7


  • Учителю
  • Макала «Үш тұғырлы тілдің жаңа замандағы жағдайы»

Макала «Үш тұғырлы тілдің жаңа замандағы жағдайы»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы, №47 жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жубатова Заура Жайлаубаевна

«Үш тұғырлы тілдің жаңа замандағы жағдайы»


Тіл - ұлттың тірегі. Ол - жан дүниеңді ашып көрсететін мөлдір айнаcы. Осы айна бетіндегі тоталитарлық жүйе түсірген дақты кетіріп, дидарымызды анық көруге ұмтылғалы да біраз жыл болды. Жаңа мыңжылдықтар тоғысындағы өскелең ұрпақ әр түрлі мемлекеттердің, халықтар мен мәдениеттердің өзара бағыныштылығы мен өзара байланысып кемелденуі негізінде дамып жетілетіндігі айқындалып келеді.
Сол себепті де шет тілін үйрену өскелең ұрпақтың қазіргі кезде өзекті, ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік міндеті болуымен қатар, адамның жаңа әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-мәдени бейімделуінің басты индикаторы болып табылады. Аталмыш мәселе Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында да көрініс тапқан. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауда еліміз бен оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасын кезеңмен жүзеге асыру ұсынылып, жобаға сәйкес үш тілді: қазақ тілі мемлекеттік тіл, орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі жаһандану экономикасына табысты түрде ықпалдасу тілі ретінде дамыту қажеттілігі айтылған болатын.
Тілдерді дамыту - еліміздегі мемлекеттік саясаттың ең маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу - ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Халқымыздың біртуар перзенті Мағжан Жұмабаев: "...Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болуы. Ұлттың тілінің кеми бастауы - ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат еш нәрсе болмасқа тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақтың тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы, сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды, терең тіл жоқ," - деп тіл жайында терең толғанған екен кезінде. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері жүргізіліп келе жатқан тіл саясатының арқасында қазіргі таңда мемлекеттік тіл туралы оңды қоғамдық көзқарас қалыптасып отыр. Тіпті Отанымызда өмір сүріп жатқан басқа ұлт өкілдерінің де мемлекеттік тілді меңгеруге деген құлшынысы күннен-күнге арта түсуде. Бұл жағдайды қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз қажет. Бүкіл өркениетті адамзатпен бірге жаңа даму жолына бет түзеген Қазақстанның, оның мемлекеттік құрылысының алдында тұрған міндеттері күрделі, ауқымды әрі алуан түрлі. Солардың ішіндегі ең бір өзектісі, рухани-тарихи маңызымен ұрпақтар сабақтастығы, тәрбиесі мен болашағы үшін орны ерекше проблема - қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылуын іс жүзінде қамтамасыз ету. Мемлекеттік тіл мәртебесіне ие қазақ тілі - ұлттық руханиятымыздың өзегі. Мемлекеттік тіл - азаматтық сәйкестіктің басты нышандарының бірі. Әлеуметтік-лингвистикалық модель тұрғысынан алғанда, ол, ең алдымен, осы мемлекеттегі сан алуан ресми қарым-қатынастарды жүзеге асыратын тіл. Сол себепті бұл мәселе кешенді Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда. Тіл саясаты саласындағы әлеуметтік зерттеу көрсеткіштері және Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шаралар, мәселен, іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілде жүргізуге көшіру, мемлекеттік қызметшілерге және ересек халыққа арналған қазақ тілін үйрету курстарын ұйымдастыру, қазақ тіліндегі мектептер мен балабақшалар, жоғары оқу орындарындағы қазақша оқытатын топтар санын арттыру, қазақ тіліне инновациялық технологияларды енгізу және тағы басқа да маңызды шаралар - бұл саладағы жағдайдың жақсарып келе жатқанын көрсетіп отыр. Үкімет мемлекеттік тіл - қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, оны азаматтардың барлығы меңгеруі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайларды тегін жасап отыр. Жыл сайын мемлекеттік тіл саясатына бөлінетін қаржы көлемі де еселеп артуда. Елбасымыз өз Жолдауында басты жеті мақсаттың бірі ретінде "...біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз..." - деген болатын. Давос экономикалық қоғамдастығының, Бүкіләлемдік сауда ұйымы мен Еуропа Қауіпсіздігі мен Ынтымақтастық Ұйымының талаптарына сәйкес халықаралық стандарт бойынша мемлекеттің дамудағы негізгі белгілерінің бірі - елдегі мемлекеттік тілдің толыққанды қызмет етуін қамтамасыз ету. Осындай мақсаттарды қоя отырып, қазіргі заманғы әлемде ұлтымыздың нағыз бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің алғышарттарын жасауға қол жеткізе аламыз. Мұндағы басты міндет - еліміз бен ұлтымыздың ұлы рухани байлығы болып табылатын тіліміздің бүгінгі және ертеңгі күнде бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды қадамдарын жасау деп айта аламыз. Қазақстандағы тілдердің үштұғырлылығы туралы ойды Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясында айтқан еді. Ал 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталған халыққа Жолдауында Елбасы «Тілдердің үштұғырлылығы» - «Триединство языков» мәдени жобасының жүзеге асырылу кезеңдерін айқындады. Биылғы, 2008 жылдың ақпанындағы кезекті Қазақстан халқына Жолдауында да: «Үкімет «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», - деп атап көрсетті. Тілдердің үш тұғырлылығы идеясына Елбасы нақты анықтамасын да береді: қазақ тілі мемлекеттік дәрежесінде мемлекет өмірінің бар саласында «бүкіл қоғамымызды біріктіруші» қызметін атқарса, орыс тілі ұлттар арасындағы қарым-қатынастарға қызмет етеді, ал ағылшын тілі әлемдік экономикаға, әлемдік қауымдастыққа кірігуімізге қызмет етеді. Осыдан артық қандай нақтылы анықтама керек?! Бұл жерде мына мәселені де ескеруіміз қажет. Дүниежүзілік қауымдастықта Қазақстан өзінің лайықты орнын алу жолында басқа мемлекеттермен экономикалық және мәдени тығыз қарым-қатынасқа түсу барысында соған сәйкестелген тілдік саясатында да оңтайлы даму қажеттігі туындайды. Президентіміз әлемде Қазақстан үш тілді де еркін әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылуы керектігін айта келіп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл тұрғысындағы бүкіл қоғамымызды топтастырушы әлеуетін нақтылап отырған жоқ па? Мұны сол қоғамымыздың қарапайым өкілдері - халықтың, тумысынан өзге тілді болса да, қазақ тілін жете меңгерген қарапайым ұл-қызынан бастап, белгілі қайраткер, жазушылары да өз сөздерінде айтып та, жазып та дәлелдеп жүр. Мысалға түрік қызы, қазақ тілінің ғалым-маманы Асылы Осман мен неміс ұлы - атақты жазушы, білімдар аудармашы Герольд Бельгерді айтсақ та жеткілікті болар. Қазақ тілін қазіргі заман талабына сай озық әдіспен оқытудың бағдарламасын жасау талабын алға қойған Президент тапсырмасы да дәл қазір нақты сипат ала бастағанын аңғарып отырмыз. Оны жер-жердегі, тіпті ұзақ жылдар бойы сірескен мұздай боп, жібімей келген солтүстік облыстардың өзінде ана тілімізді оқытуға ойдағыдай көңіл бөліне бастағаны да айғақтаса керек. Елбасы қазақ тілі мемлекеттік тіл тұрғысынан басымдыққа ие екенін ашып көрсетіп, мемлекеттік жұмыс қазақ тілінде жүретінін баса айтты. Бұл - осынау маңызды мәселеге жалпы қоғамның дамуы үрдісінен, өз еліміздің одан әрі байыпты дамуы тұрғысынан да тіл мәселесіне, түптеп келгенде, дұрыс баға беріліп отырғанының дәлелі. Тілді тек қатынас құралы ғана деп қарамай, оған кеңірек мән берер болсақ, нендей мәселелерге баса көңіл бөлу қажет. Тіл мәселесі адам, қоғам өміріндегі ерекше орны бар аса күрделі де маңызды құбылыс ретінде бағзы заманнан бері пайымдалып, зерделеніп келеді. Әйгілі философ В.Ф.Гумбольдт өзінің «Тіл білімінен таңдамалы еңбектер» туындысында тілдің сипаты мен мәнін айқындай келе, оның халық рухымен астасып жататынын ашып көрсетеді, осы тұрғыдағы маңызын анықтай түседі. Бұл, жалпы алғанда, тілдің тек қана бір қатынас құралы емес, ол сол халықтың тарихы, мәдениеті, өмір салты, пайымы, бүткіл тұтас бір болмысы екеніне анықтама береді ғалым. Ендеше тілді тек бір ғана қызметі жағынан қарап қоймау керек екені анық, одан кеңірек пайымдауымыз қажет. Қазіргі қазақ елінің қоғамдық өмірінде ана тілінің хал-ахуалы туралы сөз болғанда, оның мемлекеттік тіл мәртебесін алып, өзіндік тұғырда ресми түрде мойындалғанымен, қоғамдық пікірде оның сол үдеден шыға алмай, әлі де қанатын кеңге жая алмай келе жатқаны жиі айтылады. Әсіресе қазақ тілінің қазаққа керек екеніне, өз тілімізді алдымен өзіміздің қадірлеуіміз қажеттігіне баса мән бере келе, ол өз пікірін, түптің түбінде қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде айқын басымдыққа ие болатынына негіздейді. Қазақ тілінің осы дәрежеге жетуі жолында қандай шараларды жүзеге асыру қажеттігін де Елбасы өзінің соңғы халыққа Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио, бейнематериалдарды әзірлеу керек». Осындай асқан кәсіби біліктілікті талап ететін биік міндеттерді орындаудың алғышарттары біздің университетімізде бірнеше жылдардан бері білімді мамандарымыз бен танымал ғалымдарымыздың күш-жігерімен оңды жүзеге асырылуда деп мақтанышпен айта аламын. Үш тілді де меңгеруге біздің халқымыз даяр ма деген саулға келсек. Кешегі Кеңестер Одағы дәуірінде орыс тілін енгізгендей, ағылшын тілі де орынсыз орныға ма деген сенімсіздіктер бой алдыруы мүмкін. Жалпы біздің халықта үш тілді де өз деңгейінде игеруге деген түсіністік бар. Сосын оның қазіргі өмір талабы екені, бүкіл әлемді жайлаған бәсекелестік жағдайында оған төтеп берудің бірден-бір жолы жоғарыда айтылған біліктіліктерге тікелей байланысты екенін де біздің қоғамымызда түсіністікпен қабылдап отыр деп айтуға да негіз бар сияқты. Тілді меңгеру қажеттіліктен туатыны анық. Осы тұрғыдан келгенде, біздің қоғамда бұрыннан қалыптасып қалған тілдік қолданыс үдерісінде орыс тіліне деген басымдық айқын. Арада жиырма жыл өтсе де, сол кеңестік саясат ұшығының лебі әлі сезіледі. Орыс тілі негізгі тіл ретінде ол дәуірде өмірдің барлық саласын қамтыды, басқа ұлт тілдері қағажу көрді. Ғылым-білім саласында да өзге тілдер аясы шектелді. Міне, соның ызғары әлі күнге салқынын тигізуде. Бірақ сол тіл арқылы да біздің халық дамудың өзіндік деңгейіне жетті. Қазіргі білімді де білікті мамандар ретінде басқару деңгейінде отырған қазақ өкілдері негізінен орыс тілділер, ағылшын тілін меңгергендер. Бұл - өмір шындығы. Оларға қазақ тілінде іс басқару бірден оңайға түспесін адами тұрғыдан түсінуге де болады. Алайда, өзін қазақ елінің азаматы сезінген зиялы санатындағылар мемлекеттің Ата Заңына сай, қазақ тілінің мемлекеттілігін шын мойындап, өз деңгейінде қалтқысыз орындауы тиіс.

- шетел тілін үйрету тәжірибесінде білім берудің белсенді әдістерін, оның ішінде шетел тілдер мәдениеті арқылы кеңінен қолдану;

- шетел тілдерін үйрету тәжірибесінде жаңа ақпараттық технологияларды біріктіру;

- шетел тілін оқу орындарында ағылшын тілінен сабақ жүргізу шеңберінде оқытушылардың ұтқырлығы бойынша жұмыстарды белсенділендіру;
- Білім беру порталдары арқылы оқытушылардың пәндік қауымдастығын ұйымдастыру, қауымдастық мақсаты оқу сағаттарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызықты идеяларымен, үйретуші материалдарымен алмасу және оқытушылар мен студенттердің ғылыми зерттеулерін, бейне-дәрістерді, презентациялар мен оны жүргізу әдістемесін кеңінен жариялау;

- тіл үйретушілерді тарта отырып, мектеп мұғалімдерімен бірлескен әдістемелік даярламаларын немесе ғылыми-әдістемелік жарияланымдарын ұйымдастыру жүйесін ойластыру;

- оқытушылармен жүргізілетін жұмыстардың басымды бағыттарын анықтау мақсатында, үйрету, сыни тұрғыдан ойлай білу, сыни бағлау, ИКТ пайдалану, көптілді білім беру топтарында педагогикалық шеберлік орталықтары мен ғылыми-тәжірибелік зертханалар құру;

Біздің елімізде «Үш тұғырлы тіл» саясатынан бөлек, еліміздегі әрбір ұлыс өз тілдерін еркін меңгеріп, өз тілдерінде сөйлей алады. Бірақ, Үш тұғырдың қатарына төртінші, я болмаса бесінші болып орналаса алмайды. Әрбір ұлттың өзінің ана тілдерінде еркін сөйлеуі Қазақстандық демократияның айқын көрінісі. Біз осындай демократияның арқасында ғана әлемге танылып, жер жүзінде бейбітшілік үстемдігін жасай аламыз. Билік үш тілді үйрену, қолдану аясын бір сызықтың бойына емес, үш сызыққа, әрқайсысының өз орнын көрсететін саясат жүргізіп, мемлекеттік тілдің бірінші болып дамуын қадағалайды. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Үш тұғырлы тіл арқылы ғана Қазақстан тілдік саясаттың оң нәтижесі көре алады. Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын тілге, басшының сөйлеу тіліне айналуы үшін билік аянбай еңбек етіп келеді.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында «Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз» дей келе: «Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл - өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн» - мемлекетіміздің мемлекеттік тілі болып отырған қазақ тілін, яғни мемлекеттік тілді ең бірінші орынға қойып дамыта беретінін, оның болашағы үшін алаңдамау керек екенін баса айтады. Президентіміздің бұл айтқандарына назар салатын болсақ, расында, мемлекеттік тіл - қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, ағылшын мен орыс тілін өзінің көлеңкесінде ұстап, ығына ығыстырып, үш тұғырдың ең үстінде тұрады.

Қорытындылай келе қазіргі заманда қазақ тілін, орыс тілін және ағылшын тілін үйренуде жас ерекшеліктеріне қарамастан дамып жатқан табиғи үрдіс, ал «үш тұғырлы тіл» ол «жоғары» жақтан ендірілген үрдіс.



Әдебиеттер тізімі:

  1. «Арна» газеті. №47 (148) 2012ж.

  2. Білімділер порталы, 2014ж.

  3. Ел басының Жолдауы, 2014ж

  4. Ел басының Жолдауы, 2012ж







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал