- Учителю
- 'Менің атам мен әжем' заманауи сабақ жоспары
'Менің атам мен әжем' заманауи сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Менің атам мен әжем.
Мақсаты: балаларды қадірлі де құрметті ата мен әженің отбасындағы алатын орны, оларға деген сүйіспеншілік сезімдерін айта білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс - тәсілдері: түсінік беру, сұрақ - жауап, жаттығу жұмыстары.
Көрнекіліктер: суреттер, әріптер арнасы.
Сабақтың барысы.
1). Ұйымдастыру кезеңі. Суретті сөздіктермен отбасы мүшелерінің атауларын еске түсіру.
Сұрақ - жауап әдісімен балаларды әңгімеге тарту. Өз әке - шешелерінің , тата - әжелерінің аты - жөндерін дұрыс айта білуге жаттықтыру.
2). Өткен сабақты қайталау. Суретті сөздіктің көмегімен сөздік жұмысын жүргізу. Сұрақ - жауап:
- Сенің отбасында неше адам бар?
- Әкеннің аты кім?
- Шешеннің аты кім?
3). Дыбыстық жаттығулар.
- Ім, - ім, - ім - мейірім.
- Кө, - кө, - кө - көңіл.
- Лі, - лі, - лі - қадірлі
- Лы, - лы, - лы - аяулы.
- Ті, - ті, - ті - сүйікті
4). Іңкәрдің ақылы. Көрнекті суреттер арқылы сөздік жұмысын жүргізу:
Ақкөңіл - добробушный.
Аяулы - милый.
Мейірімді - добрый.
Қадірлі - дорогай.
5). Сергіту сәті. Сәбиді әлдилеуге арналған өлең - жырларды айтқызу арқылы сергіту сәтін ұйымдастыруға болады.
6). Тіл дамыту.
- Сенің әжен бар ма?
- Сенің атан бар ма?
- Әжеңнің аты кім?
- Атаңның аты кім?
- Ол қандай адам?
7). Тақпақ үйрену. Ата, әже туралы жеңіл өлеңдерді таңдап алып, жатқа айтуға үйрету.
8). Сұрақ - жауап.
- Әжең қандай адам?
- Атаң қандай адам?
- Әженнің аты кім?
- Атаңның аты кім?
9). Сөздік ойын. «Сымсыз телефон» оыйны.
10). Қорытынды.
Жұмыс дәптердегі бүгінгі үйренген сөздермен жаттығу жұмыстарын орындату, жаңа сабақты бекіту.