7


  • Учителю
  • Урок по казахскому языку 'Абай Құнанбаев'

Урок по казахскому языку 'Абай Құнанбаев'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні, айы, жылы:20.01.2015 жыл

Цикл: ІV

Мұғалім: Қабышева Мадина Иренғайыпқызы

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев. Қысқы демалыс.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Абай Құнанбаевтың өмірі ,оның шығармалары туралы білімін кеңейту."Қыс" туралы өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу.Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.
2.Дамытушылық: : Оқушылардың сөздік қорын,ойын, көз алдына елестету,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Қоршаған ортаның тылсым сырларына қызықтыру арқылы туған елінің табиғатын сүйе білуге баулу.Эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі:жеке жұмыс, сұрақ - жауап, поэзия минуты, түсіндіру, баяндау, ойқозғау, талдау, суреттеу, қорғау.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, презентация

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

3.Кезекшінің сөзі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: қысқы сөздер атты сызбаны тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.«Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адалдықты көздесең,
Жаттап оқы көңілге!»
- деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, Абайдың әр сөзін терең бойға сіңіріп, үніле отырып сезіне - тек әдебиет айдынында жүргендердің ғана емес, сонымен қатар нұрын, сырын көре білер, көкірегі ояу әрбір азаматтың парызы. Ендеше, балалар, біз осы уақытқа дейін өткен шығармаларды ғана емес, көрген - білгендерімізді ойға түйіп, еске түсіріп, бүгінгі сабағымызды ізденушілік сабақ ретінде бастаймыз.


2. Жаңа сөздермен жұмыс

ұлы - великий

медресе - мусульманская духовная школа

өз бетінще - самостоятельно

мәдениет - культура

ынталы - прилежный

осында жүріп - находясь здесь

кейін - потом

жасынан - с детства


3. Лексикалық тақырыппен жұмыс.

Абай Құнанбаев

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы туған. Абай жасынан ынталы, зерек болды. Ол ертегі, әңгіме, өлеңдері тез жаттап алатын. Абай он жасқа келгенде, әкесі оны Семей қаласындағы медресеге оқуға береді. Осында жүріп Абай орыс халқының ұлы ақындары А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Крыловтың шығармаларымен өз бетінше оқып, танысады. Кейін олардың өлеңдерін қазақ тіліне аударады. Абай қазақ халқын мәдениетке, білімге, орыс халқымен дос болуға шақырады.


4. Кластерді толтыру

Абай Құнанбаев

ұлы ақын
аудармашы
философ
күйші
сазгер
елбасқарушы

жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы

5. Грамматикалық тапсырмалар

Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ-деңгей

1.87 бет - 1 тапсырма - Өлеңді мәнерлеп оқындар.

2. «Қыс» атты өлеңнен сын есімдерді тауып, жазыңдар.

3. Берілген сөзді септеңдер - қыс


ІІ-деңгей

1.Берілген зат есімдерден сын есімдерді -қы/-кі, -ғы/гі жұрнақтар арқылы жасаңыз: қыс, кеш, түн

2. Берілген сөзді тәуелдеңіз: шана

3. Берілген сөзді жіктеңіз: ақын


І-деңгей

1.88 бет - сурет бойынша «Қысқы демалыс» атты әңгіме құрастырыңыз

ІV. Сабағын бекіту.

  • Абай Құнанбаев кім?

  • Ол қашан дүниеге келген?

  • Абай Құнанбаев қайда оқыған?

  • Кімнің олеңдерінді қазақ тіліне аударған?

  • Абай Құнанбаевтің қандай өлеңдерді білесіңдер?


V . Үй тапсырмасын беру: ІІІ-деңгей - сөздерді жаттау, ІІ-деңгей - өлеңді жаттау, І-деңгей - Абай Құнанбаев туралы әңгімелеу


VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.


VІІ. Сабақтың аяқталуы:

  • Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал