7


  • Учителю
  • Урок казахского языка для 3-4 классов «Азық-түлік дүкенінде»

Урок казахского языка для 3-4 классов «Азық-түлік дүкенінде»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Казахский язык в школах с русским языком обучения.Урок по теме: «Азық-түлік дүкенінде». Урок разработан для учащихся 3-4 классовобщеобразовательных школ, изучающих казахский язык со 1 класса. Вконспекте Урока дается подробное описание всех заданий на повторение изакрепл
предварительный просмотр материала

Сабактың такырыбы: Азық-түлік дүкенінде

Сабактың максаты:

1. Бiлiмдiк: Оқушыларға өз ойларын айта алуға жетелеу, сөздік қорларының сапасына мән беру.

2. Дамытушылық: Қойылған сұраққа және сурет бойынша сұраққа жүйелі жауап беруді дағдыландыру.

З. Тәрбиелiк: Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу. Ұжымда еңбек ету, бір-біріне деген достық ықыыластарын ояту.

Сабақта қолданылатын әдiс-тәсiлдерi: сұрақ-жауап, түсiндiру.

Сабақта қолданылатын көрнекiлiктер: суреттер.

Сабактың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу

- Бүгін сыныпта кезекші кім?

- Сыныпта кім жоқ?

Тіл дамыту кезеңі:

Қазір қай сабақ?

Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейміз?

Аптаның қай күні?

II. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.


1. Сөздерді қайталау:

нан-хлеб ірімшік-сыр шұжық-колбаса тұз-соль

айран-кефир сүт-молоко жұмыртқа-яйцо шай-чай

май-масло қант-сахар ет-мясо

Тыңдалым. (үнтаспа)

Азық-түлік адам үшін өте қажет. Біз күніне үш рет тамақтанамыз: таңертең, түсте, кешке. Азық-түлікке - сүт тағамдары, ет тағамдары, жемістер және көкөністер жатады. Азық-түлікті біз дүкеннен, базардан аламыз.


2. Сөйлемдерді оқы. Олардың дұрыс, бұрыс екенін анықта.

Сөйлемдер Дұрыс Бұрыс

1. Азық-түлік адам үшін өте қажет.

2. Біз күніне екі рет тамақтанамыз: таңертең, кешке.

3. Азық-түлікке - оқу құралдары, ойыншықтар жатады.

4. Азық-түлікті біз дүкеннен, базардан аламыз.


Оқылым.

"Азық- түлік дүкенінде"

Мынау азық- түлік дүкені. Дүкен орталықта орналасқан. Дүкенде нан, сүт, қант, жұмыртқа, ірімшік, айран бар. Дүкенге Қанат пен Марат келді. Қанат нан мен шай сатып алды. Марат айран сатып алды. Дүкеннің іші жарық және таза.


1. Мәтінді оқу. 2. Сұрақтарға жауап беру

ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Сабақты бекіту. Жазылым.

1. «Дүкен» сөзін тәуелде, дыбыстық талдау жаса.

2. Тілдесім. «Азық-түлік дүкені» атты тақырыпқа қысқаша көрініс жасау.

Кейіпкерлер: сатушы, сатыпалушы.

Суретпен жұмыс.

Тапсырмалар: Суретте не бейнеленген? Осы суреттегі түстерді атаңдар.

Сөйлемдер құру. Сөйлемдерді жүйелеп, мәтін құрастырып, ат қою.

IV. Қорытынды. Топтастыру стратегиясы бойынша азық-түлік атауларын атау.

V. Үйге тапсырма: диалог жаттау.

VI. Бағалау.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал