін - ....
-
Бірінші кезең : «Шабандоз» - ...
-
Екінші кезең: «Қамшыбасар» - ...
-
Үшінші кезең : «Жанкүйер сауалы» - ...
-
Төртінші кезең: «Сынсонар» - ...
Ойынның формасы - ....
Бағдарламаның жиілігі - ....
Оқушылар берілген сөйлемдерді аяқтайды, өз ойларын білдіреді, талдау жасайды.
6
Жинақтау
(4минут)
Жеке жұмыс. (Семантикалық карта)
Тапсырмалары бар парақшаны тарату
Сұрақ
Айтуға оңай
Зерде
ЖайДарман
Жеті күн
Біздің уақыт
Жан
уарлар әлемі
Спорт
тық жарыс
тар
1
«Қазақстан» ұлттық телеарнасы
2
«Хабар» телеарнасы
3
«Балапан» телеарнасы
4
Қазспорт телеарнасы
5
«Астана» телеарнасы
Оқушылар тақырып бойынша кестемен жұмыс жасайды, ойларын жинақтайды.
7
Бағалау
(3 минут)
Эссе. «Менің сүйікті телебағдарламам»
Эссе жазуға тапсырма беру.
Оқушылар тақырып бойынша эссе жазады, ойларын қорытады.
8
Қорытынды
(3 минут)
Рефлексия
(2 минут)
«Қазақстан телеарналары» тақырыбындағы таныстырылым арқылы қортындылаймын.
«Маған не қиын болды, не қиын болмады»
Әр оқушы сабақтан алған әсерін, ұсынысын стикерге жазады, тақтадағы кестеге іледі.
8
Үй тапсырмасы.
Телевидениенің бағдарламалары (оқу) . Сөзжұмбақ құрастыру