7


  • Учителю
  • ҚАзақ тілі 8 сынып: Ел ертеңі - жастар.

ҚАзақ тілі 8 сынып: Ел ертеңі - жастар.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ел ертеңі - жастар.. Сөйлем мүшелері.

Сабақтың мақсаты: : «Ел ертеңі - жастар» мәтінін оқып жалғастыру. Сөйлем мүшелерін есте

сақтап, дұрыс сұрақ қою.

Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, ауызекі сөйлеу тілін дамыту,

сөз қорын молайту.

Адамгершілікке, Отанға деген сүйіспеншілікке, жауапкершілікке,

достыққа баулу.

Көрнекілік: Таблица. Тест. «Жастық»

Сабақтың әдісі: түсіндіру, түртіп оқу, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың түрі. Аралас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезені.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. 2.6.8.-тапсырма. 26 бет. Сұрақтарға жауап жазу арқылы Отан туралы, туған жер туралы шағын шығарма жазыңдар.

Жеке жұмыс. Ел - септеу. Жастар - фон. талдау.

ІІІ.Өткенді қайталау. Көру диктант. Мәнерлеп оқу. Асты сызылған сөздерге сұрақ койыңдар.

Тәуелсіз ел Қазақстан - тұрағым.

Жарқыратқан нұрлы өмір шырағын.

Көк байрағым еркіндікті паш етіп,

Қыран қанат - көкке самғар жыр әнім. (Ә. Ысқақов)

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындалу. . «Жастық» деген мәтінді оқып, негізгі ойы берілген сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қойыңдар.

Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш. шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның да басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің

жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаздыгүні қыстың азық -түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды.

- Жастар дегенде қандай сөздер ойға келеді, қандай ойлар туады?

Келешек, болашақ, ел ертеңі, қуаныш, мақсат, талап, оқу, білім, жетістіктер, мамандық,

оқу орындары, көңілді ...

2.Жаңа сөздермен танысу.

Талап қояды, шебер, білікті, маман, игеруге ұмтылады, нарық заңы, айқындайсың, мақсаттарыңды жүзеге асыра біл.

ІҮ. «Ел ертеңі - жастар» мәтінін түсініп оқып жалғастыру.

ІҮ. Бекіту. 274 жаттығу. 27 бет. (а) Дұрыс па? Бұрыс па? Мәтінді пайдалана отырып өз пікірлеңді айтыңдар.

273 жаттығу. 27 бет. (а)Сұрақтарды талқылаңдар.

- Егер мүмкіндігін болса, қай елде білім алар едің?

-Жақсы маман болу үшін тек шетелде білім алу керек пе?

-Биыл Қазақстанда қандай жоғары оқу орны ашылды? (Назарбаев университеті)

- Онда оқығандар қандай білім алады?

-Келешекте кім болғың келеді?

2. Өздік жұмыс. 271 - жаттығу. 27 бет. Сұрақтарды толықтырып, оларға жауап беріңдер.

275 - жаттығу. 28 бет. Сөйлемнің баяндауышын тауып жазыңдар.

Үй жұмысы: 276 - жаттығу. 28 бет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал