7


  • Учителю
  • Ағылшын тілі сабағында психологиялық қызметтің рөлі. /баяндама/

Ағылшын тілі сабағында психологиялық қызметтің рөлі. /баяндама/

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Қазіргі заман талабы ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты – әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылы
предварительный просмотр материала

Ағылшын тілі сабағында психологиялық қызметтің рөлі.

Қазіргі заман талабы ғылым мен техниканың деңгейін әрбір оқушыға саналы да терең білімнің берілуін талап етеді. Сондықтан да мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаты - әртүрлі педагогикалық әдіс-тәсілдермен жүйелі түрде оқушылардың шығармашылық ойларын дамытып, ғылыми көзқарасымен белсенділігін қалыптастыру болып саналады. Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін техникаландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан-жақтылығы, білімділігі қажет. Оқушының жеке тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі - таңдағы негізгі мәселенің бірі. Ел президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз …,»- деген болатын. Олай болса бүгінгі мұғалімнің алдында көптілді бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Қазақстанның білім беру саласындағы өзгерістер ағылшын тілін үйретуде де жаңа әдістемелерді қажет етеді. Ең бастысы сабақ жүргізудің парадигмасы ( сабақтың өту құрылымы) өзгерді. Ең басты өзгеріс тілді үйрету ғана емес, ол тілді жетік меңгеріп, қарымө қатынас құралы ретінде пайдалана білу, оның коммуникативтік құзіреттілігінде. Ол үшін мұғалім жаңа әдістерді пайдаланып, өз іс- әрекетіне өзіндік талдау жасап, шығармашылық қабілетін жетілдіре отырып, өз білімін жетілдірумен айналысуы керек.
Оқыту психологиясы-қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады. Қазіргі кезде оқу - тәрбие жұмысын ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, оны бір ізділікпен жүргізуде балалар психикасының ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттілігі жұртшылық тарапынан толық қолдау тауып, бұл жөніндегі ғылыми зерттеулер тәжірибеде елеулі табыска жетті.
Балалар психикасының өзіндік ерекшеліктерімен танысудың оқу - тәрбие жұмысының жемісті болып келуіне ететін әсерін екі түрлі мағынада түсінуге болады:
біріншіден , педагогтың оқыту және тәрбие саласындағы жұмыстары сәтті болып келуі үшін ол баланың даму ерекшелігі жөніндегі психологияның мәліметтерімен жете таныс болуы қажет. Педагог егер психология ғылымының зерттеулерімен таныс болмаса, қарамағындағы оқушыларды толық меңгеріп кете алмаған болар еді;
екіншіден , педагог психологияның жалпы мәліметтерін біліп қана қоймай, өз класындағы балалардың дара ерекшеліктерін ( ұғымталдығын, ой - өрісі, мінезін т.б. ) жақсы білуі шарт. Мұнсыз болмайды. Өйткені жас буындардың бәріне бірдей тән психикасының жалпы заңдылықтары болғанымен, балалардың жеке басының әр түрлі өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан сыныптағы балалардың жеке басындық ерекшеліктерін жете білу педагогтық жұмыстың жемісті болуының негізгі шарты. Ағылшын тілі пәнін оқытуда - педагогикалық психология саласы айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн.Педагогикалық психология қызметі - адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау жүйесін, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстаз-шәкірт арасындағы өара қарым-қатынастардың реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді:

а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді;

ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. Психологиялық қызмет ең бірінші кезекте білім баспалдағының қазыналы тұтқасы болу үшін, баланың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын дұрыс айқындауға бағытталады. Бұл жұмыстың мақсаты- болашақ бірінші сынып оқушысының моделін негіздеу және танымдық қызығушылығы, білімге құмарлығы, қарым-қатынас мәдениеті, еңбексүйгіштігі, мінез-құлық мәдениетінің дамуы үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз ету. Зерттеу қорытындысы төмендегі міндеттерді шешуге бағытталады: 6-дан 7 жасқа дейінгі балалардың жалпы даму жағдайы мен деңгейін анықтау; баланың даралығын сақтау, қолдау және дамыту үшін қажетті жағдайларды айқындау;Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай сыныптастарымен қарым-қатынас барысындағы дағдылы іс-әрекет жасауға, білім сапасын жетілдіруге, өзін-өзі бағалауға, тәрбиелеуге, шығармашылық деңгейін көтеру және таным белсенділіктерін дамыту мақсатында психологиялық тренингтер сабақ барысында өткізіледі. Ағылшын тілі пәнін оқыту үшін психологиялық қызмет жұмысының мәні ерекше, әсіресе мемелекетіміздің күш қуаты дамыған заманда бала ерекшеліктеріне мән беру, дарындылығына жол ашу, дамыту, ой-өрісті өркендету кезеңі болмақ. Психологиялық қызметті жүйелі түрде жүргізудің нәтижесінде, өзін - өзі таныған адам ретінде биікке көтеріле алатын, өз ұлтының қадір - қасиетін сақтай да, ұстана білетін, өз жетістігін және кемшілігін білетін, өз жұмысын жан-жақты талдау жасай білетін, жұмыс жасау қабілеті жоғары, табандылық, ойлылық, тапқырлық қасиеттері қалыптасады. Соның бірі мектепте ағылшын тілін оқытуда психологиялық - шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылар өздері ізденеді, тілге деген құрметі артады.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал