- Учителю
- ҚЫсқамерзімді жоспар 7 сынып
ҚЫсқамерзімді жоспар 7 сынып
| Күні | Сыныбы: 7 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым | |||||
Сабақтың мақсаты
| Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Сұраулы, құрмалас сөйлемдерді және шылау түрлері арқылы оқушыларды ережелерді меңгерумен қатар сыни ойлауға жетелеу. Оқушыларды коммуникативтік қарым - қатынасқа түсуге жетелеу, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру. Түйінді идеялар: Жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қолдана алуға үйрету. | |||||
Күтілетін нәтижелер | сөздік қоры дамиды, өз етімен,топпен жұмыс жасайды. | |||||
Сабақ әдісі | сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру | |||||
Сабақ түрі | жаңа сабақ | |||||
Сабақтың көрнекілігі | карточкалар, оқулық, суреттер | |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақ кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||
1.Ұйымдас тыру | «Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту Шырылдады қоңырау, біз сабақты бастаймыз
| «Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну Сабақ тақырыбын анықтайды, міндеттерді қояды | ||||
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
| Оқушылармен сұқбат.
Кітаппен жұмыс - 3 б. 1 - тапсырма. Жұмбақтарды шешу 3 - тапсырма. Мәтінді рөлге бөліп оқиды Кестемен жұмыс Сұраулы сөйлем жасалу жолдары
Кім? Не? ма/ме, ба/бе ә, сірә Қандай? па/пе қайтеді
«Құрмалас сөйлем» тақырыбын кесте бойынша түсіндіремін. | 2 - тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқиды Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған...
Әр топ өз бетінше шылаудың түрлерін оқып шығады - 5 б.
«Менің отбасым»деген тақырыпқа сұрау есімдіктері арқылы сұраулы сөйлемдер құрап, сұрақтарға өзара жауап береді.
Сөйлемдерде септеулік, демеулік, жалғаулық шылауларды пайдаланады.
Сұрақ - жауап Не білемін? Не білдім?- деген сұрақтарымен сызба толтыру. Мәтіннің бірінші бөлімі оқылады,бөлімде не туралы айтылғандығы талқыланады, топтастыруға толықтырулар енгізіледі. | ||||
3. Рефлексия |
Сабақ туралы оқушылардың интервью арқылы ойларын білу.
Оқушының жеке көңіл күйі жағдайын, іс - әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
Үй тапсырмасы; жаңа сөздерді жаттап алу
|
Оқушылардың рефлексиясы
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.
| ||||
| Күні | Сыныбы: 7 | ||||
Сабақтың тақырыбы | Модульге кіріспе | |||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар тіл байлықтарын дамытып, сөздерді мағынасына қарай салыстыруды пысықтайды. Ұжымдық қарым-қатынас қалыптасады, есте сақтауларын,алған білімдерінің нәтижелерін көрсете біледі | |||||
Күтілетін нәтижелер | сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды. | |||||
Сабақ әдісі | сұхбат, топтастыру, баяндау, ой шақыру | |||||
Сабақ түрі | қайталау сабағы | |||||
Сабақтың көрнекілігі |
| |||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақ кезеңі | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | ||||
Ұйымдастыру | «Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту - ғажайып сәлемдесу. Мейірімді жүрекпен, ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық, бір жадырап қалайық!
| «Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну Сабақ тақырыбын анықтайды, міндеттерді қояды Оқушылар сәлемі: Үлкенге де сіз Кішіге де сіз, сәлем бердік сіздерге Құрметпенен біз. | ||||
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
| І - Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат, оқушылардың сабаққа даярлығын байқау. - Сәлеметсіңдер ме! Балалар. - Бүгін сыныпта кім кезекші? - Қазір қай сабақ? - Қазақ тілі сабағы нешінші сабақ? - Қазақ тілі сабағына не керек? - Бүгін аптаның қай күні? - Қазір қай жыл мезгілі?
Ал, балалар қане бүгінгі көңіл күйлеріңді алдарында жатқан смайликтер арқылы көрсетіп жіберіндер.
Лексикалық тақырып - Тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызба арқылы мұғалім оқушыларға «Менің Отаным» тақырыбы жайында мәлімет береді.
Артығын тап, неге екенін дәлелде. 4 - топқа бір қатардан беру | Оқушылар тұрып мұғаліммен сәлемдеседі.
Кезекші тұрып сұраққа жауап береді.
Топқа бөлу Балалар сол алдарында жатқан смайликтердің түстеріне қарай /сары, жасыл, көк/ мына үш топқа бөліну керек
Оқушылар смайликті көтеріп, өздерінің көңіл күйлерін көрсетеді.
Оқушылар өз топтарына отырады
Қара ----- көріп тұр ---- ала торы --- екі жүз | ||||
3. Рефлексия |
Қорытынды бағалау
Бес жолды өлең Оқушылардың рефлексиясы(1 мин) Бағалау
|
Оқушылар өздеріне, бір - біріне, сабаққа баға қояды. |
Сабақтан алған әсерлерін алдын - ала
таратылған гүлге жазып, магнитті
тақтаға жапсыру
(Әр оқушы сабақтан алған әсерін жазады).
Оқушылар өздеріне, бір - біріне, сабаққа баға қояды.
Апта
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Сұраулы сөйлем
Жалпы мақсаты
Оқушыларды танымдық білімін арттыруға және оқушылардың ой - өрісін, есте сақтауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер
Сұраулы сөйлем туралы түсінігі қалыптасады, дүниетанымы, сөздік қоры дамиды, өз бетімен , топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
әңгімелеу , сұрақ - жауап, іздендіру,
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Керекті жабдықтар
Тірек-сызба,коллаждар,бүктемелер.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Сабақ тақырыбын анықтау, міндеттерді қоя білу, «Ойлар себеті»
«Есеп» әдісі арқылы топтарға бөліну
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз? (сөйлем)
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем нелерден құралады?
- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
- Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?
-Оқыған сөйлемдерің қандай сөйлемдер деп ойлайсыңдар?(сұраулы сөйлемдер)
- Неге?
- Сұрақты не үшін қоямыз? (жауап алу үшін)
- Осыдан қандай ереже шығарып алуға болады?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.
Шығармашылық диктант. Сұраулы сөйлемдерге айналдыру
1. Қар қалың жауды.
2. Қасқыр - жыртқыш аң.
3. Анар қалада тұрады.
Өлең шумақтарын мәнерлеп оқытып, салыстыру.
- Қай ақын сұраулы сөйлемді пайдаланған?
- Өлеңдерде не туралы айтылған?
- Аққу туралы не білеміз?
Оқушыларға шұардағы қағаздарды алғызып, сөйлемді оқытып сұрақтарға жауап алу.
1-шар: - Сенің атың кім?
2-шар: - Нешінші сыныпта оқисың?
3-шар: - Сабақтарың нешеде басталады?
4-шар: - Сабақтан бос уақытта не істейсің?
Әр топ карточкалармен жұмыс істейді
Рөлге бөліп оқытып, сұрақтар қою.
- Бұлттар қайда қонады?
- Бұлттар - таудың қонағы.
- Құстар қайда қонады?
- Құстар - талдың қонағы.
- Қаңбңқ қайда қонады?
- Қаңбақ - сайдың қонағы.
- Қармақ қайда қонады?
- Қармақ - судың қонағы
3. Рефлексия
Қорытынды. Ойын «Аққала»
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлем нешеге бөлінеді?
3. Сұраулы дегеніміз не?
4. Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Сонымен, бүгінгі сабақта сұраулы сөйлем туралы білдіңдер. Келесі сабақта әлі де үйренетін боласыңдар.
Оқушылардың рефлексиясы(1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Шылаудың түрлері
Сабақтың мақсаты
Тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету; ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелер
Шылау, оның түрлері туралы толық мәлімет алады, сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ түрі
пысықтау сабағы
Сабақтың көрнекілігі
тірек сөздер, оқулық, дәптер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Сыныпты жұпқа бөліп, үй жұмысын тексеремін.
Өткен материалды қайталау мақсатында және жаңа тақырыпқа кіріспе ретінде «миға шабуыл» әдісін қолданамын.
Ең алдымен тақтадан «Отанымды барлық жаулардан әрқашан өлеңмен және мылтықпен қорғауға менің дауысым мен қолым әлі де қуатты».
1. Сөздерді не байланыстырып тұр және қалай?
2. Осы сөздерді қалай сипаттар едіңдер?
3. Сөйлемде бұл сөздер қалай жазылып тұр?
4. Егер демеулік шылаулар болса ше?
5. Сұраулы шылаулар болса ше?
Септеулік шылаулар мыналар: үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, тәрізді, дейін, шейін, қарай,таман, бері, бұрын, бірге, соң, кейін, т.б.
Жалғаулық шылаулар: мен(бен,пен), да,(де,та,те),не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірақ, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен,сонда да, әлде, өйткені,себебі, сондықтан,сол себепті т.б.
Демеулік шылаулар: ма(ме,ба,бе,па,пе),ше,-ақ,-ау,-ай,әсіресе,да,(де,та,те). ғана(қана),тек,кейде,-ақ,-мыс(міс),кейде,-ау,түгел,тұрсын,тұрмақ,қой(ғой),-ды(-ді,-ты,-ті)
Тапсырма:
1. Шылау дегеніміз не? 2.Қызметіне қарай нешеге бөлінеді?
3. Септеулік шылауларды ата? 4. Жалғаулық шылауларды ата?
5. Демеулік шылауларды ата?
-
Шылау дегеніміз не?
-
Шылауларды ата.
-
Мен (бен, пен), және шылауларына мысал келтір?
-
Да (де), та (те) шылауларына мысал келтір?
-
Көше бойында сұлу да сұңғақ көк теректер бой түзеп түр.
Осы сөйлемдегі шылауларды тап.
-
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларына мысал келтір?
-
Үшін, туралы, дейін (шейін) шылауларына мысал келтір?
-
Қой (ғой), қана (ғана), -ақ шылауларына мысал келтір?
-
Мына сөйлемдегі шылауды тап. Бөрібасар мен бөтен ит таласты.
-
Шылаулар мен шылау тұлғалас қосымшаларды ажырат.
Тест
1. Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді не дейміз?
а) етістік ә) шылау б) үстеу
2. Мына сөйлемге қай шылау лайықты?
Отан ... отқа түс, күймейсің.
а) туралы ә) дейтін б) үшін
3. «Ы» әрпі қойылатын қатарды тап.
а) ...рақмет ә) ...рыс б) ...рай
3. Рефлексия
Сабақ туралы оқушылардың интервью арқылы ойларын білу.
Оқушының жеке көңіл күйі жағдайын, іс - әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
Жаңа сөздерді жаттап алу, ережелені қайталау
Оқушылар өздеріне, бір - біріне, сабаққа баға қояды.
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Мінездің ұнамды белгілері
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын молайту, ой - өрістерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе алуға дағдыландыру, оқушылардың мінез - құлық мәдениетін дамыту.
Күтілетін нәтижелер
сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
сұхбат, ой толғау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақ түрі
сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, тірек сөздер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен
Бөлісемін бақытты
Әрбір іске жауапты
Бала болам талапты.
«Адамның бойындағының бәрі: келбеті де, киімі де, жан - дүниесі де, ойы да әдемі болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарасам, көз сүйсіндіріп, бас
айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан - дүниесіне үңілсек - құдай сақтасын! Әп - әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап - қара
болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре алмайсың». Чехов А. П.
«Адамның мінезі туралы» бейнебаянын көрсету
Оқулықпен жұмыс - 6 бет
Мәтінді 2 бөлікке бөліп оқу.
ІІІ деңгей мен ІІ деңгейді орындайық.
Қол алысып амандасу қайдан пайда болды?
Бас киімін алып құрмет білдіру қалай пайда болды?
Әдептілік сезімі дегеніміз не?- деген сұрақтарға топпен жауап береді.
Сөздік жұмысы
Келбет- внешность
Жан дүниесі- внутренний мир
Көркі-вид
Үңілу-заглянуть
Құдай сақтасын-боже упаси!
Ештеңемен- ничем
Жуып кетіре алмау- не смыть
3. Рефлексия
Қорытынды
Біз не білдік? Балалар, жаңа алған ақпараттар бойынша кестені толтырып шығамыз.
Сұрақ:
Адамның мінезінің ұнамды белгілер не екенін білдік пе? Формативті бағалау
Үй тапсырмасы; оқулықтағы 2-тапсырманы жазбаша орындау, түсініп оқу және түсінігін айту
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Бағалау
Топтық бағалау
Топтардың өз ішінде бағалау Оқушылардың пікірімен санасу
Күні
Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы
Менің отбасы мүшелерім қай тілде сөйлейді?
Сабақтың мақсаты
Тақырып бойынша оқушылардың тілін дамыту, тыңдай білуді және оймен бөлісуді үйрету, грамматиканы қайталау.
Қисынды ойлау қабілеттерін, қазақ халқының салт-дәстүрлері арқылы қазақ тілін үйренудің тұрақты қызығушылығын дамыту.
Қазақ тілі туралы, олардың пайдасы туралы айтып, үйрету, мәдениеттілікке баулу.
Күтілетін нәтижелер
Қазақ халқының тілі туралы, дүниетанымы, сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
сұхбат, ой толғау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақ түрі
дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, тірек сөздер, тест, өлең шумақтары
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі» - деп, Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз - қазақ тілі. Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар. 22 қыркүйек Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне арналған «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Кітаппен жұмыс - 8 бет
Ең бірінші бақытым - халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
«Білгенге маржан» (Грамматикалық сұрақтар).
Оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылады.
Оқулықтағы тапсырмаларды топпен орындайды
3. Рефлексия
Қорытынды -
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата - бабамызды, тарихымызды ұмыту»- деген, Б. Момышұлы атамыз. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір - бірімізбен қазақша сөйлесейік.
Үй тапсырмасы; Ережелерді, сөздерді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы(1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Кіру диктант
Сабақтың мақсаты
Сауаттылықтарын тексеру, жазу дағдыларының қалыптасуын қадағалау; Есте сақтау қабілеттерін арттыру; сауатты, әдемі жазуға баулу.
Күтілетін нәтижелер
Сауатты, қатесіз жазады
Сабақ әдісі
баяндау, жаздыру
Сабақ түрі
Сабақтың көрнекілігі
бақылау дәптері
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Оқушыларды түгендеу, жазба жұмысына дайындық, оның ерекшелігімен, мақсатымен, шартымен таныстыру.
Мәтінді 2 рет оқу.
Қиын сөздерді тақтаға жазу
Қарағанды
Қарағанды облысының көлемі үлкен. Мысалы, Италия, Бельгия, Нидерланды сияқты үш мемлекеттің жер көлемін қосқанда бір Қарағанды облысына әзер жетеді.
Облыс картасына көз жүгіртсең, Жезқазған, Жезді, Қантөбе, Теміртау, Ұлытау деген жерлер бар. Бұл атаулардың өзі-ақ айтып тұр. Мұнда жез, темір сияқты қазба байлықтар болғандықтан, осылай аталғаны айдан анық.
Нұра өзеніне таяу жерлерде Жаманкөл, Шөптікөл, Маржанкөл, Ағаштыкөл, Шұңғылкөл, Балықтыкөл, Шошқакөл, Сұлукөл сияқты көлдер бар. Қазір Қарағандының еліміз үшін маңызы зор.
3 рет оқи бастағанда оқушылар жаза бастайды.
Тапсырма:
«Қарағанды» сөзін септеу
3. Рефлексия
Жазба жұмыстарын жинап алу.
Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты
Жазбаша грамматикалық сауаттылығында жіберілген олқылықтарды жою, білімдерін нақтылау;
Ойын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту, талдау жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын жетілдіру;
Ұқыптылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру.
Күтілетін нәтижелер
өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
байқау, талдау, жеке оқушымен жұмыс, салыстыру.
