7


Домбыра. Көмекші есімдер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Домбыра. Көмекші есімдерМақсаты: 1.оқушыларды қазақ халқының ежелден келе жатқан қасиетті қос ішекті музыкалық аспабы туралы, қосымша материалдарды қолданып, айта білу.2. Грамматикалық тақырып бойынша «Көмекші есімдер» туралы білімдерін кеңейтіп, тұж
предварительный просмотр материала


Қазақ тілі 11 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Домбыра. Көмекші есімдер

Мақсаты: 1.оқушыларды қазақ халқының ежелден келе жатқан қасиетті қос ішекті музыкалық аспабы туралы, қосымша материалдарды қолданып, айта білу.

2. Грамматикалық тақырып бойынша «Көмекші есімдер» туралы білімдерін кеңейтіп, тұжырымдау.

3.Оқушыларды қазақ халқының қасиетті қара домбырасын қастерлеп, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың типі: алған білімдерін жетілдіру

Сабақтың көрнекті құралдары: домбыра, презентация, таблица.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу.

2.Мақсат қою.

II. Үй жұмысын тексеру:

А) Жан-жақты білімдерін тексеру
Тапсырма: шахмат атының жүрісімен жүріп өлеңді табыңыз



қонақ


нәсіпке


есікке


жүгіріп


қонақты


кешікпе


қарсы


келсе


болар


кесір


шық



алмасаң

Жауабы:
Қонақ келсе есікке,

Жүгіріп шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң қонақты,

Кесір болар нәсіпке.





ә) Мәтіннің мазмұнын айту. (43-44 бет)

III. Қайталау

Мәтінмен жұмыс (әр топ түсінгендерін ауызша айтады - мазмұндау

I топ

Қазақ - қонақжай халық.

Қазақ халқы танымаса да, «құдайы қонақпын» деген адамды қарсы алады. Жол жүріп келе жатқан адам кез келген ауылға, үйге келіп қонақ бола береді. Қазақ халқында «қырықтың бірі қыдыр» деген сөз бар. Бұл сөздің мағынасы: «Құдайдың жіберген сыйы қырық адаммен бірге келуі мүмкін». Сондықтан «қонақпен бірге құт, ырыс келеді, қонақты қусаң, құт, ырыс кейін қашып кетеді» деген сөз бар.

Қазақ үшін қонақты қарсы алмау, күтпеу - ұят. Қонақты қарсы алуға, шығарып салуға ерекше мән береді. Қонақ келгенде үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге кіргізіп, өзі қонақтардан кейін кіріп есікті жабуы керек. Бұл - қонақпен келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені.

II топ.

Қазақ - қонақжай халық.

Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығады. Бұл - «құт», «ырыс» қонақтармен бірге шығып кетпесін дегені.

Қонақ күту - қазақ халқының ең жауапты ісі. Оларды риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайдан кейін қонақтардың көңілді отыруына үй иесі бар жағдайды жасайды. Ауылдағы әнші, күйшілерді шақырып, қонақтардың көңілін көтереді. Қонақты жақсы қарсы алған үй туралы «мырза үй», ал қонақты дұрыс қарсы алмаған үйді «сараң» дейді.

Осы дәстүр қазір де бар. Шетелден келген қонақтар «Қазақ халқы - қонақжай халық» деп бекер айтпайды.


IV. Жаңа сабақ.


1.Мұғалімнің кіріспе сөзі


- Домбыра-қазақтың ежелден келе жатқан музыкалық аспабы. Домбыра арқылы қазақ

халқы өзінің мұң-қайғысын, қуаныштарын, өзекті мәселелерді, көңіл-күйін көрсете білген.

«Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!»

Домбыраның пайда болуы туралы мынадай археологиялық қазбалар мәлімет береді: ежелгі қала Хорезмді қазғанда екі шекті аспапта ойнап тұрған музыканттардың терракотты бейнелері табылған. Ғалымдар екі мың жыл бұрын Хорезм қаласынан табылған екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығын және оның Қазақстан территориясында тұрған ертедегі көшпенділердің қолданған аспаптарының бірі деп бағалайды


2.Жаңа сөздермен жұмыс: (сурет арқылы)

Қос ішекті- двухструнный

Тиек - подсрунная подставка

Пернелер - струны

Шанақ - корпус

Құлақтар - ручки для регулировки струн

Ілгек - крючек для струн

қақпақ беті - крышка корпуса

дыбыс ойығы - звуковая выемка


  1. Сұрақ -жауап әдісі арқылы оқушылардан домбыра туралы білетіндерін анықтау.

А. Домбыра қандай аспаптың түріне жатады?

Ә. Қазақ халқының атақты қандай күйшілерін білесіңдер?

Б .Қазақ халқының қандай күйлерін білесіңдер?

  1. Мәтін бойынша жұмыс . (45-46 бет)

Мәтінді оқып, мазмұнын айту.

5. «Бүгінгі домбыра» -қосымша мәлімет.

6.Грамматика .Көмекші есімдер.


V. Бекіту.

1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру- 46 бет ,3 тапсырма-ауызша.

2. Жаттығу жұмыстары: а) 2-жаттығу. Сөйлем құрастыру.

ә) 5-жаттығу. Көмекші есімдерді байланысқан сөздермен табу.


VI.Қорытынды.

  1. Өлең бойынша жұмыс.


VII. Үй тапсырмасы:

1. Сөздер.

  1. Мәтіннің мазмұнын қосымша материалдар арқылы айту.

  2. «Домбыра» туралы өлеңді жаттау- 47 бет, 6 тапсырма.

  3. Ереже 46 бет, 4 жаттығу 47 бет.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал