- Учителю
- Ағылшын тілінен 'Where is the fox?' Тақырыбына конспект
Ағылшын тілінен 'Where is the fox?' Тақырыбына конспект
Ж.Берікболова
Сыныбы: 1 «Б»
Пәні: Ағылшын тілі
Сабақтың тақырыбы: Where is the fox?
Мақсаты: Оқушыларды Where is...? грамматикалық құрылымымен
таныстыру. Көмекші сөздерді (in,on,under) пайдалану. Заттардың орналасқан жерін көрсетудің үлгілік жағдайында монолог және диалог құру дағдыларын қалыптастыру. Rr, Ss әріптерімен танысу. Графикалық дағдыларды және дұрыс дыбыстау дағдысын дамыту. [r], [s]
Күтілетін нәтиже:
Пәндік: заттардың орналасқан жері туралы ақпарат сұрау және бір заттың екінші затқа қатысты орналасуын көрсету дағдысын қалыптастыру. Rr, Ss әріптерінің дыбыстық бейнесін олардың графикалық бейнесімен сәйкестендіру.
Тұлағалық: айналасындағы адамдармен сыпайы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
Жүйелік әрекеттік: осы тақырып бойынша оқылған лексикалық - грамматикалық материалды берілген коммуникативтік жағдайда пайдалану.
Көрнекілігі: Мұғалім үшін: CD ойнатқыш, оқу қызметіне ынталандыруға арналған смайлдар, берілген тақырып бойынша флэш карталар, фонетикалық жаттығу жүргізуге арналған суреттер.
Оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері, қарындаштар топтамасы.
Пәнаралық байланыс: музыка, өзін - өзі тану
Сабақтың кезеңдері: 1. Кіріспе.
2. Тұсаукесер.
3. Негізгі бөлім
4. Қорытынды.
Үйге тапсырма: Pp, Qq әріптерін бір жолдан толтыру.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі , уақыты
Ойлау деңгейі
Мұғалімнің іс - әрекеті
Оқушы-
ның іс-әрекеті
Мақсаты нәтижесі
Кіріспе 3-5 мин.
Білу
1.Ұйымдастыру
Мұғалім балалармен, амандасады:
Good morning, good morning,
Good morning to you!
Good morning, good morning,
I am glad to see you!
Оқушылар мұғаліммен амандасады:
Good morning, good morning,
We are glad to see you!
How are you? (Cl.: Fine, thanks.) Sit down, please.
Сабаққа
назар аудару. Топқа бөліну, өткен тақырыпты еске түсіру
Сабаққа кірісу, өткен тақырыпқа шолу жасау.
Тұсаукесер
5-10мин.
Түсіну
-
Бүгін біз заттардың орналасқан жері туралы айтуды жалғастырамыз. Сонымен қатар Rr, Ss әріптерін үйренеміз.
ІІІ тірек білімді белсендіру.
Фонетикалық жаттығу.
-
Балалар, бізге кімнің келгенін қараңдар. Mr Wise Crow - мен амандасыңдар. (Cl.: Good mornind, Mr Wise Crow.) Mr Wise Crow: Hello, children. How are you?
Бүгін біз тақпақ үйренеміз: Where is the cat? Listen and say where … . Where - «қайда» дегенді білдіреді?
It is a fox
It's in the box.
It is a cat,
It's under the mat.
Енді осы тақпақты бірге айтып көрелік.
Сұраққа жауап беруді жаңа тақырып мақсатымен танысады. Оқулықпен жұмыс жасайды.
Ой шақыру, қызығушы
лығын ояту.
Негізгі бөлім 15-20 мин.
Қолда
ну, талдау
IV Жаңа материалмен жұмыс.
Оқулықпен жұмыс
1 - жаттығу. Listen and translate.
Балаларға суретке қарап, оның не істеп жатқанын анықтауды ұсыныңыз. Дұрыс, ол ойыншығын іздеп жатыр. Бір нәрсені жоғалтып, оны тапқымыз келгенде қандай сұрақ «Where is..?» болады.
Оқушылар сөйлемдерді тыңдап, естіген материалға сәйкес келетін суреттерді табады және аударады.
Track 52.
1 - сурет. Where is the fox?
2 - сурет. Is the fox on the box?
3 - сурет. Is the fox in the box?
4 - сурет. Is the fox under the box? - Yes, the fox is under the box.
Where is …? Дидактикалық ойыны.
Мұғалім үстел үстіне, астына, ішіне кез келген затты қойып: «Where is …?» - деп сұрайды. Оқушылар кезек - кезек жауап береді. Мұғалім өзге заттарды алып, сөмкеге, сөмкенің үстіне, астына қояды.
Жұптасып жұмыс істеу.
Оқушылар бір-бірінен мектеп құрал - сайманы туралы «Where's your…?» - деп сұрайды және сұрақтарға жауап береді.
2 - жаттығу: Answer the questins.
Балалар суретттерге қарап, сұрақтарға жауап береді.
1 - сурет: Where is the dog?
2 - сурет: Where is the plane?
3 - сурет: Where is the doll?
3 - жаттығу: Learn the new letters and new wjrds. Listen.
Әріптер және дыбыстармен, олардың таңбалануымен таныстыру мақсатында біз досымыз Mr. Wise Crow - ты шақырамыз.
Rr, Ss.
Children, listen to me and say after me.
Rr - rabbit
Ss - sun
Track 53.
R, r, r
[r], [r], [r]. [r] rabbit, [r] rabbit. [r], [r], [r].
S, s , s
[s], [s], [s]. [s], sun, [s] sun. [s], [s], [s].
Сергіту сәті.
(Мұғалім сәйкес дене қимылдарын көрсетіп, жаттығу өткізеді).
We hop, hop, hop
We walk, walk, wolk
We fly, fly, fly
So high!
We go, go, go.
We jump, jump, jump.
We run, run, run.
It is fun!
Оқулықпен жұмыс жасайды.
Тапсырма
ларды орындау сұрақтарға жауап беру
Мағынаны тану
Тақырып мазмұнымен танысу тапсырма
ларды орындау сыни тұрғыдан ойлау топпен жұмыс жасау
Қорытын
ды
5-10 мин.
Жинақ
тау.
Бағалау кері байла
ныс
Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу. Choose and circle the correct answer.
Оқушылар суреттерге сәйкес келетін көмекші сөздерді таңдайды және оларды айналдыра сызады.
2 - жаттығу. Look, listen and draw.
Оқушылар суреттерге қарап, сөйлемдердің мазмұнына қарай оларды толықтырып салады. Оқушылар оқи алмайтындықтан мұғалім нұсқаулықтарды оқып береді.
The cat is on the chair.
The ball is under the bed .
The lamp is on the desk.
The book is in the bag.
3 - жаттығу. Look and match the pictures with their fist litters.
Оқушылар төменде берліген заттардың атаулары басталатын әріптерге сәйкес келетін суреттерді тыңдайды.
4 - жаттығу. Match the letters.
Оқушылар бас және кіші әріптерді жалғайды.
5 - жаттығу. Trace
Оқушылар Pp, Qq әріптерін айналдыра сызады.
6 - жаттығу. Find and underline the lettes Pp and Qq. Read the words. Оқушылар берілген сөздерде Pp және Qq әріптерін табады және оларды сызады. Мұғалімнің көмегімен сөздерді оқиды және аударады.
V Cабақты қорытындылау.
- Балалар, бүгінгі сабақта көмекші сөздерді (in, on, under), заттардың бір-біріне қатысты орналасуын көрсетуді үйрендік. Мына сөйлемдерді аударыңдар: The cat is on the chair. The cat is under the chair. The ball is in the box. Ағылшын әліпбиінің Pp және Qq әріптерімен танысып, оларды жазып үйрендік! Well done! (әр баланың жетістігі мен жемісін атап өту қажет). Goodbye, children!
Түйінді ой айтуға дағдылану, пікір айту топты бағалау
Ойын жинақтайды пікірін қорғай алады, бірін-бірі бағалайды.