Сабақ түрі
білімді бекіту
Сабақтың көрнекілігі
бақылау дәптері
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Жазба жұмысын жазуда жіберілген қателермен жұмыс жүргізу.
Тілдік талдау арқылы теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру.
Білімді тексеру кезеңі.
Диктантта жіберілген қателерді көру арқылы байқау, мұғалімнің түзетуі бойынша сол
сөзді салыстыру арқылы қате және қатесіз түрін табу.
Сол сөздің қатесіз түрін көшіріп жазу;
Алдын - ала дайындап келген таратпалармен жұмыс жүргізу. (Мысалы, қатесіз жазған оқушыға жеке тапсырмалар беру, диктантты қате жазған оқушымен жұмыс: қате жазу себебін анықтау, сол тақырып бойынша тапсырмалар беру);
«Ең үздік жазылған диктант» айдарымен диктантты үздік жазған оқушыны анықтау, мадақтау, ынталандыру.
Сөздікпен жұмыс істейді
Грамматика арқылы деңгейлік тапсырмалар орындайды
Жеке оқушымен жұмыс.
3. Рефлексия
Сабақ туралы оқушылардың интервью арқылы ойларын білу.Оқушының жеке көңіл күйі жағдайын, іс - әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
Үй тапсырмасы;
Ережелерді, сөздерді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Менің туыстарым
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың білімдерін жинақтау, өз ойларын жинақы көркем тілмен
жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушыны тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,түрлі ойындар арқылы оқушының ойын дамыту.
Тіл құдіретін сезіне білуге, оны құрметтей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Қазақ туыстары туралы дүниетанымы, сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
сұхбат, ой толғау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақ түрі
жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, тірек сөздер, оқулық
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Мына сөздерді орыс тіліне аударыңдар
Отбасы мүшелері ағайындылар
қария ерлі-зайыптылар
қарындас сіңлі
тәлімгер ардақтау
парыз бауырлас
жеңге жезде
келін нағашы
жиен
Кітаппен жұмыс - 9 б.
1 - тапсырма. Мәтінмен жұмыс - оқу, түсәну, аудару
Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Сөйлемдерді мағынасына қарай толықтырыңдар
Мен... көмектестім. немереңізге
Сен... балабақшадан алып келдің. нағашымды
Сіз... сыйлық алып бердіңіз. жеңгеммен
Ол... мектепке апарды. туыстарымызбен
Біз... қыдырдық. ата - анама
Сендер... көрдіңдер ме? ағаммен
Сіздер... ақылдасыңыздар. қарындасын
Олар... хабарлассын. Ініңді
Мақалдарды аяқтайды
Ата көрген оқ жонар,...
Ағайын тату болса ат көп,...
Жігіт болсаң, жеті жұрттың тілін біл,...
Сөздікпен жұмыс
Берілген сөздерден сөйлем құраңдар
Өмірде, көп, мүмкіндіктер, әкелетін, қуаныш.
Мейірімділік, туғызады, адамның, шын, бойында, жасаған, сыйлық, пейілден.
Дағдыға, отбасында, айналуы, керек, дұрыс, баланы, тәрбиелеу.
Біреуге, аласың, істесең, алғысын, жақсылық.
3. Рефлексия
Сабақ туралы оқушылардың интервью арқылы ойларын білу.
Оқушының жеке көңіл күйі жағдайын, іс - әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
Үй тапсырмасы;
Ережелерді, сөздерді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Нәтиже сабақ
Сабақтың мақсаты
Модуль бойынша қайталау, білімдерін бекіту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тазалыққа, тәртіпке тәрбиелеу
Күтілетін нәтижелер
Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы дүниетанымы, сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
сұхбат, ой толғау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақ түрі
жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, тірек сөздер, тест, өлең шумақтары
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Біз орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық!
Мына сөзді септе, көпте, тәуелде, жікте:
дос, құрдас, сынып, мектеп, оқушы, сыйлық, әке, қарындас, мұғалім, дәстүр, кеш, күн, кафе, торт, сусын, шахмат.
Оқулықпен жұмыс - 11 бет
-
Тест сұрақтарына жауап беру
-
Бақылау сұрақтары мен тапсырмаларды орындау
«Адасқан әріптер».
Әріптердің орындары ауыстырылған бірнеше сөздер беріледі. Сөздерді дұрыс оқу қажет.
к,е,м,п,т,е - (школа, класс)
ш,е,н,е?- (который, сколько)
і,м,д,і,с,к,ө - (растение, тетрадь)
н,қ,а,ы - (писатель, поэт)
кіенкүділ - (оценка, дневник)
а,к,н,і,а,т,х,а,п - (чай, библиотека)
Барам десең болашаққа
Тіліңді таза сақта....
Тіліңді биіктет,
Өзгеге сүйікті ет!
Сұрақтарға жауап беру
-
Қазақ тілінің әліпбиінде неше әріп бар?
-
Неше дауысты дыбыс бар?
-
Неше дауыссыз дыбыс бар?
-
Буын түрлерін жаз.
-
Үндестік заңына мысалы келтір.
-
Сөйлем түрлерін жаз, мысалы келтір.
-
Досыңның аты кім, оның жасы нешеде?
-
Досыңның туған күні қашан? Оған не сыйладың?
-
Отбасыңдағы мерекелік күндерді ата.
-
Туған күніңе кімді шақырасың?
«Тапқыр болсаң, тауып көр»
Знай - біл, Совесть - ар,
Язык - ... Есть - ...
Берег - жаға, Прибавь - қос,
Оценка - ... Друг - ...
Расческа - тарақ, Вода - су,
Урок - ... Флаг - ...
Белка - тиін, Шаг - қадам,
Одежда - ... Человек - ...
3. Рефлексия
Сабақ туралы оқушылардың интервью арқылы ойларын білу.
Оқушының жеке көңіл күйі жағдайын, іс - әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
Үй тапсырмасы;
Ережелерді, сөздерді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Шығарма «Менің отбасым»
Сабақтың мақсаты
отбасы туралы ойларын пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ауызша және жазбаша тілді дамыту, қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру; отбасын жаксы көркге, құрметтеуге ,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Күтілетін нәтижелер
оқушылардың сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды
Сабақ әдісі
түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ түрі
пысықтау сабағы
Сабақтың көрнекілігі
сөздік
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Шығарма
Менің отбасым
Қамтылуға тиіс тақырыптар:
Отбасы мүшелері.
Мамандықтары.
Дәстүрлер
Шығарма жазу алгоритмі
1. Тақырыбыңа байланысты материалды алдын-ала дайында,оларды сұрыптап қажет дегенін ал
2. Эпиграф таңдап ал,ол тақырып пен идеяны ашуға сәйкес алынсын
3. жоспар тақырыбына лайық нақты болып жасалсын
4. Ойдың , пікірлердің жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта
5. Тақырыптан ауытқыма
6. Қосымша материалды пайдаланғанда автордың аты кітаптың аты беті нақты жазылсын
7. Негізгі бөлім толық әрі дәлелді келуімен қатар шығарманың ең басты пікірлері осында келетінін ескер
8. Қорытынды негізгі ойдың төңірегінде жазылсын
9. сөйлемдер тиянақты,ойлы болсын
10. Әдемі айшықты сөздерді пайдалан бұл шығарма сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет
11. Қате жібермей жазуға дағдылан, емлелік сөздіктер жаныңда болсын шығарма үшін ең басты мәселе - сауаттылық
3. Рефлексия
Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
Үйге тапсырма
Өткенді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Модульге кіріспе
Сабақтың мақсаты
Отбасы - әр адамның шағын отаны, отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру, оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білгізу.
Үлкендерден адамгершілік, әдеп - инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Ата - анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту, сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Отбасы туралы оқушылардың дүниетанымы, сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
сұхбат, ой толғау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақ түрі
жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, оқулық
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап
Судай мөлдір таза көңілмен,- деп бүгінгі ашық сабағымызды бастаймыз.
Мағынаны тану. Жұмбақ.
Онда әкем, шешем тұрады,
Ата - әже, бауырым,
Бәрі бірге қосылып
Бір ұғымды құрады. /Отбасы/
Ой қозғау. Ал «отбасы» дегенді қалай түсінесіңдер?
Ал «қоғам» деген не? /Әр топ өз пікірін айтады./
Отбасы деген - бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын қоғам.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге құрметпенен біз.
Психологиялық дайындық.
Дәптермен жұмыс.
«Отбасы» дегенге әр топ анықтама береді.
Ойын «Бәйге». Әр топ сұрақтарға тез жауап береді, жалаушалар -
мен бағаланады.
- Отбасындағы баланың міндеті қандай?
- Отбасы қоры қалай жиналады?
- Туған - туыспен қарым - қатынас деген не?
- Жер бетіндегі ең қымбат адам кім?
- Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
- «Отбасының басшысы» кім болады?
- Нағашы жұрт деген кім?
- Атаң мен әжеге сен кім боласың?
- Үлкенді сыйласаң -... /қадірлі боларсың/
Кішіні сыйласаң -... /құрметті боларсың/.
- Татулық табылмас -.../бақыт/.
3. Рефлексия
Бүгінгі сабақта не туралы әңгімеледік?
Н. Ә. Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп тұрады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады».
Бағалау.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, жеті атаны жазып келу.
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды
Күні
Сыныбы: 7
Сабақтың тақырыбы
Бауыр
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың білімдерін жинақтау, өз ойларын жинақы көркем тілмен
жеткізе білуге дағдыландыру. Оқушыны тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,түрлі ойындар арқылы оқушының ойын дамыту.
Тіл құдіретін сезіне білуге, оны құрметтей білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Туысқандар туралы дүниетанымы, сөздік қоры дамиды, өз бетімен,топпен жұмыс жасайды.
Сабақ әдісі
сұхбат, ой толғау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс
Сабақ түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі
суреттер, оқулық, сөздік, дәптер
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңі
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
1.Ұйымдас
тыру
«Қуаныш шеңбері» психологиялық күйді келтіру, шеңбер бойынша тілек айту
Қызығушылықты ояту
«Мозаика» әдісі арқылы топтарға бөліну
Сабақ тақырыбын анықтайды,
міндеттерді қояды
2. Негізгі бөлім «Ой қозғау»
«Идея себеті» ойыны.
« Отбасы мүшелері» деген сөзі бар плакат тақтаға ілінеді. Бұл ойын барысында жұмыс жұппен жүргізіледі. Қазір әр жұп отбасы мүшелері жайында атауларды жазып, түсінік береді. Ең алдымен қағазға жазылып, кейіннен плакатқа бекітіледі. (3 - 5 минут)
Оқулықпен жұмыс - 14 бет
1-тапсырма Мәтіннің мазмұнын түсініп оқу
2- тапсырма Мақал - мәтелдердің аудармасын тауып алу
4-тапсырма Құрмалас сөйлемдерді табу
Қайырлы күн, әлем!
Қайырлы күн, аспан!
Қайырлы күн, сен!
Қайырлы күн, мен!
Қайырлы күн, мұғалім!
Отбасы мүшелері
Анықтама берілетін сөздер: әке - шеше, немере, шөбере, жеңге, ағайын, нағашы, жиен.
Әке - шеше, ата - ана - дүниеге ұрпақ әкелген ерлі - зайыпты адамдар.
Немере - ұлдың баласы.
Шөбере - немеренің баласы.
Жеңге - ағаның әйелі.
Ағайын - бірге туған туыстар.
Нағашы - баланың анасының төркіні.
Жиен - қыздың немесе әпке, қарындастан туған бала.
3. Рефлексия
Сабақ туралы оқушылардың интервью арқылы ойларын білу.
Оқушының жеке көңіл күйі жағдайын, іс - әрекетін, оқушылармен мұғалімнің өзара қатынас рефлексиясына жағдай жасау.
Үй тапсырмасы;
Ережелерді, сөздерді қайталау
Оқушылардың рефлексиясы (1 мин)
Оқушылар бірін - бірі бағалайды.