7


  • Учителю
  • Планирование урока по казахскому языку

Планирование урока по казахскому языку

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Сабақтың тақырыбы: «Білімді мыңды жығар»

Сабақтың мақсаты:

а) Үстеуден алған теориялық білімін тиянақтау.

ә) Сатылай кешенді талдаудың сызбасын негізге ала отырып, үстеудің құрамын, тұлғасын, құрылысын талдауға баулу; Мақал-мәтелдің оқушы тілінде қолданыс аясын кеңейту; Ақыл-ойларын, іскерлік белсенділіктерін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал жасау.

б) Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, адамгершілік тәрбиесін бойына сіңіру, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді бекіту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Ой шақырту, топтастыру, еркін жауап ,түсініктеме

күнделігі, сұрақ-жауап, талдау, тест, тұжырымды сөйлеу.

Сабақтың көрнекілігі: Дидактикалық материалдар, тақырыпқа арналған кесте, «Үстеудің» морфологиялық сатылай кешенді талдау үлгісі, үлестірмелі кестелер, суреттер, тест материалдары, схема т.б.

Әдебиет, сурет пәндерімен сабағымды байланыстыра өткізімін.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.Сыныпты 3 топқа бөлу.Қағаз,қаламдарын, маркерларды беру.



2. « Ғылымды іздеп,

Дүниені көздп,

Жан-жаққа үңілдім.

Білгенге маржан,

Білмеске арзан,

Толғауы тоқсан қызыл тіл,

Сөйлейміе десең өзің біл.»Абай.



-Қымбатты оқушылар,міне, бүгінгі сабақта біз үстеуден өткенді қайталаймыз.

Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз-үстеудің құрамын, тұлғасын, құрылысын талдау арқылы білімімізді кеңейту және бекіту.

3.Ой шақыру;»Біліміңді байқап көр.»1.Үстеудің маңызды белгілері.

2.Үстеудің мағыналық түрі,құрамдық түрі.

3.Үстеудің емлесі.

4.Топтстыру;

Үстеу үстеудің түрлері үстеудің құрамы





Үстеудің емлесі





5.Мағынаны тану.Кубизм.6 қырына 7үстеуді жазу.

1-қыры зерттеңіз-мекен үстеу-



2-қыры-суреттеңіз-мысал келтіріңіз-балаша мәз болды-



3-қыры-қолданыңыз- мұнша ,бірталай,өте, нағыз,алға ,кеше,ертеңт.б.



4-талдаңыз-бүгін, биыл, тезірек, жаздыгүні,адамша, сұңқардайын ,



5-қыры-саралаңыз-бірге,кешке,ретімен,кезекпен,шалқасынан,шынымен, баяғыда,қапыдат.б.



6- салыстырыңыз- төмен-ақшалай,жаздай-босқа, жоғары-төмен- ала жаздай. қаннен-қаперсіз- таңертең т.б.

6.Енді шығармашылық жұмыстар жүргізу.



Еркін жауап.1.«Сен қалай ойлайсың?»1.Мақал-мәтелден үстеуді тап, мағынасына тұлғасына, құрамына , құрылысына ,сөйлем мүшесіне талда.

1. Көре-көре көсем болады,

Сөйлей- сөйлей шешен болады.

2.Берілген мысалдардан үстеудің жұрнақ,жалғау,бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы

жасалғанын тап.

тым, әдейі, нағыз ,ескіше,жаздай, үсті-үстінен, айта-айта, бүгін, биыл,босқа,

ежелден, ала жаздай т.б.

3.Мына жұрнақтарды қатыстырып,үстеудің мағыналақ түрін жасаңыз.

-ша,ше;

-дайын;

-майынша;

Бала.... мәз болды.Бұлбұл... сайрайдаы.

4.Үстеудің емлесін есте сақтаңыз. Жаздыгүні, таңертең, әрең-әрең, балаша, бірте-бірте, ендігәрі, ала жаздай күні бойы, бүгін,т.б.

Бекіту.Талдау.Сатылай комплексті кешенді талдау.Лексика-грамматикалық талдау.



Берілген сөз;Балаша, сұңқардайын,шалқасынан, тыңдамайынша

1.Екі құрамды; бала-ша

2.Тұлғасына қарай; туынды

3.Құрылысына қарай; дара

4.Сұрағы; қалайша

5.Мағынасына қарай ;қимыл-сын үстеу



7.Түсініктеме күнделігі. Тест.10мин.



8.Ой толғаныс.1-қатар»Наурыз-жыл басы»5мин.

2-қатар»Ат-ер қанаты»

3-қатар»Төрт түліктің төлі»

9..Үй тапсырмасы.Үстеу тақырыбын қайталау

2.Үстеулері бар

мақал-мәтел, жұмбақ, өлеңдер жазып келу.

  1. Бағалау.Бағалау парағын толыру.



11.Қорытынды.2мин.

Мұғалім сөзі;-Оқушылар,біз бүгінгі сабағымызда үстеу тақырыбына шолу жасап, өткен материалдарды еске түсірдік деп есептеймін,білімді « мыңды жығар « демекші «талап қыл артық білуге»білімдеріңді толықтыра беріңдер.

Жыл басы-Наурыз құтты болсын!Ақ мол болсын!

















































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал