7


  • Учителю
  • 'Ленинградтық өренім' ашық сабақ

'Ленинградтық өренім' ашық сабақ

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: «Ленинградтық, өренім»
Сабақтың мақсаты: білімділік - оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпы түсінік бере отырып өлеңмен жұмыс істеуді үйрету;
дамытушылық - жаңа тақырып бойынша өлеңмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, ауызша мазмұндату біліктіліктерін арттыру;
тәрбиелік - ізденімпаздыққа үйрету, мемлекеттік тілге деген құрмет, ықылас, тіл үйренуге деген ниеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: интеративтік тақта, суреттер, сызбалар
Түрі: дәстүрлі сабақ.
Типі: жаңа білім беретін сабақ.
Формасы: жаңа анықтама беру сабағы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. а) амандасу ə) сыныпты түгендеу б) күнді жаздыру
ІІ. Үй тапсырмасы.
- Балалар, сабағымызды басталық. Мен үйге қазақтың жүз жасаған ақыны Жамбылдың
өмірі мен шығармашылығы жайында қысқаша мәлімет пен презентация дайындап келуді тапсырғанмын. (Презентация көрсетіледі).
ІІІ. Білімді жан - жақты тексеру
Патриот ақын туралы не білеміз, соны ортаға салалық.
Əуен ойналып, презентация көрсетіліп, оқушылар сөйлейді, өлеңдерін оқиды
1 - оқушы. Жыр алыбы - Жамбыл 1846 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген.
2 - оқушы. ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі.
3 - оқушы. Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі - «Жылқышы». Бұл өлеңде ақын əлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды.
4 - оқушы. «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты тарихи тақырыпқа арналған поэмалары бар. 1941 жылы үздік шығармалары үшін Жамбылға Мемлекеттік сыйлық берілді.
5 - оқушы. Жамбылдың ұстазы - Сүйінбай. Сүйінбай - айтыс өнерінің алтын діңгегі.
6 - оқушы. Жамбыл өлеңдері: «Ленинградтық өренім», «Одақ», «Əкеме», «Шағым»,
«Өстепкеде», «Патша əмірі таралды», «Одағым»
7 - оқушы. «Əкеме» өлең оқылды.
8 - оқушы. «Өстепкеде» өлең оқылды.
9 - оқушы. Өскемен қаласының орталық саябағы Жамбыл атында. Саябақта Жамбыл
мүсіні орнатылған. Қаладағы Үлбі ауданында ауыл балаларына арналған Жамбыл атындағы
мектеп - интернат бар.
10 - оқушы. Жамбыл өз Отанын сүйген, өз Отанын жақсы көрген, өз Отанын мақтан еткен.
(Əуен тоқталады).
ІV. Жаңа сабаққа кіріспе: а) сабақтың тақырыбы; ə) сабақтың мақсаты.
V. Жаңа сабақ
- Балалар, мен қазір Жамбылдың «Ленинградтық, өрендерім» өлеңін алдарыңа таратып
беремін. Өлеңмен жұмыс істемес бұрын мен сыныпты ІІІ топқа бөлемін. Сабақ барысында əр
шумақпен əр топ жұмыс істеуі керек. Түсінікті ме?
(Сынып топқа бөлінеді, өлең таратылып беріледі).
Жамбыл «Ленинградтық өренім»
Ленинградтық өренім, Аспанға үйлер бойлаған...
Мақтанышым сен едің! Арқа тұтып алыста,
Нева өзенін сүйкімді Айбыным деп ойлағам!
Бұлағымдай көремін. Қазақстан жерінен
Көпіріне қарасам, Тұтағандай ел кегі,
Көмкерген су көлемін. Сендерге дем бергелі.
Өркеш - өркеш жарасқан Жолды кернеп қол кетті.
Шоқылардай дер едім. Нева алабын қорыңдар,
Сапырылған көк теңіз Ленинградтың ерлері.
Шомылдырып кемерін Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Шамы күндей жайнаған, Заманымның өрнегі!
- Алдыменен оқып шығамын, сендер түсінбеген сөздеріңнің астын сызып отырыңдар.
Түсінікті ме?
Сөздікпен жұмыс (ауызша) Өркеш - өркеш, қол сөздерін түсіндіру.
Əр шумақты 3 оқушы оқиды.
Бəрін 1 оқушы оқиды.
- Енді, балалар, өлеңнен теңеу сөздерді табалық. Қане, есімізге түсірелік, теңеу сөздер
қалай жасалады? (- дай, - дей, - тай, - тей жұрнақтары арқылы)
- Бұлағымдай (Нева өзенін), күндей (шамы), шоқылардай (таулары)
VІ. Жаңа сабақты пысықтау
Өлеңге талдау жұмыстары жүргізіледі.
Оқушылар сызбаны дәптерлеріне жазып отырған кезде, бір оқушы «Петербург - Ленинград - Санк - Петербург» туралы презентацияны интерактивті тақтадан көрсетіп отырады. Сызбалық талдауды
өзім оқып шығамын.
Екі оқушыға оқытамын.
Екі оқушыға мазмұндатамын.
VІІ. Үйге тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар.
Ақын - жазушылар туралы материалдар
І топ. Интернеттен материалдар
ІІ топ. Интернеттен суреттер
ІІІ топ. Аймақтық тақырыпқа байланысты материалдар
І, ІІ, ІІІ топта Жамбылдың «Ленинградтық, өрендерім» жатқа айту, мазмұндау.
VІІІ. Бекіту.
- Балалар, алдымен біз бүгінгі сабақ бойынша:
Нені білдік?
Нені үйрендік?
VІІІ. Бағалау. Оқушылардың бағаларын түсіндіріп қоямын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал