7


6 Сынып. Ағылшын тілі. Buying food

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақ: Buying food

Мектеп:Bestobe secondary school

Күні:12.10.2015

Мұғалім есімі: Zhakupova Rinagul Bekmukhanovna

Сынып 6 b

Қатысқандар саны:15

Қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Сауда тізімін қолдана отырып, құрған сөйлемдерін бағалау.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

Сауда жасайтын тізімді құра алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Диалогты оқып, мағынасын түсіне алады.

Кейбір оқушылар

Суреттер бойынша сөйлемдер құра алады.

Тілдік мақсат


Оқушылар өздерінің қандай да бір көмек көрсете алатынын айта алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер

Can I have …..? Can I help you? Shopping, strawberry, vanilla, flavor

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған мақсаттар:

Asking for something

Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?

What can you say about healthy and unhealthy food?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Write down the new words on your vocabularies. Make a dialogue, using the new words.

Алдыңғы оқу: checking up the home task.

Жоспар

Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Жоспарланған уақыт



Басталуы

7 мин

Ынтымақтастық ахуал. Дәптерді басымызға қойып өзімізге ұнайтын тағамның суретін салу. Купюралардың түсімен топқа бөлу. Supermarkets, hypermarkets, groceries.

Үй жұмысын тексеру. 2 қатарға тұрып, жұптары бір-біріне жаттаған диалогтарын айту.


Ортасы 4 мин



5 мин

Пайдалы, зиянды тағамдар. 7 мин



Дүкенде.

10 мин

Интербелсенді тақтада жұмыс.



6 min

Видеоролик көру. Сабақтың тақырыбын ашу.



Топтық жұмыс. Сауда тізімін суреттеу арқылы жасау. Постер тарату.



Ex 4. P. 54. To read the sentences. Circle 1 or 2.

Оқулықта берілген 2 себеттегі тағамдар туралы әңгімелесу.



Әр топ диалогты ойнап беру.

1: Excuse me!

2: Can I help you?

1: Yes, please. Three small icе сreams.

2: what flavor?

1: What flavor have you got?

2: I have got strawberry, vanilla, chocolate and coffee.

1: O.K. one strawberry, one vanilla, one chocolate please.

2: Right, who's the strawberry for?

1: it's for her.

2: and the chocolate?

1: It's for him. The vanilla's for me.

2: here you are.

1: how much is that?

2: they're 60p each ……that's £1.80 altogether.



Ex 5. P. 54. Complete with some, any and a lot of. Work on interactive board.

1. We use -------- with singular countable nouns.

2. We use ------ with plural nouns and uncountable nouns in positives.

3. We use -------- with plural and uncountable nouns in negatives.


Ғаламтор.

https://www.youtube.com/watch?v=dZL_If4Be9c



Оқулық.

Аяқталуы 6 мин

Үй жұмысы: 1 ж/у. 53 бет. Өлең оқу.



Бағалау: бағалау критерийлері бойынша өз білімдерін бағалау.

Үй тапсырмасы


Топтық жұмыс


Жазба жұмыстары




Рефлексия:

+ оң әсер берген фактілер

  • Қолымнан келмей жатыр, түсініксіз болып тұрған фактілер

«қызықты» маған қызықты болған фактілер.



Қосымша ақпарат

Саралау-cіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделенлдіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынай ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Сабақ мақсаттары шынайы, өйткені оқушылар мақсатты өздері құрып, сол мақсатқа тапсырмаларды орындау барысында жете алды. Бүгін оқушылар диалогты ойнап беру барысында мен саған көмектесе аламын ба деген сұраққа қалай жауап беру керек екенін үйренді. Сыныптағы ахуал жақсы болды, себебі оқушылардың рефлексиясын оқу барысында олардың әрқайсысына әртүрлі тапсырмалар ұнапты. Өткен сабақтарда барлығы тек қана топтық жұмысты ұнатқандарын айтса, бүгінгі сабақта барлық тапсырмаларды орындағандары ұнағанын жазыпты. Осылай барлық оқушыға барлық тапсырмалар әртүрлі деңгейде ұнағаны, мен үшін жоспарлаған жұмыстарым тиімді болды деп ойлаймын. Бұрын өткізген үш сабағыма қарағанда бүгін уақытты тиімді пайдалана алдым. Өйтені оқушылар рефлексияны жазып бола берген уақытта қоңырау соғылды, яғни 2 мин қана жетпей қалды. Сабақ барысында еңгізген түзетуім болды, ол менің жоспарымда оқушылар жасаған постер бойынша сөйлемдер құрау еді. Өзгерткен себебім оқушылардың жасаған суреттерінен сөйлем құрау өткен сабақтағы тапсырмаға ұқсас болып кетті. Сол себепті кітаптағы тапсырманы орындауға бердім, осы тапсырма оқушыларға қызығырақ болды. Пайдалы, зиянды тағамдар туралы әңгімелесу болды. Осы сәтте оқушылар берілген суреттегі екі себеттің айырмашылығын ажырата алды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:сабақтың тақырыбын ашу үшін көрсетілген көрсетілім табысты болды. Соны көрсетісімен оқушылар сабақтың тақырыбын жылдам ашты да, мақсатын қоя білді.



2: оқулықпен жұмыс кезінде оқушылардың пайдалы, зиянды тағамдар туралы ойларын айта алғандары табысты болды. Яғни, 4 жаттығудағы екі себетттегі тағамдарының айырмашылығын ажыратып, сол бойынша сөйлемдердің дұрыс - бұрысын анықтау еді. Әрине, осы тапсырманы әр топтағы белсенді Айбол, Дильназ, Ляззат деген оқушыларым жылдам әрі тез орындауға тырысты.



Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да,оқуды да ескеріңіз)?



1: оқушыларға постерға өздерінің жасайтын сауда тізімін суреттеу қызығырақ болғаны сабағымды мен үшін жақсарта алды. Олардың сол тапсырманы орындау барысындағы, әсіресе деңгейі төмен деп таңдаған оқушым Нұрсұлтан суретті бояуда белсенді қатысқаны маған қатты ұнады. Өйткені әр топтың таймкипері уақытты сақтау туралы айтқан кезде «мен бояй берейін, сендер, сала беріңдер» - деп айтып ат салысқаны.



2: сабақты жақсарта алған тағы бір жұмыс түрі ол: диалогты ойнап беру. Осы кезде диалогтың қазақша аудармасын алдын-ала дайындап әкелегнім жақсы болды. Егер, мен оларға аудармасыз берсем, олар соны қазақ тіліне аударып, түсінуге көп уақыт алар еді. Дайын аудармамен олар, рөлдерді жылдам бөліп алып ойнап беруге тырысты..



Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім? Диалогты рөлге бөліп ойнауда үш топқа да бірдей тапсырма берілгенімен, орындап берулері әр топтыкі әр түрлі болды. Нұрсұлтан отырған топтағы басты рөлді Нұрсұлтан орындасын деп ұсынысты өзім жасадым. Бірінші сабақтарға қарағанда Нұрсұлтан осындай жауапкершіліктен қашқақтамады. Алдыңғы сабақтарда мен оқи алмаймын, анау оқысыншы, мынау оқысыншы деп отыратын. Одан кейін топтық жұмыста суреттеу барысында Нұрсұлтанның белсенділік танытқаны мені қуантты. Орта деңгейлі деп таңдаған оқушым Айбол белсенді жұмыстар атқарды. Топтық жұмысқа қосқан үлесін де, ортаға шығып қорғағанын да жоғары деңгейде көрсете білді. Ал, Дильназ жоғары деңгейлі оқушым, ол да өзін белсенді жағынан көрсетуге тырысты. Үй жұмысын да жаттап, сыныптағы әр тапсырманы үлкен жауапкершілікпен атқарды. Тобындағы оқушылардың барлығына жауап беруге көмектесіп отырды. Барлық оқушылар бағалау критерийлері бойынша бағалау кезінде, әділ бағалауға тырысты. Яғни, үй жұмысын орындамағандар өздерінің дайындықсыз келгендерін мойындады. Мен үй жұмысына жаттауға бермейін десем де болмады. Өйткені өткен сабақта диалогтың мазмұнына мән берілмегендіктен берген едім. Көп оқушылар үй жұмысына жаттау берген кезде, жаттауға қиналады. Осы нәрсе мені көп ойландырады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал