- Учителю
- 'Лиро-эпостық жырлар' тақырыбында сабақ жоспары (9-сынып)
'Лиро-эпостық жырлар' тақырыбында сабақ жоспары (9-сынып)
Павлодар қаласы, ПҚБАИ «Бекітемін» ________
1-топ Мектеп директорының м.а.
Пәні: қазақ әдебиеті М.Н.Кабдуова
САБАҚ: Лиро-эпостық жырлар
Мектеп: Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББМ
Күні: 1.10.2015
Мұғалімнің есімі: Т.К.Тлеуова
СЫНЫП: 9-сынып
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Лиро-эпостық жырлар туралы түсініктерін кеңейту, қосымша мәліметтер жинақтату
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
-
Лиро-эпостық жырлар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып өз бетімен тақырыпты игере алады, бұрынғы білімдерін жинақтай алады, берілген тақырыпшалар арқылы білімдерін жинақтап постерге түсіре алады
Оқушылардың басым бөлігі:
-
Батырлар жырымен салыстыру арқылы лиро-эпостық жырлардың ерекшеліктерін тани біледі, жұптық, топтық жұмыста ойларын дәлелдеу, пікірін білу барысында диалогқа түсе алады, пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып ортақ шешімге келе алады
Кейбір оқушылар:
-
Лиро-эпостық жырдың құндылығын анықтап тұжырымды ойларын жаза алады (ТжДО)
-
Лиро-эпостық жырлар жайлы ойымызды тұжырымдай отырсақ, оның құндылығы ... сияқты аяқталмаған сөйлемдер арқылы құндылығын анықтап жаза алады (КҚЕО)
Тілдік мақсат
Оқушылар:
-
Лиро-эпос жыры, оның басты тақырыптары, кейіпкерлері, ерекшеліктері, оларды зерттеген ғалымдар, ондағы халық тұрмысы, т.б. жайлы пікір алмасу арқылы диалогқа түседі, постерге түсіріп қорғай алады, жұппен, топпен дәлелдей алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Лирика, эпика, дастан, ішкі сезім, әдет-ғұрып, халықтың тұмысы, ұрпақ, ауыздан-ауызға, дүниетаным, сүйіспеншілік, өмірге көзқарас, лиро-эпостық поэмалар, ғашықтық жырлар, батырлар жыры.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
Қандай жырларды лиро-эпостық жырлар дейміз және неге?
Оның басты тақырыптары қандай?
Ғашықтық жырлардың басты кейіпкерлері кімдер?
Бұл жырлардың басты ерекшеліктері қандай деп ойлайсыңдар?
Лиро-эпостық жырлар неліктен көп нұсқалы болады деп ойлайсыз? Себебі не?
Лиро-эпостық жырларды зерттеген ғалымдардан кімдерді білесіз? Олар зерттеулерді қалайша жүргізген?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Лиро-эпостық жырларда тек екі жас арасындағы махаббат, сүйіспеншілік қана суреттелмеген, онда сонымен қатар... .
Лиро-эпостық жырлар жайлы ойымызды тұжырымдай отырсақ, оның құндылығы ...
Алдыңғы оқу
Талдай алу, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу, салыстыру дағдылары
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
Басталуы
0-3 мин
ОмОЖТ
СТО
ОЖЕСО
Психологиялық ахуал:
1. Оқушыларды топқа тұрғызып, «Жүрек» суретін беру арқылы бір-біріне жылы тілектер айтқызып, «Бұл жүрек - ненің символы?» деген сауалға «Жүрек - махаббат, сүйіспеншіліктің символы» деген жауап алу
2. Махаббат жайлы цитаталар жазылған қағаз қиындыларды таңдап алу арқылы сынып төрт топқа бөлінеді. Құрастырылған қағаздағы жазылған цитаталарды оқу.
- Бұл цитаталар не жайлы? (Ғашықтық, махаббат, сүйіспеншілік)
- Қазақ әдебиетіндегі әйгілі ғашықтардан кімдерді білесіңдер? (Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Қыз Жібек - Төлеген, т.б.)
- Олай болса, олар жайлы шығармаларды қалай айтамыз? (Лиро-эпостық немесе ғашықтық жырлар)
3. Лиро-эпостық жырлар туралы тақырыпты анықтау. Сабақтың мақсатын ашады.
