7


  • Учителю
  • Интеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тіл

Интеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тіл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 17 орта мектебі» ММ













Интеллектуалды ойын





«Өнер алды - қызыл тіл»





Қатысушылар - 6 сынып оқушылар

Ұйымдастырушы - Кужаниязова Г.У.









15.03.2016ж.





























«Өнер алды - қызыл тіл» интеллектуалды ойын.

Мақсаты: Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдау.

- топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету,

- өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіс, ойлау қабілеттерін дамыту,

- ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор азаматты тәрбиелеу.

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен ұстаздар! Сіздермен бірлесе отырып «Өнер алды - қызыл тіл» атты интеллектуалды ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар осы ойынның қонақтары,

Халқымның ашық болсын атар таңы,

«Өнер алды - қызыл тіл» атты ойынымызда

Беделін көтерейік қазақ тіліміздің.



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.



Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен қарсы алайық. Ойынға 6 «А,Б,В,Г,Д» сынып оқушылары қатысады.



Бүгінгі «Өнер алды - қызыл тіл» интеллектуалды ойынымыз 4 бөлімнен тұрады.

1 - «Бәйге».

2 - «Бейне сұрақ».

3 - «Тапқырлар».

4 - «Көкпар».



Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, Ал «Бәйге» турын бастаймыз.

І - «Бәйге». Әр топқа 6 сұрақтан қойылады, бір сөзбен «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.Үлгі бізге аталардың ерлігі, Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ - болар елдің ертеңі!

ІІ - «Бейне сұрақ».

  1. ҚР қай жылы Тәуелсіздік алды?

  2. Тәуелсіздік күні қашан тойланады?

  3. ҚР алғашқы Президент сайлауы қай жылы болды?

  4. Қазақстан қандай ел?

  5. Тәуелсіздік сөздің аудармасы?



Тәуелсіздіктің тірегі - білім. Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» айтқан. Мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ - ел тірегі.

ІІІ - Тапқырлар. Сурет бойынша ақын-жазушыларды, олардың өмір жылдарын, шығармаларын анықтау:



Интеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тілИнтеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тілИнтеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тілИнтеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тілИнтеллектуалды ойын Өнер алды - қызыл тіл





І - Шоқан Уәлиханов

ІІ - Ыбырай Алтынсарин

ІІІ - Абай Құнанбаев

ІV - Ахмет Байтұрсынов

V - Жамбыл Жабаев







1) 1845-1904

2) 1973-1938

3) 1835-1865

4) 1946-1945

5) 1841-1889







А) «Алты шаһардың жайы»

Б) «Алатау»

С) «Ғылым таппай мақтанба»

Д) «Кел, балалар, оқылық»

Е) «Аққу, шортан һәм шаян»

Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы, балалар, сіздердің қолдарыңызда» деген аталық сезімін ақтай біліңіздер. Қиялына қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар болатындықтарыңа сенімдіміз. Ел болашағын білімді ұрпақ айқындайды.



ІV - «Көкпар».«Тіл»:

10 ұпай. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?

ҚР-ның мемлекеттік тілі -қазақ тілі

15ұпай. Көп тіл білетін адам кім? Полиглот

20 ұпай. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.

«Фонетика»:

10 ұпай.Буынның түрлері нешеу?

Буынның түрлері үшеу:ашық,бітеу,тұйық.

15 ұпай. Фонетика нені зерттейді? Фонетика тіл дыбыстарын зерттейді?

20 ұпай. Үндестік заңы нешеге бөлінеді?

Үндестік заңы екіге бөлінеді: дыбыс үндестігі,буын үндестігі

«Синтаксис»:

10 ұпай. Сөйлемдер құрамына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

Жай сөйлем,құрмалас сөйлем

15 ұпай.Жай сөйлемнің неше түрі бар? 7

20 ұпай. Ілік септігінің жалғауы бар сөз қандай сөйлем мүше болады?

Ілік септігінің жалғауы бар сөз анықтауыш қызметін атқарады.

Бөлім «Морфология»:

10 ұпай. Жалғаулардың неше түрі бар? 4

15 ұпай. «Оқушылар» сөздің түрлерін анықтау. Туынды, дара, деректі, жалпы, көпше түрі, атау септік.

20 ұпай.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

Қазақ тілінде 9сөз табы бар.(зат есім,сын есім,сан есім, етістік,есімдік,үстеу,шылау,одағай,еліктеу сөздер)

Мақал-мәтелдер:

10ұпай. «Әке-асқар тау, ана - аққан бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» тақырыбы қандай?

15 ұпай. «Досы көпті жау алмайды» тақырыбы қандай?

20 ұпай. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап ... өсер» мақалды толықтыру.

Әдебиет:

10ұпай. Қазақ халқының ұлы ақыны кім? Абай Қ.

15 ұпай. Әдебиет дегеніміз не? (араб тілінен- асыл сөз, сөз өнері).

20 ұпай. Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата.

(5 дос-талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым; Дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)



Елімізде халықтар достығы жасасын! Бәріміз «Я казах» әнің бірге шырқайық!



Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі «Өнер алды - қызыл тіл» атты мерекелік іс-шара өз мәресіне де келіп жетті.



Казахстан - это прекрасный цветок единства. Лепестки цветка - это народы Казахстана, сплотившиеся навечно и навсегда. А сердцевина этого цветка - это мы дети - будущее Казахстана!



Бүгінгі сайысымыз аяқталды, қатысқаныңызға рақмет, сау болыңыздар!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал