7


Біздің сыныптың бір жылы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тақырыбы: «Cыныптың бір жылы»Мақсаты: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы және Халықтар Достастығы Ассамблеясының20 жылдығы аясында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.Міндеттері: 1.Болашақ ұрпақтың бойына өз ата-бабаларыныңшежірелі тарихы туралы тү
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Cыныптың бір жылы»

Мақсаты: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы және Халықтар Достастығы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.

Міндеттері:

1.Болашақ ұрпақтың бойына өз ата-бабаларының шежірелі тарихы туралы түсінік қалыптастыру.

2. Оқушылардың дүние танымын кеңейту, ұлттық құндылықтар, қазақ халқының кешегі мен бүгінгі күнге дейінгі тарихы туралы ақпарат беру.

3.Оқушылардың бойына Отансүйгіштік, Отанға адал болу сияқты асыл қасиеттерді дарыту. Отаны мен отбасын қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, жазбалар, гүлдер мен шарлар, т.б.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, музыка, география.


Сабақтың барысы:


Жанбота: Армысыздар, құрметті ата-аналар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! «Біздің сыныптың бір жылы» атты сынып сағатына қош келдіңіздер!


Сара: Қазақ халқы «Алыстан 6 жастағы бала келсе, 60 жастағы қария келіп сәлем береді»,- демекші, бізге қонаққа келіпсіздер, олай болса төрге шақырайық, жайғасып отырыңыздар! Қазақ халқы қонақжай халық. Қарасаңыздар, бүгін бізге көп қонақ келген күн екен. Сондықтан да бүгінгі күн ерекше екені байқалады. Балалардың да, келген қонақтардың да жүздерінде қуаныш белгісі байқалады.


Жанбота: Иә, дұрыс айтасың. Бүгін бізде жақсы хабар бар сияқты. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы және Халықтар Достастығы Ассамблеясының 20 жылдық мерей тойлары екенін білеміз. Бұл мерекелердің қандай маңызы бар екенін анықтайықшы.


Сара: Жақсы. Бүгін ақ түйенің қарны ақтарылған күн екен, сондықтан шашу шашып, әсем ән салып, мың бұрыла би билеп қонақтарымызға бұл атаулы мерекелер жайлы сыр шертейік.

Экранға назар аударыңыздар! Бейне фильм. Қазақ жолы.


Жанбота:

Пай, пай, пай!

Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер.

Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,

Ғашықтар бір бірін өпкен жер.

Сарылып сал сері кеткен жер.

Бас иіп, иіскеп топырағын,

Тағзым жасамай өтпеңдер!


Қасым-Жомарт: Сонау он бесінші ғасырдың екінші жартысында Керей мен Жәнібектің басшылығымен қазақ хандығының іргетасы құрылды. Қазақ хандығы дүниеге жаңа ғана келген сәби тәрізді тәй-тәй басып, күн санап өсе бастады. Ол орасан зор территорияны алып жатқан кең-байтақ даласымен жан жақтағы жаудың көзін алды. Сөйтіп, ата-бабаларымыз осындай алпауыт жерді болашақ ұрпаққа аманат ету үшін де көп маңдай тері мен жандарын пида етті. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар.


Сара: Жақсы ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар,- демекші, келесі кезекті әнге берейік. Әліп Мөлдірдің орындауында «Қазақ елі» әні қабыл алыңыздар!

(Интерактивті тақтадан Хандар мен батырлардың суреттері көрсетіліп жатады).


Жанбота: Қазақ халқы - өнерлі халық. Оның қолөнері, құсбегілік пен саятшылық, ән салу мен мың бұрыла би билеу сияқты өнерлері жеткілікті. Тіпті оның барлығын айту үшін уақыттың өзі де жеткіліксіз.


Сара: Енді қазақ хандығы, қазақ халқы жайлы білдік, олай болса тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастырайық!


Жанбота: Қазақ елі өзінің тарихында мәңгі өшпейтін із қалдырған Ұлы Отан Соғысын ешқашан ұмытпайды. Ұлы Отан Соғысының жаңғырығы мәңгілік. Оның куәгерлері әлі арамызда бар. Әрине, қазақ елінің арайлап атқан тәуелсіздігі кезінде дүниеге келген біз көп нәрсені біле бермейтін шығармыз. Бірақ, халқымның тарихын оқып отырған кезде де, үлкен ата мен әжелердің айтқан әңгімелерін тыңдаған кезде де бұл сұрапыл соғыстың қаншалықты ауыр болғанын түсінеміз.


Жанель: 1941 жылдың 22 маусымында фашистік Германия тыныш жатқан сол кездегі Совет Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Шырт ұйқыда жатқан елдің берекесін қашырып, сүттей ұйып отырған отбасылардағы сәбилер күлкісін сап тыйған жалмауыз соғыс басталып та кетті. Қазақ жерінен тылға - жері мен елін қорғауға қаншама азаматтар жөнелді. Олардың әрқайсысының артында бала-шағасы, ата-анасы, туған елі қалып бара жатты. Бұл соғысқа ерлермен қатар әйел қауымы да қатысты. Ерліктің қос қанаты, шығыстың батыр қыздары - Әлия мен Мәншүк. Қазақ халқының қыздары да батыр болған. Олар өз елін жаудан аман сақтап қалу үшін тылдың алдыңғы шебіне барып соғысқан ержүрек, батыр қыздары.


Сара: Олай болса, келесі кезекте«Әлия» әні.


Нұрдәулет: Соғыс жылдары кеңес армиясының қатарына 1миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов қазақ жерін қорғап, Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Ол авиация генерал майоры, кеңес одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1922 жылы, 5-тамызда Сарыарқаның кең байтақ даласында, Ақмола облысының өзең-көлі тасыған, емдік суы атқылаған Майбалық ауылында туған. Талғат Бигелдинов «Ил-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп, 1942 жылы майданға аттанады. Ол соғыс кезінде немістердің 7-ұшағын жарған болатын. Өкінішке орай, жақында 10-қарашада, Алматыда ұлы ұшқыш атамыз қайтыс болды. Ол біздің жүрегімізде мәңгілікте сақталады. Бұл сұрапыл соғысқа біздің ақын-жазушыларымыз да орасан зор үлес қосты. Нақты атап айтсақ, Жамбыл атамыз сол кездегі жауынгерлердің ұрандарына айналған қолдан-қолға, жерге бір түспей сан мәрте оқылып, жауынгерлік рухты ұштай түсетін.


Жанбота: Ұлы Отан Соғысына қатысқан қазақ батырлары: Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегилдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов. Олардың есімдері мәңгі ел есінде қалатыны сөзсіз. «Отан үшін отқа түс - күймейсің», - деген Бауыржан атамыздың өсиетін ұмытпайық!

Сынып оқушылары: Мұхаммед, Асылжан, Арман, Дарина, Дамир, Б.Диана, Алишер, Т.Диана, Жиенбек, Нұртөлеу, Диас, - Ұлы Отан Соғысына арналған өлеңдерді мәнерлеп оқиды.


Сара: Талай ғасырлар бойы ата - бабамыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Аллаға шүкір, олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 23 жыл.


Жанбота: Ағайдарова Ақбота «Үш бақытым», Садыков Ернур «Мен қазақпын», Төребаева Асыл «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқиды.


Сара: Қазіргі таңда біздің өз елбасымыз, өз Отанымыз, өз туымыз бен елтаңбамыз және ұранымыз бар. Әліп Мөлдір мен Талапова Ботакөздің орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар!


Жанбота: Биыл Қазақстандағы Халықтар Достастығы Ассамблеясының қалыптасқанына 20 жыл толды. Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, өз аумағындағы ұлт өкілдері өзара келісім мен бейбітшілікте өмір сүрулері жаппай мемлекет үшін маңызы өте зор. Сондықтан да осыдан жиырма жыл бұрын ең алғашқы рет қазақ жерінде халықтардың басын, ойын мәдениеті мен әдебиетін, өнерін біріктіріп қана қоймай, оның дамуына үлкен ықпал ететін халықтар достастығы ассамблеясы құрылды. Оның құрамында қазақ, орыс, өзбек, татар, башқұрт, дұңған, кавказ текті халықтар кіреді. Міне, бүгін сол ассамблеяның құрылғанына жиырма жыл толып отыр. Ал енді алдарыңызда «Қарақалпақ пен татар» биімен оқушыларымызды қарсы алайық.


Сара: Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да, 20 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтамыз. Ал осымен біздің тәрбие сағатымыз да тамамдалды. «Жаса, Қазақстан!» әні қосылып тұрады.


Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, ағайын!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал