7


  • Учителю
  • Презентация по казахскому языку на тему 'Тамақтану мәдениеті' (7 класс)

Презентация по казахскому языку на тему 'Тамақтану мәдениеті' (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 7 «д» сыныбыҚазақ тілі Мұғалім: Успанова Г.Р.Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениетіСабақтың мақсаты:  Білімділік: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту;Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақ
предварительный просмотр материала

7 «д» сыныбы

Қазақ тілі

Мұғалім: Успанова Г.Р.

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту;

Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыны шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Тамақтануға байланысты мақал-мәтелдер, плакат-суреттер, сөзжұмбақтар, интерактивтік тақта.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, көрнекілік әдісі.

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы.

Сабақтың өткізілу барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сайыстың жоспары:

1) Сәлемдесу;

2) Викториналық сұрақтар;

3) Үй тапсырмасы (Зиянды тамақ өнімдеріне анти жарнама)

4) Презентация

5) Ақыл - кеңестер

6) Тапсырмалар

1) Сәлемдесу. Бір-бірлерімізге жылы лебіз, жылы тілек айту.

2) Викториналық сұрақтар. Әр топ берілген тапсырмаларға жауап береді.

І топ

1. Дұрыс тамақтану тәртібін атаңыздар;

2. Тамақтану мәдениеті деген ұғымды түсіндіріңіздер;


Витамин

Қандай тамақтың құрамында болады?

Қасиеті

В, С

ІІ топ

1. С,А,В витаминдері жетіспесе қандай ауруларға ұшырайды?

2. Пайдалы және пайдасыз тамақ дегенді қалай түсінесіздер?

Витамин

Қандай тамақтың құрамында болады?

Қасиеті

Д, Е

3. Үй тапсырмасын тексеру. ( Зиянды тамақ өнімдеріне анти жарнама).Әр топ өз жарнамасын қорғайды.

4. Презентация. Әр топ дайындап келген презентациясын көрсетеді.

5. Плакаттар сайысы. Әр топ бір-біріне ақыл -кеңес береді. Ақыл -кеңестерін плакатқа жазып көрсетеді.

6. Тапсырмалар: А). Ой толғау:

І топ.«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл, үшеуімен бақытты болады өмір» - деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

ІІ топ. «Ат - адамның қанаты,
Ас - адамның арқауы» - деген мақалды түсіндіріңдер.


Б). «Асқа отырмас бұрын мен не жейтінімді ойланамын»
Денсаулыққа пайдалы тағамдар суретін салыңдар, бояңдар, мүсіндеңдер.

В). Ойын. «Денсаулықты не пайдалы, не зиянды құртады»
Денсаулық елінде қандай тағамдар жейтінін таңдаңдар:
Пайдалы тағамдар: Пайдасыз тағамдар:
Балық Фанта
Айран Тұзды майға
Геркулес Қуырылған
Сүйық май Майлы ет
Сәбіз Торттар
Пияз Шоколадтар
Ормажапырақ
Алма, алмұрт

Қорытындылау. Тест


«Ас - адамның арқауы» (оқушыларға арналған сауалнама )
1. Тамақтану барысында не белгілеу керек?
1. тәуліктік кесте
2. кітап оқу, теледидар көру
3. ұйықтау
2. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе?
1. иә
2. жоқ
3. Тәулігіне неше рет тамақтану қажет?
1. бір рет
2. екі рет
3. үш немесе төрт рет
4. Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты
1. иә
2. жоқ
5. Тамақтану процесі туралы қай дәрігерден кеңес сұрау қерек?
1. стоматолог
2. хирург
3. диетолог
6. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді
1. иә
2. жоқ
7. Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады
1. иә
2. жоқ
8. Тамақтанудың санитарлық - гигиеналық нормаға сай болуы қажет
1. иә
2. Жоқ

Бағалау. Мұғалім жеңімпаз топты марапаттайды.

Рефлексия:

Тағамданудың «алтын ережелері»
• Ең бастысы- артық тамақ жемеу.
• Бір уақытта ағзаға пайдалы жеңіл және әзірленген тамақ ішіңдер.
• Тағамдарды толық, дұрыс шайнамай, жұтуға асықпаңдар.
• Тамақ ішер алдында 6 рет іштен тыныс ала отырып, ішіңнен осы тамақты әзірлеген адамдарға алғыс айтыңдар.




• Майлы тамақтан тартыну.
• Өте тұщы және ащы тамақтардан сақтаныңыздар.
• Тәтті көп, ал денсаулық біреу.
• Жемістер мен көкөністер- пайдалы тағамдар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал