- Учителю
- План урока по казахскому языку на тему 'Сүт тағамдары' (5 классы, 2 урок)
План урока по казахскому языку на тему 'Сүт тағамдары' (5 классы, 2 урок)
Сабақтың тақырыбы: Сүт тағамдары (2 сабақ)
Сабақтың мақсаты:
1. жаңа сөздермен таныстыру, сөз тіркес ,сөйлем құрастыруға үйрену, етістікті, етістіктің шақтарын еске түсіру
2. Ауызекі тілдерін сұрақ- жауап арқылы дамыту
3. тамақты қадірлеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: сурет , кесте, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемәтсіңдер ме
2.Сыныпта кім жоқ?
3.Қазір қандай сабақ?
4.Қазақ тілі нешінші сабақ?
5.Қазақ тілі сабағында не істейміз?
ІІ. Тіл дамыту
1.сенің аты- жөнің кім?
2.сен нешінші сыныпта оқисың?
3.сенің жасың нешеде?
4.сен қай мектепте, нешінші сыныпта оқисың?
5.сенің досың қай мектепте оқиды?
6.ол қай көшеде тұрады?
ІІІ. Үй жұмысын тексеру
1.Сөздер жаттау
2.Мәтін мазмұнын айту
ІУ. Жаңа тақырып
-
Жаңа сөздер
Ашыту- заквасить
Емдік-лечебный
Қасиет- свойства
Асқазан- желудок
Ішек аурулары- кишечные заболевания
Сусын-напиток
Сүт тағамдары деген тақырыпты жалғастырамыз.
Балалар, қандай сүт тағамдарын білесіңдер. Қымыз ненің сүтінен дайындалады? Шұбат дегеніміз не? кім біледі, кім айтады?
2. мәтінмен жұмыс
-оқу
-аудару
- сұрақтарға жауап беру
Шұбат түйе сүтінен ашытылады. Оның емдік қасиеті мол. Шұбат - асқазан, түрлі ішек ауруларына бірден-бір шипалы сусын. Шұбаттың түсі ақ, дәмі тіл үйіреді.
3.Сұрақтарға жауап беру
1. Шұбат ненің сүтінен дайындалады?
2. Оның емдік қасиеті қандай?
3. Шұбат қандай сусын?
4. Шұбаттың түсі қандай?
4.«Ақ дастарқаны» ойыны.
Екі топқа бөлініп, тағамдардың, сусындардың аттарын жазыңдар. Қай топтың дастарқаны мол болады, сол топ жеңеді. ( 5 минут беріледі)
5. Берілген антонимдерді қатыстырып, сөйлем құрастырыңдар.
Дәмді - дәмсіз ыстық-салқын
Сүтпен-сүтсіз майлы-майсыз
Ащы-тұщы бұрышты-бұрышсыз
У. Қорытынды
Қымыз
Шұбат
УІ. Үйге тапсырма
Сөздер жаттау
Мәтінінң мазмұнын айту
УІІ. Бағалау