- Учителю
- Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық
технологияларды
тиімді пайдалану
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды
қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал емес,
сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және
білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық
қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында
төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті.
Компьютерлік техниканы, интернет,телекоммуникациялық желі,
электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық
электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім
сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын,
білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын
тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге
таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек
деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен
қолданысқа ие. Мәселен бизнесте,ақпараттық құралдарда, ғылым мен
білімде.
Қазіргі заман талабына сай әрбір маман өз пәнінің терең білгірі
болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты,
саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді
және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген
ақпараттық құзырлы маман болу керек.
Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың компьютер технологиясының кілті
екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге
әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт,ВальтерСкоттсөйлеген.
Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе
жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және
мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді
тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен
бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа
идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық
технологиялар заман талабы.
Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық -
электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап
айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және
мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және
білім беру процесінде терең қолдану.
Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі
сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды
және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:
• лексиканы оқып үйретеді;
• сөйлеу ырғағын;
• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;
• хат жазуға үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде
сақтауға көмектеседі.
Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық
құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі
жылдары олардың рөлі зорая түсуде.
Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп
ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр-түрлі
әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және өз сабақтарымда
қолданамын.
Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда
күтілетін нәтижелер:
• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
• оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;
• оқушылардың шығармашылығын арттырады;
• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін
дамытады;
• пікірталас, талдау жасау мүмкіндіктерін арттырады;
Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде компьютерді жаңа сабақ
түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды
сабақта қолданамын.
Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым
- қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту
мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда
ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени
қарым - қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен
дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік,
әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.
Шетел тілін білу өмірдің өзекті мәселесіне айналды. Сондықтан
өскелең ұрпақты шетел тіліне оқытуда әр түрлі әдістемелік жаңа
әдістерді түрлендіре, күрделендіре түсу қажеттілігі туындап отыр.
Ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық
құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы - Жаңа
Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа
ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы
болатынына көз жеткізеді.
Болашақ әркімнен жан-жақты болу дайындығын және ғұмыр бойы оқуды
жалғастыруды талап етеді. Адамдардан, ағылшын мәтелінде
айтылғандай, «to think globally and act locally» ауқымды түрде
ойлау мен жеткілікті әрекет етуді талап ететін болады. Болашақ
маманның тұлғалығын қалыптастыру үздіксіз білім беруді, кәсіптік
іс-әрекеттің білімдерін, мазмұны мен құрылымын тұрақты дамытуды
қамтамасыз ететін процесс болуы тиіс.
Әдебиеттер
1. Китайгородская Г.А. Новые подходы к обучению иностранным языкам.
Вестник МГУ/ Лингвистика, сер.19 - М.,1998
2. Білім технологиялары» журналы №2, 2006 жыл
3. Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелейік. «Қазақстан мектебі»
журналы № 3, 2006 жыл
4. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдау, 2007 жыл 28 ақпан
5. «Әдіскер жаршысы» №5, 2006 ж.