7


  • Учителю
  • Сабақ тақырыбы: Диалект сөздер

Сабақ тақырыбы: Диалект сөздер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Диалект сөздер

</ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі : Амантурдиева Алия Онласбековна



Сабақтың тақырыбы: Диалект сөздер

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға диалект сөздер туралы түсінік бере отырып, жаттығу жұмыстары арқылы бекіту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, еңбекті дәріптеуге, ана тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, карточкалар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті



Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару



II. Үй тапсырмасын тексеру: Кірме сөздер және жаттығу тексеру



ІІІ Білім тексеру:

Өздік жұмыс

• «Қазақ лексикасындағы жаңа қолданыстар» атты сөздіктен қайта жаңғырып жатқан сөздерді теріп жазыңдар.

ІV Жаңа сабаққа дайындық

1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу

2. Сабақ мақсатын түсіндіру



V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді. Өйткені олардың көпшілігінің әдеби тілде баламалары болады. Мысалы, әдеби тілдегі тәртіп сөзі Орал облысында нұсқау, бұйрық деген мағынада қолданылады; әдеби тілдегі шалбар сөзі Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында сым деп айтылады; әдеби қабырға сөзі Ақтөбе облысында жар дегенді білдіреді; әдеби жұмыртқа сөзін Оңтүстік Қазақстан облысында тұқым деп атайды.

Диалект сөздер түрліше болып келеді. Мысалы, тыңла - тыңда, құдағай - құдағи, полат - болат, баралы - баралық, бережақ - берешек, келулі - келді, т. б.

Қазіргі әдеби тілімізге біраз диалект сөздер еніп, жалпыхалықтық тілге айналды. Мысалы: арасан суы, жейде, ұжым, кеден, немелтай, (шөберенің баласы), үшен, төртем, т. б.

Тілдегі бұл жағдай әдеби тілді байытудың бір жолы болып табылады.



VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:

Өздік жұмыс

• Төмендегі диалект сөздердің әдеби баламасын жаз.

Нән, әйдік, шырпы, оттық, жуалдыз, чербек, борми, алажақ, бережақ, күн баю, айылдап келу,



VІІ. Жаңа сабақты бекіту.

1. Оқулықпен жұмыс

183 - жаттығу

• Берілген диалект сөздермен сөйлем құраңдар

184 - жаттығу

• Сөйлемдегі диалект сөздерді табыңдар.

185 - жаттығу

• Мәтіндегі диалект сөздердің әдеби тілдегі баламасын жазыңдар.

VІІІ. Сабақты қорыту:

1. Бағалау

2. Үйге тапсырма беру:

1. Диалект сөздер туралы түсінік.

2. Жаттығу





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал