- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.
Сынып:4
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным - Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
-
Білімділік . Тақырып бойынша меңгерген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, өз ойларын жеткізе білуге үйрету.
-
Дамытушылық Сөздік қорын байыту: ауызекі сөйлеу тілін дамыту: лексикалық тақырып бойынша сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру.
-
Тәрбиелік. Отанға, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, сөйлеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, бейнекөрініс
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
-
Сәлемдесу.
-
Кезекшімен сұхбаттасу.
-
Сабақтың мақсаттарын айту.
Лексикалық жаттығу.
Отан «менің - өз елім,
Отан туған - өз жерім.
Отан - тауым, орманым,
Отан -далам, өзенім.
II. Негізгі болім:
Өлеңдер, мақал- мәтелдер.
Балалар, сендер Қазақстан туралы қандай өлеңдер,мақал- мәтелдер білесіңдер?
Балалар өлеңдер,мақал- мәтелдерді айтады.
III. Жаңа сабақ:
1.Бейнекөрініс.
Қазақстан туралы шағын фильм көріп, фильмдегі сөйлемдерді қайталау. Содан кейін сұрақтарға жауап беру.
Сұрақтар:
- Сен қай мемлекетте тұрасын?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанның рәміздерін атаңдар?
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
- Қазақстанда неше облыс бар?
- Қазақстанның ірі қалаларын атаңдар?
-Осы уақытқа дейін неше Астана болды?
-
Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
-
Қазақстанның екінші астанасы қай қала?
-
Қазақстанның үшінші астанасы қай қала?
-
Қазақстанның жаңа астанасы қай қала?
-
Астана қандай қала?
-
Қай жылы Ақмола қаласы Астанасы қаласы деп атанды?
2. Сергіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық, басты солға бұрайық
Бір отырып, бір тұрып, сәл демалып қалайық
3.Тақтаға екі баланы шығарып «Астана» туралы сұхбат құру:
-
Қазақстанның астанасы қай қала?
-
Астана қандай қала?
-
Астанада қандай ғимараттар бар?
-
Сен Астанада болдың ба?
4. Тақтамен жұмыс. Грамматиканы қайталау.Буындар.
-Балалар буынның неше түрі бар?
-Қандай буындарды білесіңдер?
Қазақстан,Астана,Қостанай сөздерді буынға бөлу.Тақтаға жазу.
5.Берілген сөздерден бірнеше сөз құру:
Мысалы; 1.Қаз,ақ,қазақ;
2.ас,ата,ана?
3.Қос,тас,ай.
6. Ойын. «Қай қала ?»
Суретке қарап қай қала екенің ойлап табу:
Мысалы: -Бұл үлкен әдемі қала.
-Бұл қалада мектептер,дүкендер бар.
-Бұл қалада Ы. Алтынсарин атындағы мұражай,ескерткіш, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты бар. (жауабы: Қостанай қаласы)
-Бұл үлкен,әдемі қала.
-Бұл қалада мұражайлар, театрлар бар.
-Бұл қалада «Бәйтерек», «Хан шатыр» бар.
(Астана қаласы)
7. Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, қазақ тіліне аудару, сұрақтарға жауап беру.
Отан.
Отан- адамның туып- өскен жері. Қазақстанда тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. Адамның кіші Отаны да болады. Ол - тұрған үйі, ауласы, көшесі ауылы, мектебі, достары. Отанды сүйе білген адам бақытты! Отанды сүю отбасынан басталады!
ІV. Қорытынды .
-Біз не істедік?
- Не туралы айттық?
- Қандай қалалар туралы айттық?
-Біз Қазақстанда қалай тұрамыз?
V. Үй тапсырмасын беру.
Үй тапсырмасы.Қазақстан тақырыбына байланысты 5 сөйлем құру.
VІ. Баға қою.
Сабақ аяқталды!
Сау, болыңдар балалар!