- Учителю
- Поурочный план по казахскому языку по теме «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет»
Поурочный план по казахскому языку по теме «Қазақстан – тәуелсіз мемлекет»
9 сынып Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қазақстан - тәуелсіз мемлекет». Сөздердің байланысу түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң жауап қайтара білуге үйрету.
Сабақтың тәрбиелілігі: Егеменді еліміздің жас қырандарын халқының мәртебесі биік, мемлекеттік тілде таза сөйлеуге, тілімізден нәр алып, сусындап өсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, белгілі тұлғалар суреттері, мақал - мәтелдер, әртүрлі сызбалар, тест, ҚР рәміздері.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабатың әдісі: сұрақ-жауап, пікірлесу, тест
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
Кіріспе. Слайд ашу
Білімдерін тексеру:
Слайд 1
- Сурет бойынша өз ойларын жеткізу.
- Қазақстан- тәуелсіз мемлекет.
Слайд 2:
-
Отан дегеніміз не?
-
Отан дегеніміз - адамның туып - өскен жері
-
Отан деген немене?
-
Отан - үйің, бесігің
Отан - елің, есімің
-
Отансыз адам кім болмақ?
-
Отансыз адам - ол жансыз
Отансыз адам - ол үнсіз
-
Жүрегі жоқ адамның
-
Болмайды тек Отаны.
-
Отан сенің неменең?
-
Отан менің байлығым,
-
Отан менің берекем
-
Отаным менің - Қазақстан
Тіл жетпейтін ғажапсың.
Слайд № 3
Тәуелсіз
еліміздің
ұрпақтары
ақылды тілін құрметтейтін
білімді
дені сау
намысты
Отанын сүйетін
Слайд № 4-16
Ғажайып алаң: Қазақстан, тілге құрмет - елге құрмет, салтын сүйген - халқын сүйер
Сұрақтары:
Қазақстан:
1. Қазақстан тәуелсіздігін алған жыл - 10
2. Қазақстан Рәміздерін ата - 20
3. Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - 30
Тілге құрмет - елге құрмет:
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл? -10
-
Қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы кім? - 20
-
Жалғасын тап:
а)Ерлік білекте емес елі бай
ә)Жері байдың жақын көп
б)Жақсы болсаң жүректе - 30
Салтын сүйген - халқын сүйер
-
Қызық сөздер: қазақ, қыран, түс, мысық, кіші - 10
-
Ұлттық ойындарды ата - 20
-
Асық атауларын білесің бе? - 30
Слайд № 17
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйықтаған ойды кім түртпек.
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек,
(Абай)
Слайд № 18
Үш бақытым
Ең бірінші бақытым - халқым менің
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей - кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
«Кім мықты?» десе біреу, - «Отан» дер ем.
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай - ақ кел - дағы от ал менен.
(М.Мақатаев)
Слайд № 19
Бақыт
тіл халық Отан
Тереңдік
Еркіндік Халық -дана Отан - от басынан
Шапшаңдық басталады
Айқындылық
Слайдтар 20-21:
Тереңдік
1. Түркі тілдер тобы нешеге бөлінеді? - Қыпшақ, қарлуғ, оғыз
2. Басқа түркі тілдеріне б, ғ, г дыбыстар келетін сөздерде қазақ тілінде у,к,қ дыбыстар қолданылады. Мысалы:ауа - һава, тау - тағ, келді - гелди
3. Басқа түркі тілдерінде ш дыбысы келетін біраз сөздерде қазақ тілінде с дыбысы қолданады. Мысалы: бас - баш, тас - таш
4. Сөз басында и дыбысы келетін жерде қазақ тілінде ж дыбысы айтылады. Мысалы: жол - йол, жас - иаш - яш
5. Түркі тілдерінде -лар, - ләр - қосымшасы дыбыс үндестігіне сәйкес өзгермесе, ал қазақ тілінде өзгеріп отырады. Мысалы: малдар - маллар, аттар - атлар, кітаптар - китаплар, дәптерлер - дәптәрләр
6. Басқа түркі тілдерінде сұрау есімдігінде -н қолданылса, қазақ тілінде -й дыбысы қолданылады, ал ұйғыр тілінде -қ дыбысы қолданылады. Мысалы: қандай? - қандақ?
Слайд 22:
Еркіндік
"Қазақ, орыс, ұйғыр тілінде айту"
көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойыңдар
-
Тіл көңілдің - ............
-
Досы жоқ адам - ..... жоқ тағам
-
...........қорқақ, ......... батыр
4. Ішің күйсе, ........ жала
5. Таза мінсіз асыл тас су түбінде жатады
Таза мінсіз .......... ой түбінде жатады
Керекті сөздер: асыл сөз, айнасы, көз, қол, мұз, тұз
Слайд 23:
Шапшаңдық
Асыл сөздердің жалғасын тап:
-
Өнер алды - қызыл..... .
-
Бас кеспек болса да,..........кеспек жоқ.
3. ............тәтті де, ащы да зат жоқ.
4. Жеті жұртың ................ біл.
5. Ал, екінші бақытым - .............менің .
Слайд 24:
Айқындық
1) Әкесіне қарап ұл өсер
Анасына қарап .... өсер
2 ) Тәттіден тәтті - тіл,
Ащыдан .... - тіл.
3. Сөйлемді аяқтаңыз.
Жаңа оқу жылы ..... .
Оқушыларды білім ордаларында ұстаздар ...... .
4)Сөйлемді кеңейтіңіз.
Сабақ ұнайды. Тапсырма орындаймын.
5) Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз
Достықтың,киелі, бірлік,пен,Қазақстан-,бесігі.
Қазақстан, үшін-,Отанымыз,біз,сүйікті.
Слайдтар 25
Жаңа тақырып: Сөздердің байланысу түрлері: қиысу, матасу, меңгеру, қабысу, жанасу
Қиысу - сөздердің жіктік жалғауы (-мын, -мін, -сың, -сің)
арқылы байланысуы, не бастауыш пен баяндауыштың байланысуы
Мысалы: оқушы - оқушымын, оқушысың
Слайд № 27 -32
Ойширатар:
Ойын: Суреттегі заттарды дұрыс сипаттау арқылы табу
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Қазақстанда қанша ұлт тұрады?
3. Белгілі тұлғаларды атаңдар.
4.Киіз үй
Слайд 33-34:
Аукцион
Сұрақ - жауап
- Қазақстанның әнұранының сөзін және әнін кімдер жазды?- Ш. Қалдаяқов, Ш. Нәжімеденов, Н. Назарбаев
- Қазақстан қандай мемлекет?- Тәуелсіз, егеменді мемлекет
- Қазақстанның елтаңбасында не бейнеленген?- Қанатты ат, шаңырақ, жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу бар
- Қазақстанның елордасы? - Қазақстанның елордасы - Астана
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?- Түркі тілдер тобына жатады.
- Арабтар Отырар қаласын қалай атаған?- Фараб қаласы
- Диалог деген не?- Екі кісінің сөйлесуі
- Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз? - Арал
- «Оқушы»сөзінің синонимі? - Шәкірт
Қорытынды сабақ.
Слайд 35:
Сурет бойынша әңгімелеу
О Т А Н
Отан -оттан да ыстық.
- Отан сөзінің синонимін табыңдар (туған жер, атамекен)
Атамекен әнін үйрету
Үй тапсырмасы. «Менің Отаным - Қазақстан» шығарма
Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.