7


Тілдік жүйе және норма

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы:10

Сабақтың тақырыбы: Тілдік жүйе және норма

Мақсаты:Тілдік норма және сөзді қолдану ережелері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Жаңа қолданыстардың пайда болуы туралы

Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу; Көркем шығарма талдау, Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу т.б.

Сыныппен жұмыс түрі: даралап және жұппен;

Көрнекіліктер: оқулық, ЭОР пайдалану, тапсырмалармен жұмыс.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа дайындықтарын бақылау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 1. Әдеби тілдің нормаларын қайталау:

Лексикалық норма

Орфоэпиялық норма

Әдеби тілдің нормалары:

Орфографиялық норма

Грамматикалық норма

2.Оқушылардың тіл туралы мақалалары тыңдалады.

Сөздерге фонологиялық талдау жасалады.

ІІІ Жаңа сабақ:Тілдік норма және жаңа қолданыстар.

(ЭОР бойынша аудио тыңдалым қойылады)

Тілдік норма - тіл жүйесінің дәстүріне сай тұрақты түрде қалыптасып, қоғамдык қатынастар аркылы орныққан тілдік амал-тәсілдердің жиынтығы, сөз колдану ережелері. Норма - үнемі жетіліп отыратын категория.

Лебізде қолданысқа енген кез келген жаңа қолданыс жаңа сөз ретінде танылады. Жаңа қолданыстардың пайда болуы тіл дамуының эволюциялық дамуының бір көрінісі санатында. Атау процесінде мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

* жаңадан танылған зат не құбылысқа атау тағылады;

* жаңадан танылған ұғымға тілде бұрыннан бар таңба жаңа атау ретінде беріледі;

* белгіленетін ұғымның номинативтік белгілеріне сай жаңа таңба жасалады.

Жаңа қолданыстар мазмұндық жағынан, не тұлғалық-мазмұндақ жағынан жаңа саналуы мүмкін.

IV. Тақтамен жұмыс:

1. Фразеологиялық тіркестердің синонимін тауып дұрыс орналастыру:

  1. Ереуіл атқа ер салды -жаугершілікте елін қорғауға аттанды;

  2. Жібектей есілген -мінезі биязы, жақсы қылықты;

  3. Жігіт ағасы болды -есейді, орта жасқа келді.

  4. Аршын төс -сұлулыққа тән балама теңеу;

  5. Құралай көз -сүйкімді, әдемі көз;

  6. Мырс етті -кекете күлді;

  7. Сабыр түбі-сары алтын -шыдамдылық, арты жақсылық, игілік.

2. «Құр» сөзінің омонимдік қатарын құрып, кестені толтыру:

Құр. Зат есім

Киіз үй жабдығы

Құр. Зат есім

Таулы, орманды жерде тіршілік ететін жабай құс

Құр. Үстеу

Бекер, бос, текке, жат, әшейін

Құр. Етістік

Бір нәрсенің негізін салу, орнату

Құр. Одағай

Жылқыны шақырғанда не тоқтатарда айтылатын ишарат сөз.

3. «Той» сөзін қатыстырып, мақал-мәтел жазып кестені толтыру:

Батыл жігіт қол бастар, Ақын жігіт той бастар;

Тойдың болғанынан боладысы қызық;

Шақырусыз тойға барғаншағ Таяқ ал да қойға бар.

4. Кесте ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып фразеологиялық тізбек құраңыз.

Қас

Ашып

арқасы

пен

Жұмағанша

Қас

арасында

қағымда

Қабақтың

қас

көзді

Көздің

Қаққанша

қиянда

Ит

V. Сабақты бекіту:

Тестік жұмыс (барлығы 12 сұрақ)

1. «Теле» түбірінен жасалған жаңа атауларды тап:

А. Тележурналист, телестанция, телескоп, телеком

В. Телефон, телекомп

С. Теледидар, телескоп

2. Жалпы қолданыста бар түркі тілдеріне тән сөз:

А.тәңір

В.дархан

С.үстел

3.Тиісті әдебиетте көрсетілген қағида, ережелерді сақтамау қалай аталады?

А.жүйе

В.нормадан ауытқу

С.стиль

4.Сөзді дұрыс қолданудың негізгі арқауы:

А.Әдеби тілдің нормасы;

В.Ауызша тілдің нормасы;

С.Тілдік норма

5.Бас сөзіне жақын сөздер қатарын көрсет:

А.баспа, басылым, баспагер,баспахана, басшы

В.басшы, бас изеу,бас тұту

С.баспагер, бас көз болу

6.Аларман сөзінің мағынасын белгіле.

А.Алуға ұмтылған;

В.Алды;

С.Қақтығыс

7. «Радио» сөзіне тіркес бола алатын сөздер:

А.станция, техника, аппарат

В.кибернетика, нейлон;

С.техника, силон

8. «Ту» есім сөзіне жақын сөздер

А.босану;

В.бекіре;

С.байрақ.

9. «Ақшам жамырады» сөзінің мағынасы

А.Қараңғы түсті;

В.Таң шапағаты;

С.Таң атты

10. «Түртті» сөзіне тізбек бола алатын қатар:

А.түлен, сайтан, қол, ажал, көз, сор;

В.көз, қол, аяқ, бас;

С.түлен, сайтан ажал;

11.Әдеби тіл нормасына кірмейтін сөздер:

А.Варваризм;

В.Диалект;

С.Кәсіби сөздер

12. Оқулықта көрсетіліп, тиісті сөздікте тіркеліп отыратын норма:

А.Жазба тіл нормалары

В.Кітаби тіл

С.Әдеби тіл нормалары



Бекіту сұрақтары

  1. Тілдегі жаңа қолданыстағы сөздердің туу себептері неде?

  2. Омоним мен полисемияның айырмашылығы неде?

  3. Құрмет, қаһарман, шындық сөздерінің синонимдік қатарын жасаідар.

  4. Кәсіби сөз, диалект сөздер дегеніміз не?

  5. Тілдің актив лексикасына қандай сөздер жатады?

Үй тапсырмасы: Тілдерек




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал