- Учителю
- поурочный план по казахскому языку в 3 классе на тему 'Ас үйде'
поурочный план по казахскому языку в 3 классе на тему 'Ас үйде'
Раисова Ж. Ж.
Қостанай қ.
№1 мектеп - лицейі
қазақ тілі пәнінің мұғалімі
3 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Ас үйде.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақтарды бір - бірімен ұштастыра отырып, жаңа сөздерді игерту.Сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйрену.
Дамытушылық: тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: « Ас - адамның арқау» тақырыбына әңгіме жүргізу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, сөйлесу, көрнекілік, тіл дамыту. Интерактивті тақта.
Жабдықтау: мазмұнды суреттер, карточкалар, тірек сызба.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
Сабақтың ұраны: «Кел, бала, сабақ баста.
Жаз, оқы, сөйле, тыңда!
Айт, зертте, сұра!
Шаршама да, дем алма!
Қазақ тілін үйренсең,
Көп ұтасың сен ертең!»
ІІ. Тіл дамыту. Сұрақ - жауап.
-
Қазір жылдың қай мезгілі?
-
Қыс айлары қандай?
-
Қазір қандай ай?
-
Бүгін нешесі?
-
Бүгін ауа райы қандай?
-
Ауаның температурасы қандай?
ІІІ. Үй жұмысын қайталау. (Интерактивті тақтаға назар аударту.)
Сұрақ - жауап арқылы үй жұмысын тексеру.
-
Сендердің үйлерінде қонақ бөлмесі бар ма?
-
Қонақ бөлме қандай болады?
-
Қонақ бөлмесінде нелер тұрады?
ІУ. Жаңа сабақты жариялау, мақсатымен таныстыру.
Қазіргі үйлер туралы әңгімелеу.
-Ал қазіргі кезде адамдар (біз) қандай үйлерде тұрамыз?
-Үйлер неше бөлмелі болады?
-Біз бөлмелерді қалай атаймыз?
Интерактивтік тақтаға назар аударту. (суреттер )
1. Қонақ бөлмесі 2. Жатын бөлмесі
-
Балалар бөлмесі
4.Ас бөлмесі
Жаңа сөздермен танысу.
Ас үй - кухня
Тоңазытқыш - холодильник
Ыдыс - посуда
Жудым - помыл
Қасық - ложка
Шанышқы - вилка
Сүрттім - вытер
а/ Мұғалім сөздердің мағыналарын түсіндіреді.
ә/ Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.
б/ Мұғалім оқиды, оқушылар тізбекпен қайталайды.
в/ Оқушылар сөз тіркестерді құрайды.
1.Тірек сызбамен жұмыс. Ас бөлмесі қандай болады? Интерактивтік тақтаға назар аударту.
2. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу, аудару.
Мынау - біздің ас үй. Ас үй кішкентай. Біз ас үйде тамақ
ішеміз. Ас үйде үстел, шкаф, тоңазытқыш бар.
3.Сурет бойынша жұмыс. (шығармашылық жұмыс) .
3. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
4. Дәптермен жұмыс (сөздік жұмыс).
-
Ойын ойнау. « Дастархан мәзірін жасау » Интерактивтік тақтаға назар аударту.
-
Сызықша арқылы керекті сөздерді тауып, белгілеу. Интерактивтік тақтамен жұмыс.
Қонақ бөлмесінде ұйықтайды
Жатын бөлмесінде тамақ пісіреді
Балалар бөлмесінде қонақ қабылдайды
Ас бөлмесінде сабаққа дайындалады
-
«Ас бөлмесі» тақырыбына сөйлем жазу.
У. Сабақтың қорытындысы.
-
Нені білдік?
-
Нені үйрендік?
УІ. Бағалау.
УІІ. Үй жұмысын беру.