- Учителю
- Урок по казахской литературе на тему 'Т. Сұлтанбеков 'Ғажайып планета' ' (6 класс)
Урок по казахской литературе на тему 'Т. Сұлтанбеков 'Ғажайып планета' ' (6 класс)
Мерзімі: Пән: Әдебиет Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Т.Сұлтанбеков «Ғажайып планета» әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Талап Сұлтанбеовтың өмірі, әлемге танылған әйгілі шығармасы туралы білім беру. Талап Сұлтанбеовтың «Ғажайып планета» әңгімесінің мазмұнын толық игерту. Әңгімені түрлі әдістер арқылы талдау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, қызығушылығын ояту;
3.Тәрбиелік: Еңбекке баулу. Еңбек адамдарына сый құрмет, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбиеге жүктеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, Болжау стратегиясы, топтау, Кластер әдісі, «Синквейн», «Кубизм», «РАФТ» стратегиялары, «Шеңбер бойымен әңгімелеу» оқыта үйрету ойыны, «Фориативті» бағалау, рефлексия.
Қолданылатын көрінекіліктер: Кітаптар, дидактикалық материалдар, слайд, кубик, бағалау парағы, смайликтер.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-
«Шаттық шеңбері»
-
Оқушыларды сабаққа ынталандыру, кітап, дәптер, қажетті құрал-
жабдықтарын дайындату.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
С.Мұрат
беков кім?Кластер әдісі
ІІІ Жаңа сабақ:
Талап Сұлтанбеков 1930 жылы Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған.
Ғылыми қиял (фантастика) жанрына қалам тартып жүрген жазушы шығармаларының тақырыбы сан алуан. Жас өспірімдерге арналған «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» әңгімелері оқушыны қиялға, арманға жетелейді. Ол өз оқырманын ғылымның табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет күшін танып білуге, тіпті оны тізгіндеп бағындыруға да болатынын айғақтайды.
-
«Ғажайып планета» әңгімесін оқымас бұрын әңгіме деген не екенін
айтыңдар.
Әңгіме - көлемі қысқа , оқиғасы өмір шындығынан алынған көркем туынды.
-
«Болжау» стратегиясы. Әңгіме не туралы деп ойлайсыңдар?
Шығарманың аты
Оқушының болжамы
Сөздікпен жұмыс:
Автоғарышкер - ғарыш кемесінің жүргізушісі.
Ғаламшар - күнді айнала қозғалатын аспан денесі.
Анабиоздық ұйқы - айрықша дәрімен немесе өте төмен температурада организмді, адам денесін мұздатып,ұзақ уақытқа ұйықтату.
Биогравитация - биологиялық гравитация заттардың, денелердің өзара
магниттік тартылыс күші.
-
Оқулықтың 209-220-беттерде берілген «Ғажайып планета» әңгімесі оқылады.
-
«Шеңбер бойымен әңгімелеу» оқыта үйрету ойыны.
Оқушылар Т.Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы
шеңбер бойымен сағат тілі бойынша әңгімелейді.
«Кубизм» стратегиясы
1. Білу. Шығарма авторы кім? Шығарманың жанры қандай?
2. Түсіну. Шығарманың идеясы не? Кейіпкерлерге мінездеме бер.
3. Қолдану. Оразовтың орнында болсаң, жаңа планетаға қонар ма едің? Ғарыш кемесі неліктен басқа ғаламшарға қонуға мәжбүр болды?
4. Жинақтау. Жасанды «Кибер» кемені қалай құтқарды?
5. Талдау. Қалай ойлайсың, егер ғарыш кемесі жаңа ғаламшардан дер кезінде кетпесе, экипаж мүшелері тірі қалар ма еді?
6.Бағалау. Сіздің ойыңызша, биолог Тұрановтың болжамы дұрыс па, әлде...
«РАФТ» стратегиясы
RAFT стратегиясы - Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл-күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
«Синквейн» әдісі
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Ү л г і:
1 зат есім: Ана
2 сын есім: Мейірімді, ақылды
3 етістік: Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін: Ағайын - алтау, ана -біреу.
Синоним: Адам
Сабақты бекіту:
-
Т.Сұлтанбеков кім?
-
Ол қай жылы туған?
-
Жазушының қандай шығармалары бар?
Сабақты қорыту:
Рефлексия кезеңі.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады. (сабақ жақсы өтті, орташа өтті, нашар өтті)
Үйге тапсырма:
Жазушының өмірі мен шығармасы негізінде, «Ғажайып планета» әңгімесі негізінде тест құрастыру. (10 сұрақ, 4 жауап нұсқасымен)
Бағалау кезеңі: Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады. Баға
талданып қойылады.