1. Жүрек суреті
2. Цитаталар: Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар. Абай
Махаббат жастар айтпақшы құмарлықпен емес, сенімділік пен баяндылықпен өлшенеді. Цицерон
Ғашықтың тілі - тілсіз тіл, Көзбен көр де, ішпен біл. Абай
Махаббат сыртқы құбылыс емес, ол үнемі біздің ішімізде. Луиза Хей
3. Қима қағаздар
Ортасы
4-13 минут
ОмОЖТ
СТО
ОүБжОБ
ОБжК
ТжДБО
14-21 минут
ОмОЖТ
ОЖЕСО
ТжДБО
22-29 минут
ОмОЖТ
СТО
ТжДБО
ОБжК
29-35 минут
СТО
ОүБжОБ
ОБжК
Білу:
«Карусель» әдісі бойынша "Лиро-эпостық жырлар" яғни ғашықтар жыры туралы не білетінін еске түсіріп, постерге түсіреді. 4 топқа төмендегі талдауға арналған сұрақтар беріледі.
1- топ: Лиро-эпостық жырлар деп қандай жырларды айтамыз?
2-топ: Лиро-эпостық жырлардың басты тақырыптары қандай?
3-топ: Лиро-эпостық жырлардың басты кейіпкерлері кімдер?
4-топ: Лиро-эпостық жырлардың ерекшеліктері қандай? - деген сұрақтарға жұбында және тобында талқылап, ортақ шешімдерін жауапты берілген А3 қағазына түсіреді. Сағат тілінің бойымен жүре отырып әр топ өзге топтың жазғанын бағалайды. (√ - түсінікті, ? - түсініксіз - сұрақ жазып кетеді, ! - белгісін қояды, толықтырып кетеді).
Түсіну:
Лиро-эпостық жырлар жайлы төрт тақырыпшаға бөлінген мәтін таратылады. Топқа бір тақырыпшадан ғана оқу тапсырылады, түсінгендерін жұппен, топпен талқылайды. «Мозайка» әдісі бойынша топ мүшелері өзге топтарға бөлініп барып, оқыған өз тақырыпшаларын түсіндіреді, үй топтарына қайтып оралып, түсінгендерін топта айтады.
Қолдану және талдау:
Әр топ мүшесі басқа топтардан жинаған ақпараттарымен бөлісіп, тақырып жайында толық мәлімет алады және түсінгендері бойынша негізгі мазмұнның басты идеясын тірек сөздерін пайдаланып, ортақ ойларын постерге түсіреді. Постерге түсіргенді топ спикерлері ортаға шығып қорғайды. Басқа топ мүшелері түсінбеген тұстарына сұрақтар қоя алады.
Бағалау критерийлері:
-
Тақырыптың ашылуы
-
Ойдың тиянақтылығы
-
Идеялардың дәйектілігі
Жинақтау
Батырлар жыры мен лиро-эпостық жырлардың айырмашылығы мен ұқсастығы қандай? Жеке, жұпта және топта талқылау арқылы ортақ шешімдерін Венн диаграммасына салу арқылы білдіреді.
Лиро-эпостық жырлар
Батырлар
жыры
Флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, қалам, қарындаш, т.б.
Оқулық, мәтіндер
Флипчарт, қалам, қарындаш, маркер, скотч, қайшы, стикерлер (түрлі-түсті)
Флипчарт, маркер, скотч, қайшы, т.б.
Аяқталуы
36-45 минут
СТО
ТжДБО
ОЖЕСО
ОүБжОБ
Рефлексия:
"Лиро-эпостық жырлардың құндылығы неде?" деген сауалға жауап хат жазуды ұсыну. Жаңа тақырыпты негізге ала отырып, хат жазып, ойларын дәлелдейді.
Бағалау критерийлері:
1.Сөйлемдердің дұрыс құрылуы, сауаттылығы.
2.Ойдың бірізділігі, жүйелілігі.
3.Көркем тілмен жазылуы.
Кері байланыс:
Не білемін?
Не білдім?
Не білгім келеді?
Стикерлер таратылып, жазу тапсырылады.
Үйге тапсырма: оқулықтан 68-70 беттерді оқу
Стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс
-
Қосымша көмек қажет ететін оқушыларға эссе жазуда аяқталмаған сөйлемдерді ұсынамын; жұппен, топпен жұмыс барысында бағыттап отырамын;
-
Қабілеті жоғары оқушылардан жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап аламын; эссе жазуда өздерінің ойларын терең жеткізе алады.
-
Қошеметтеу, бас бармақ -уәж.
-
«Карусель» әдісі арқылы бағалаушы топ өзге топтарды бағалайды.
-
БББ - кері байланыс.
-
Қазақ тілі, тарих
-
Интербелсенді тақта
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшық сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетіненін білдім? (балаға, өзіңе қоюға болады)