7


  • Учителю
  • Шет тілінен қолданбалы курс (5 сынып)

Шет тілінен қолданбалы курс (5 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Келісемін ______ Бекітемін ______

«Малтабар орта мектебі» директордың оқу ісі

КММ-нің директоры жөніндегі орынбасары

Р.Хамзин Б.Мусина

«Сиқырлы ағылшын тілі»

қолданбалы курсы

(5-сынып)











Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:

Куатова Гульдана Тлеутаевна







2015-2016 оқу жылы



Түсінік хат

«Ағылшын тілі» комуникативтік бағытта білім беретін пән ретінде бастауыш буыннан бастап оқытылады. Бұл жас буынды жаңаша ойлауға үйрету, дүниеге жаңаша көзқарас тұрғысында тәрбиелеумен білім беру, өмірдегі жаңа қарым-қатынасқа сәйкес балалардың өз қабілеттерін көрсете білу дағдыларын қалыптастыру қажеттігінен туындап отыр.

Оқу бағдарламасы сөйлеу әрекетінің барлық түрін кешенді оқытуға, сондай-ақ ағылшын фонетикасымен танысуға, баланың жас ерекшелігіне сай келетін қарапайым оқу әдісімен таныстыруға бағытталған.

Бағдарламаның құрылымы:

ауызекі сөйлесу курсы-ағылшын тілінің дыбыстарымен, дыбыстардың өзара тіркесуімен, сөз екпінімен және ырғағымен таныстыру;

лексикалық минимум көлемінде тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын меңгерту;

негізгі курс-тек тыңдап-түсіну мен сөйлеу дағдыларын дамыту ғана емес, сонымен бірге ағылшын тілінде әріптерді игерту.

Әріптерді үйрету реті ағылшын тіліндегі дыбыстар мен әріптердің қолданылу және пайдалану жиілігі ұстанымымен белгіленген. Әрбір сабақ мазмұнына қарай кешенді сипатта болады. Мұнда дыбыстарды, дыбыстар тіркесін айту, фонетикалық жаттығулар, әріптер, сөздер үйрену, сөйлемдерді түсіну, диалогтар мен көріністерді ойнау, өлең оқу, ағылшын тілінде ән орындау жұмыстары орындалады.

Оқу бағдарламасында 34 сағат ішінде белсенді игеретін жағдаяттық-тақырыптық және лексикалық-грамматикалық минимумдар берілген.

Ағылшын тілінің дыбыстары мен әріптерін үйрену үшін көнекі құралдарын пайдалану, пәнаралық (музыка, бейнелеу өнері, дене тәрбиесі, орыс тілі, тіл дамыту, математика, т.б.) байланысты кеңінен қолдану ағылшын тілін оқыту бағдарламасын ойдағыдай іске асыруға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның өзектілігі:

Жеке тұлғаның ағылшын тіліндегі материалдарды меңгеруіне және тілді әлеуметтік қызметіне сай орынды жұмсай білуіне жол ашу.

Мақсаты:

Ағылшын тілінде сөйлейтін, өз ойын еркін жеткізе алатын, ағылшын тілінде өлеңдер айтатын, оқып жатқан елдің тұрмыс-салтымен таныс болатын жеке тұлға даярлау.

Міндеттері:

  • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;

  • Сауатты жазу мәдениетін дағдыға айналдыру;

  • Оқушының логикалық ойлауын, танымдық әрекеттерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін арттыру.


Болжамы:

Егер, оқушылар осы бағдарлама негізінде білім алатын болса, онда тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, өз ойларын еркін жеткізе алатын, оларға қойылатын талаптарды нақты орындай алатын тұлға даярланады.

Күтілетін нәтиже:

  • Тіл білімінің саласын қамтитын теориялық мәліметтерді меңгереді;

  • Ағылшын тілінде өлең жолдарын еркін айтады



Рет.№


Сабақ №



Сабақ тақырыбы



Сағат



Мерзімі

1

1

Өзім туралы


1


2

2

Артикль

1


3

3

Менің сүйікті кином және кино жұлдызым

1


4

4

"to be" етістігі


1


5

5

Менің ата-анамның сүйікті ісі

1


6

6

Буын түрлері


1


7

7

Менің демалысым


1


8

8

Дыбыс түрлері

1


9

9

Отбасы

1


10

10

Мерекелер

1


11

11

Мен сау болу үшін не істеймін?

1


12

12

Есімдіктер

1


13

13

Қазақстанның спорт түрлері

1


14

14

Жекеше және көпше түр

1


15

15

Мамандықты таңдау

1


16

16

Менің досым кім болғысы келеді?

1


17

17

Жаңылтпаштар

1


18

18

Can/can't құрылымы

1


19

19

Менің елім

1


20

20

Менің қаламның әдемі жерлері

1


21

21

Предлогтар

1


22

22

Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер

1


23

23

Антонимдер

1


24

24

Синонимдер

1


25

25

Америка

1


26

26

Модаль етістіктері

1


27

27

Грим ағаларының ертегілері

1


28

28

Менің сүйікті елім

1


29

29

Жануарлар,құстар,жәндіктер

1


30

30

Жеміс-жидек

1


31

31

Ас мәзірі

1


32

32

Ай, апта,күн

1


33

33

Киім кешек

1


34

34

Транспорт

1




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:



  1. Happy English


  1. English. Оқу кітабы


  1. English Alphabet


  1. Child'sEnglish, ағылшын-қазақ аудармашы сөздігі


  1. E-mail English. Paul Emerson




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал