7


  • Учителю
  • Конспект урока по казахскому языку 'Сыйлық тарту'

Конспект урока по казахскому языку 'Сыйлық тарту'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыйлық тарту


Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тілін дамыту, білімдерін қайталап, жүйеге келтіру.Сыйлық, сый тарту туралы қағидаларды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Әрбір оқушыны әдептілікке , сыйластыққа , сыпайылыққа және мәдениетті сөйлесуге баулу.

Сабақтың типі: қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: зерделенген мәліметтерді жүйеге келтіру

Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, көрініс, деңгейлік тапсырма,

Көрнекілігі: интерактивті тақта , суреттер

Пәнаралық байланыс: өмірмен байланысты

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі . А) фонетикалық шынықтыру .

2 Өткенді қайталау

1. Сөздерді қайталап, сөз тіркестер,сөйлем құрастыру (интерактив, тақтадағы сөздердің баламасын еске түсіру)

Подарок әдепсіздік с уважением сыйлық

Подарить таңдау не обижаться сый тарту

Внимание ренжімеу возвращать шын пейілмен

От души қайтып беру обязан ілтипат көрсету

Вкус мейрімділік невоспитанность талғам

Доброта рақмет айту Поблагодарить құрметпен

Заранее алдын ала Выбирать тиісті


2 Сыйлық түрлері.

1 Мәтінді тыңдап, аудару.

Өмірде айналадағыларға қуаныш әкелетін мүмкіндіктер көп. Соның бірі сыйлық , сый тарту. Сый тартып, қонақ етуге бала жастан үйрену керек.. Сыйлықты тек мереке күндері емес, сонымен қатар жай күндері де істеу қажет. Шын пейілден жасалған сыйлық қанша тұратынына қарамай-ақ , адамның бойына мейірімділік туғызады. Бірақ сыйлықты таңдап , тарта білу керек. Бұдан сый тартушының талғамы, тапқырлығы мен әдептілігі көрінеді.

2 Сөйлесім. «Бұл сыйлықтар кімдікі?»

1.Оқушылар суреттерді екі топқа болуге тиіс және аттарын атап беруге тиіс.

Еркектер сыйлықтары: Әйелдер сыйлықтары:

2 Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. Мысалы: Сен досыңа (апаңа, әжеңе, атаңа,әкеңе) қандай сыйлық аласың?

3. Сөйлесім. Диалогты толтырып, өзара сөйлесіңдер.

1. -Сәлем......

- Сәлем....

- Сен анаңа 8 наурыз күніне қандай сыйлық сыйлайсың ?

-Мен анама ..... . Ал сен ше?

-Біз әкеммен иісмай аламыз. Сен гүлдің қай түрін аласың ?

-Мен раушан гүлін алғым келеді, өйткені анамның ең жақсы көретін гүлі.

-Жарайды, Көріскенше.

-Сау бол!

Туған күн.

2. -Сәлем...

-Сәлем...

- Сені ..... туған күніне шақырды ма ?

-Иә, шақырды. Ал сен барасың ба ?

- Иә, барамын. Екеуміз қосылып, бір сыйлық алайық.

- О, бұл дұрыс шешім. Сонда не апарамыз ?

- Ол қомпьютерлік ойын жақсы көреді, жаңасын таңдап сатып алайық.

-Жақсы, ертең дүкенде кездесейік. Көріскенше.

-Сау бол.

4. Жағдаят. «Кімдікі дұрыс?» көріністі қарап, құзыреттілік тапсырманы орындайды: кім дұрыс, сыпайы түрінде әкелген сыйлықты қабылдады ?

Оқушылар ережелерді дәптеріне жазып, әңгімелейді.

1 топ: сый тарту ережелерін.

1 Сыйлықты талғамына, өмір салтына байланыстырып, таңдау керек.

2 Сыйлықты шын пейілмен сыйлау жөн.

3 Сыйлықты әдемі, сыпайы түрде береді.

4 Сыйлықты бергенде оның бағасын айтпайды.

5 Сыйлық адам жасына сәйкес болуға тиіс.

2 топ:сыйлық кабылдау ережелерін.

1Сыйлықт ұнамаса да, ренжімей қабылдау керек.

2 Міндетті түрде рақмет айту тиіс.

3. Жоқ. Сыйлықтың бағасын сұрамайды.

4 Сыйлықты қайтарып беру-әдепсіздік.

5 Сыйлық әкелмеген қонаққа да, құрмет көрсету керек.

5 Құттықтау жазу. (Оқушылар бір ашық хат дайындау тиіс)

Ашық хатта құттықтау жазылады. Оқушылар оны жатқа айту тиіс

6 Түсінгендерін тексеру.

1. Сыйлық ұнамаса да, оны қалай қабылдау керек ?

2. Міндетті түрде не айту тиіспіз ?

3. Сыйлықтың бағасын сұрауға бола ма ?

4. Сыйлықты қайтарып беру неге жатады?

5. Сыйлық әкелмеген қонаққа не көрсету керек?

6. Қорытынды, бағалау

Үй жұмысы:

6 .Деңгейлік тапсырмалар 1 деңгей - Кімге не сыйлар едің? (эссе жазу)

2 деңгей - Досыңа құттықтау жаз.

3 деңгей - Қандай мерекемен құттықтау болады?(бірнеше сөйлем)




Қазақ тілі сабағына өз бетімен талдау.

Сабақтың тақырыбы «Сый тарту»

Сынып: 7 «А»

Өткзген күні: 12.10. 2012 жылы.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың тілін дамыту, білімдерін қайталап, жүйеге келтіру.Сыйлық, сый тарту туралы қағидаларды анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Әрбір оқушыны әдептілікке , сыйластыққа , сыпайылыққа және мәдениетті сөйлесуге баулу.

Сабақтың түрі: Зерделенген мәліметтерді жүйеге келтіру.

Сабақтың әдістері: Сұрақ- жауап, көрініс, диалог, деңгейлік тапсырма,

Көрнекілігі: Интерактивті тақта , суреттер

Пәнаралық байланыс: Өмірмен байланысты

Сабақтың тақырыбы бағдарламаға сәйкес өткізілді. Бұл сабақ «Сыйлықтар» модулін бекітіп, оқушылардың білімін қайталауға және зерделенген мәліметтерді жүйеге келтіруге арналған, сондықтан 3 мақсаттары да сабақтың мазмұнын ашуға, ал алынған әдістерді оқушылардың білімдерін тексеруге, толтыруға , өмірмен байланыстыруға деп оймен қолданылды.

Менің пікірімше, сабақ мақсаттарына жетті деп ойлаймын. Оқушылар көбі білімдерін, түсінгендерін дәлелдеді, сапасы төмен оқитын оқушыға кейбір сұрақтар қиынға соқты, ойткені жүйелі сабаққа дайындалмайды.

Сабақтың басты бөліміне тоқтасақ, бірінші тапсырмаға көп уақыт кетті, оны қысқартып, беру керек еді. Сөз тіркесті, сөйлемді құрастыруға жұппен жасаса уақыт онша кетпес еді. Бұл менің қателгім, сабақтын жалғасына әсер етті. Сабақ дайындағанда, оқушылардың өздерін мәдениетті ұстауға және ырғақпен сөйлеуге көңіл болу да керек еді. Мысалы, жағдаятты көрсеткенде Хамитов Нұрлан өте жақсы өзін көрсетті, ал Шакирова Ғайни сөздерді жатқа білсе де, даусын шығарып, айталған жоқ.

Оқушыларға ұсынған тапсырмалар жұппен, топпен, жеке өткізілді. Сол үшін тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім түрлері қолданылды.

Бұл сабақта өз бетімен білім алу тақырыбыма сәйкес деңгейлік тапсырмалар да енгізілді. Оқушылар өз білімдеріне сәйкес үй жұмысын таңдап алуға мүмкіндік жоспарланды.

Сабақта оқушылар осы модуль бойынша білімдерін қайталады және нақты түрде кімге не сыйлау, қалай сый тартуға болады ережелерді жадында сақтайды деп ойлаймын. Қазақ тіліне қызығушыларын арттыруға және коммуникативтік дағдыларын нығайтуға мүмкіндіктері жүзіге асырылды.

Сабақтың басты кемшілігі - тапсырманы берілген уақытта нақты түрде бақылауға ұмытпаған жөн. Сабақ соңында толық қорытындылауға және баға қоюға уақыт жетпеді. Келесіде осы кемшіліктерді жоюға, жоспардың мазмұнын сабақтың кезеңдеріне сәйкес келтіруге ұмытпауға тырысамын.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал