7


  • Учителю
  • 'Мен президент болғым келеді'

'Мен президент болғым келеді'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың мақсаты: «Мен президент болғым келеді».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Еліміздің президенті жайлы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, интерактивті тақта, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Әнұранды орындау;

2. Сәлемдесу.

3. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

4. Сабаққа дайындығын қадағалау;

5. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

Өткен сабақты қайталау, пысықтау

Ережелерді еске түсіріп, қайталау.

Жаңа сабақты түсіндіру:

  • Балалар, Қазақстанның астанасы қай қала?

  • Президентіміз кім?

  • Ол қай жылы президент лауазымына тағайындалды?

  • Оның қандай жұмыстарын, істерін білесіздер?, жарайсыздар балалар, бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Мен президент болғым келеді». Олай болса, сабақ барысында біз бүгін еліміздің президенті жайлы қосымша мағлұмат алып, мәтінді оқып, аударып, мәтін бойынша жұмыс жасаймыз, кеспе қағаздармен, өз бетінше жұмысымызды жалғастырамыз.

Ал енді тақырыпқа сай жаңа сөздермен танысайық...

  1. Жаңа сөздермен таныстыру:

Президент -елбасы

Лауазымды тұлға - должностное лицо

Заң - закон

Астана - столица

Сайлау - выборы

Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастыру.

  1. Берілген мәтінді оқу, аудару.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940-жылы 6-шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданыныңда дүниеге келген. Әкесі Әбіш, шешесі Әлжан қарапайым адамдар болған. Әжесі Мырзабала «Нұрсұлтан» есімін берген. Ол кішкентайынан оқуға өте құштар болған. 1967-жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы техникалық оқу орнын бітірген. Теміртау қаласында партия, комсомол жұмыстарында болды. 1984-1989 Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы болды. 1990 - жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасының Президенті болды. 1991 - жылы 1 - желтоқсанда өткен бүкілхалықтық президенттік сайлауда республика азаматтарының 98,7 пайыз қолдауына ие болды.

  1. Сұрақтарға жауап беру:

  1. Нұрсұлтан Әбішұлы қай жылы президент атанды?

  2. Елбасымыздың әжесінің аты кім?

  3. Президенттік сайлауда неше пайыз дауысқа ие болды?

  4. «Президент болсам» тақырыбына 3-4 сөйлем құрастыру.

  5. Берілген сөздерді жіктеу және септеу:

Президент, астана, заң.

Сабақты қорыту: Сұрақтар кою арқылы, алған білімдерін тексеру

VI. Үй тапсырмасын беру: «Мен президент болғым келеді» тақырыбына эссе жазу.

VII. Бағалау: Тиісті бағаларын қою





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал