- Учителю
- Сыныптан тыс іс-шара 'Ұлттық аспаптар'
Сыныптан тыс іс-шара 'Ұлттық аспаптар'
Ебелекбаева Әйгерім
«Бакалавриат» мектебі
Ұлттық аспаптар
( 7-сынып)
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: оқушылардың ұлттық аспаптар туралы білімдерін жетілдіру, тақырып бойынша алған білімдерін қорыту, бекіту.
-
Дамытушылық: жұптық жұмыстарын жүргізуді дамыту. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
-
Тәрбиелік: музыканы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық аспаптар, слайдтар
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
-Сабақтың мақсатын, барысын айту.
II Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақ-жауап:
-Қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз?
-Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?
-Тұсаркесер тойы қашан өткізіледі?
-Қандай ұлттық ойындарын өттік?
-Қысқаша осы ойындар туралы әңгімелеп беріңдер?
-Қандай шылау сөздерді білесіңдер?
(слайд) Тапсырманы тыңдаймыз:
-Сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар:
I нұсқа II нұсқа
Вместе с учениками - вместе с учителем-
После школы - после кино-
Через город - через улицу-
До дома - до школы-
О маме - о папе -
III Жаңа сабақ.
(слайд)
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй.
Абай Құнанбаев
Сұрақ-жауап:
-Балалар, қандай күйді білесіңдер?
-Ол кімнің күйі?
-Қазақтың қандай күйші-сазгерлерді білесіңдер?
-Күйді қандай аспаптарда орындауға болады?
Сабақтың тақырыбын жазамыз:
Ұлттық аспаптар.
Жаңа сөздер:
Ішек-
Ішекті-
Үрмелі-
Дабылды-шулы-
Сарнамалы-
Саз-
Мәңгілік-
Үн-
-Жуан сөздерді оқимыз.
-Жіңішке сөздерді оқимыз.
(слайд)
Қазақ музыка аспаптарының түрлері
Ішекті үрмелі дабылды-шулы сарнамалы
(слайд)
Домбыра-XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында кең тараған музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатан. Үйдің төрінде тұрады.
(слайд)
Құрманғазының күйі «Ақсақ құлан»
(слайд) Қобыз
Қобыздың атасы Қорқыт. Ішектері ат қылынан тағылады. Астыңғы жағы терімен қапталады.мұндай қылқобызда көбінде жыршылар, әншілер және бақсылар ойнайтын болған.
Оқулықпен жұмыс:
127-бет. Мәтінді оқып аударыңдар.
Қорқыт атамыздың сұрағына кім жауап береді?
-Өмірде не мәңгілік?
(слайд) Шертер
Шертердің құрылысы мен формасы негізінде домбыраға ұқсас, мойыны қысқа, үш ішекті, үлкендігі қобыздай.
(слайд)Сазсырнай
Саздан жасалған үрмелі аспап. Қазба жұмыстары кезінде Отырардан табылған.
(слайд) Сыбызғы
Сыбызғы-үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап. Бармақ басатын үш тесігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады.
Сыбызғы негізінен ағаштан және құрайдан жасалады. Бақташылар арасына көп тараған.
(слайд) Шаңқобыз
Шаңқобыз-бұл көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілше болады. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайды.
(слайд) Асатаяқ
Асатаяқ-ұрып ойнайтын музыкалық аспап.
(слайд) Жетіген
Жетіген- жеті ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі.
Жетіген туралы аңыз.
(слайд) Аспаптардың жасалу жолын, олардың үнін тыңдаймыз.
(слайд) «Қайталай ғой» ойын
IV Бекіту
Оқулықпен жұмыс:
2-тапсырма Диалогты оқып, тиісті шылау сөздерді қойып, аударамыз.
Деңгейлік тапсырмалар:
-Оқулықтағы диалогты жатқа айту.
-«Отырар сазы» оркестірі туралы диалог.
-Диалогты пайдалана отырып, «Отырар сазы» оркестірі туралы әңгіме құрастыру.
Тест
-
Үйдің төрінде тұратын аспапты табыңыз.
А) асатаяқ
Б) домбыра
В) дәптер
-
Домбыраға ұқсас аспапты табыңыз.
А) сыбызғы
Б) асатаяқ
В) шертер
-
Ішекті аспаптарды табыңыз.
А) домбыра, қобыз, жетіген
Б) дабыл, асатаяқ
В) ауызсырнай, сырнай
-
«Ақсақ құлан» күйінің авторы кім?
А) Дина Нұрпейісова
Б) Құрманғазы Сағырбайұлы
В) Нұрғиса Тілендиев
-
«Отрар сазы» оркестрін кім құрған?
А) Құрманғазы Сағырбайұлы
Б) Нұрғиса Тілендиев
В) Дина Нұрпейісова
-
Қазақтың ұлттық ойындарын табыңыз.
А) алтыбақан, асық, арқан тарту
Б) сурет салу, дойбы
В) футбол, шахмат
-
Шылау сөздерді табыңыз.
А) туралы, арқылы
Б) қалам, дәптер
В) отыр, жатыр
-
Барыс септіктің септеулігін табыңыз.
А) үшін, туралы
Б) қатар, басқа
В) дейін, шейін
-
Демеулік шылауларды табыңыз.
А) әйтпесе, егер
Б) арқылы, шейін
В) ба,бе
-
Сөйлемді жалғаулықтармен толықтырыңыз:
Қонақ шақырудың..., дастарқан жасаудың..., тойды көңілді өткізудің ... өзіндік үлгісі бар.
А) туралы, дейін, шейін
Б) да, да, де
В) ме, бе, пе
V Үйге тапсырма
-Ұнаған аспап туралы әңгіме құрастыру.
VI Қорытынды
-Қандай ұлттық аспаптарын білесіңдер?
-Кім бүгін жақсы жұмыс істеді деп ойлайсыңдар?
-Бағалау парақтарын тапсырамыз.
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні
1-тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
тест
Қорытынды баға
Сабақты талдау
Мұғалім: Ебелекбаева Әйгерім
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Тақырыбы: Ұлттық аспаптар
Сабақ 7 «Б» сыныбында өтті. Сыныпта 10 оқушы бар. Оның ішінде 6 ұл, 4 қыз бала. Оқушылардың білім деңгейі ортадан биік, қазақ тілінен 5-ке оқитын бала: Исенбаев Ернұр, Оржанова Айзере, Рауан Диас; 4-ке оқитын оқушылар: Казбеков Еділ, Карибаева Аяжан, Кузнецов Руслан; 3-ке оқитын оқушылар - Агыбаев Омар, Курлеутова Данель, Жарылгапова Карина, Машнин Роман.
Оқушылардың сабақта белсенділігі жақсы, білім біліктері қалыптасқан. Күнтізбелік бағдарлама бойынша, біз әлеуметтік-мәдени аяның «Мен әуен тыңдаймын» модулін оқып жатырмыз. Бұл модульге 13 сағат берілген. Бүгінгі өтілген тақырып, осы модульдің 4 сабағы, «Ұлттық аспаптар», яғни білімді толықтыру сабағы.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік: оқушылардың ұлттық аспаптар туралы білімдерін жетілдіру, тақырып бойынша алған білімдерін қорыту, бекіту.
-
Дамытушылық: жұптық жұмыстарын жүргізуді дамыту. Тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
-
Тәрбиелік: музыканы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық аспаптар, слайдтар
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысы айтылды.
Сабақта өтілген тақырыптарға тоқталып, оларды қайталап, оны бекіту мақсатында интерактивті тақтаның көмегімен бірнеше жұмыс түрі болды. Жаңа сабақ слайд арқылы түсіндірілді. 1 тапсырма - оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуына көмектессе, 2-тапсырма - диалог ретінде өтті, 3 тапсырма - оқушылар «сөздерді толықтыр» жаттығуын жазбаша орындады, жұмыстары дұрыс жауабымен, тексерілді. Келесі тапсырмамыз жазбаша, тест түрінде өтті, мұнда оқушылар Ұлттық аспаптарға байланысты сұрақтарға жауап берді.
Сабақтың сұрақ-жауап ретінде қорытындалды.
Сабақта белсене қатысқан оқушылар бағаланып, мадақталды.
Үйге тапсырма берілді. Үйге ұнаған аспаптары туралы әңгіме құрастыру берілді.
Сабаққа қойылған мақсатыма жеттім. Оқушылар білімдерін көрсете алды.