7


  • Учителю
  • Нәтиже сабақ. Қазақстанның атақты спортшылары. 7-Сынып.

Нәтиже сабақ. Қазақстанның атақты спортшылары. 7-Сынып.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің 7-сыныптарына арналған қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары.Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Қазақстанның атақты спортшылары.Сабақтың мақсаты: Тапсырмалар арқылы өтілген модуль бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау, бекіту. Оқушы
предварительный просмотр материала



Қарағанды қаласы, №65 ЖББОМ КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Масалимова Гаухар Аскарбековна



Оқыту орыс тілінде жүретін мектептердің

5-сыныптарына арналған сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. «Қазақтың атақты спортшылары».

Сабақтың мақсаты:

Тапсырмалар арқылы өтілген модуль бойынша оқушылардың білімдерін пысықтау, бекіту. Оқушылардың білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды беру арқылы қазақ тілінде оқып, түсіне алатын деңгейге жеткізу;

  • Әрбір сұраққа дұрыс жауап беруге үйрете отырып, тілдік қатынастарын қалыптастыру, ойтолғау қабілеттерін дамыту;

  • Топта жұмыс істеу қабілеттерін шыңдау;

  • Берілген материалдарды өмірдегі жағдайлармен салыстыра, байланыстыра отырып, тілдесім әрекетін жандандыру;

  • Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, эстетикалық тәрбие беру;

  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: нәтиже сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіну, айтылым, тыңдалым, жазылым, сұрақ-жауап, кластер, өзін-өзі тексеру, топпен жұмыс, өздік жұмыс.

Сабақтың құралдары: дәптер, қалам, қарындаш, постер, маркер, шарлар, тест тапсырмалары, мәтін жазылған парақтар, интерактивті тақта, (слайд, видеофильм)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбері.

-Құрметті оқушылар, қанеки, шеңберленіп тұрып, бүгінгі күнімізге бір-бірімізге игі тілектерімізді білдірейік.

-Мен де сіздерге сәттілік тілей отыра, мына шарларды сыйға ұсынамын, өздеріңіз таңдап алыңыздар. (қызыл, жасыл, сары түсті шарлар бір бұрышта тұрады)

-Ал енді сыйлығымды алсаңыздар, сол түстер бойынша үш топқа бөлініп отыра қалыңыздар.

II. Нәтиже сабақ.

1. Сұрақ - жауап әдісі.

-Біз қандай модульді аяқтадық?

-Модульде қандай тақырыптар өттік?

-Салауатты өмір салтына нелер жатады?

-Сендер қандай спорт үйірмесіне қатысасыңдар?

-Біздің мектепте қандай спорт үйірмелері жұмыс істейді?

-Қазақстаннан шыққан қандай атақты спортшыларды білесіңдер?

-Мектебімізден шыққан қандай белгілі спортшыларды білесіңдер?

-Олимпиада чемпиондарынан кімдерді білесіңдер?

2. Өздік жұмыс. Өзін-өзі тексеру.

Тест тапсырмалары.

1. Үстеудің мағыналық түрлері

a) мезгіл, мөлшер, мекен

b) белгісіздік, болжалдық, топтау

c) мөлшер, өздік, сұрау

d) сын-бейне, мақсат, болымсыздық

2. Мекенді білдіріп тұрған үстеу сөз. Біз екеуіміз ауылда тұрамыз.

a) біз

b) екеуіміз

c) ауылда

d) тұрамыз

3. Туынды үстеулер

a) жоғары, кейін, төмен

b) бүгін, күздік, күзде

c) қыстай, артқа, қазақша

d) кеше, былтыр, жазда

4. Үстеудің сұрақтары

a) кім? неден? қалай қарай?

b) қанша? не? нені?

c) қайда? қайдан? қашан?

d) қайдан? кімге?қандай?

5. Мөлшер үстеулерін тап.

a) амалсыздан, алға, жақында

b) аса, әбден, босқа

c) жақсы, әрең-әрең, алыста

d) сонша, азғантай, бірталай

6. Мезгілді білдіріп тұрған үстеу. Мен ауылдан ертең келемін.

a) мен

b) ауылдан

c) ертең

d) келемін

Тест кілттері.

1. a) 4. b)

2. c) 5. d)

3. c) 6. c)

3. Топпен жұмыс.

Берілген мәтіннен негізгі ақпараттарды тауып, постерге жазыңдар.

3 топқа мәтін беріледі, постер, маркер таратылады. Оқушылар мәтінді топта оқып, түсініп, талқылап, негізгі ақпараттарды табады, топтың бір мүшесі сынып алдында қорғайды.

I топ.

Қазақстанда спортқа деген қызығушылық жылдан жылға өсіп, әртүрлі халықаралық спорт жарыстарына қатысатын спортшылардың саны да күннен күнге артып келеді. Үкімет спорттың әр алуан түрлерін дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеді. Олимпиадалық резервтегі спорт мектептерінің саны жылдан жылға көбейіп келеді. Қазақстандық спортшылар әр Олимпиада ойындарына белсенді қатысып, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

II топ.

Олар: грек-рим күресiнен еңбек сiңiрген спорт шеберi, әлем және Еуропа чемпионы, Олимпиада ойындарының жүлдегерi, елiмiздiң атақты палуаны Дәулет Тұрлыханов, грек-рим күресінен Олимпиада жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров. Боксшылар: Олимпиада чемпионы - (Атланта, АҚШ, 1996), дүние жүзінің алғашқы чемпионы - (Хьюстон, АҚШ, 1999)

III топ.

Олимпиада чемпиондары - , (Сидней, Австралия, 2000), (Афина, Грекия, 2004), (Пекин, Қытай, 2008), Еуропа чемпиондары - (1979, 1981), (1983). Ауыр атлетикадан екі дүркін әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Илья Ильин, Олимпиада жеңімпазы, жеңіл атлет Ольга Шишигина, биатлоншы, Ванкувер Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елена Хрусталева, велоспорт чемпионы Александр Винокуров т.б.


4. Сұрақ - жауап әдісі.

Берілген мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар.

Әр топ өз алдарында жатқан мәтінге сұрақ дайындайды, ол сұрақтардың жауабын қарсы топ оқушылары береді.

6. Венн диаграммасы.

Берілген екі тапсырманың ұқсастығын, өзгешелігін, ортақ белгілерін тауып жазыңдар.

I топ. Илья Илин. Серік Сәпиев.

II топ. Бахтияр Артаев. Александр Винокуров.

III топ. Ольга Рыпакова. Ермахан Ыбырайымов.

III. Сергіту сәті. «Австралиялық жаңбыр»

5. «Кім жылдам» ойыны.

Постерде модуль бойынша өтілген сөздерден топтама беріледі, әр топ оқушылары қасына қазақша, ағылшынша аудармаларын жазып, ол сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдер құрастыру керек.

Терпеливый

Любительский

Профессиональный

Финиш

Старт

Тяжелая атлетика

Фигурное катание

IV. Қорытынды:

-Сонымен біз қандай модульді аяқтадық?

-Қандай сұрақтар қиындық тудырды?

V. Үйге тапсырма:

Спорт терминдерінің емлесін қайталау.

YI. Рефлексия:

«Сүйікті спортшым» тақырыбына эссе жазу.

YII. Сабақ соңы.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал