7


  • Учителю
  • Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны

Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны

Сабақтың мақсаты:1.Білімділік:Ақан Қорамсаұлының өмір жолы мен шығармаларына толық тоқталып,өлеңдері мен әндерінің мазмұнын ,идеясын, шығу тарихы мен тақырыбының ерекшелігін түсіндіру. Ақынның өмірі бойынша сұраққа жүйелі жауап беру, өлеңдерінің өзгешелігі,ақынның сезімі туралы тиянақты баяндай білуге үйрету.

2.Дамытушылық:Оқушының тіл байлығын дамыту, тіл мәдениетін қалып-тастыру. Білік дағдыны, есте сақтау дағдысын қалыптастыру.Шығармашылық қабілеттерін, танымдық дағдыларын дамыту және ойлау қабілетін, ой белсен-ділігін,әсемділік,сезімталдыққа баулу. Оқулық, сөздік, қосымша материал бойынша сөйлей алу, жұмыс істеу. 3.Тәрбиелік: Атақты адамдар өмірінен үлгі алып,елінің саналы азаматы болуына тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, азаматтылыққа, өнерге баулу. Қоғамдық идеялық көзқарасын қалыптастыру. Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы патриотизмге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру,әңгімелеу, өзіндік жұмыс,оқулық пен жұмыс логикалық сұрақтар қою, шығармашылық тапсырмалар,хронологиялық кесте құру.

Сабақтың жабдығы: Портреті, слайд, интерактив. тақта, электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сыныппен жұмыс түрі: Даралап, ұжымдық

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа дайындықтарын ,қатысуларын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. Өтілген тақырыпты қайталау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.Сабақ түсіндіру кезінде интерактивті тақтада слайдтар кезегімен жүріп жатады.

1 кезең.Қазақ даласындағы сал-серілік дәстүр жайлы түсіндіріп кету.

2 кезең.Ақан серінің өмірін алын-ала берілген реферат бойынша танысу.

Ақанның өміріндегі елеулі оқиғаларды оқушылармен біріге отырып талдау.

3 кезең.Шығармаларын хронологиялық кесте бойынша қарастыру.

  • Мұғалімнің сал-серілер жайлы кіріспе сөзі (электронды оқулық көмегі):

-Қазақтың кең сахарында серілік құрып топ-тобымен жүру,бүгінгі күнгі бір мекемеге бағынған әртістер ұжымы секілді гастрольдік жүру салты, бұрын серілік құру болып есептелсе керек.Тіршілігі жағынан тек қазаққа ғана тән бұл дәстүр Ақан сері,Біржан сал атымен байланысты,олар өзінше жаңа серілер,салдар тобы еді.

Қайда ойын-сауық кештері,қызойнақ,қыз ұзату сияқты ұлылы,кішілі тойлардың осы топ басы-қасында қазақ халқының рухани байлығының ұйытқысы,дамытушысы,үлгі-өнеге етер таратушысы болған.

Ақан сері-біздің осы қатардағы ұлы тұлғаларымыздың бірі.Елі ерекше сыйлап,сері атандырған Ақан әнімен бүкіл Арқаны жырға бөлеп,халқына өмір үшін күрестің сырын шерткен.Оның өмірін Мағжан «ертегідей әдемі,сұлу өмір»,-десе,Ілияс атақты «Құлагер» поэмасында:

...Лермонтов болмағанмен,біздің Ақан

Кісі ме еді ақындықтан құр алақан,

Ортасын олқы көрген бұл да дара,

Имеген иттерге бас,сері дарқан,

-деп жыр жолдарын арнаған.

  • Өмірбаянына қосымша дерек:

Композитор 1843 жылы Көкшетау облысының Қоскөл деген жерінде ауқатты малшының жанұясында дүниеге келген. Ақынның шын аты- Ақжігіт. Қарындастарының ортасында жалғыз ерке ұл болып өскен. Өзінің табиғи қабілеті мен өнер - білімге деген құмарлылығы арқасында Ақан жас кезінен бастап - ақ сауатын ашып, Шығыс поэзиясының үлгілерімен танысып, өз жанынан да ән - өлең шығарып, болашағы бар дарынды ақын - әнші екендігін байқатады. Сөйтіп, «Ақын - Ақан» деген атқа өте ертеден - ақ ие болады. Ал Ақан кішкентайынан өзінің зеректігімен, әр нәрсеге әуестігімен көзге түседі. Он төрт жасынан бастап Ақан даңқы оның туған ауылынан алысқа тарап, кемеліне жеткен ақын, талантты сазгер ретінде танылады. Кәмелетке толған шағында сәнді қымбат киім киіп, жолдастарымен ауылдан ауылға қыдырып, сал - серілік өмірді өткізе бастайды. Көптеген сал - серілер тәрізді Ақан да аңшылыққа құмар болады. Құсбегі, тазшыл, атшыл Ақан жүйрік тазы, лашын, қыран ұстайды. Оның шығармашылық өнерінде өз өмірінің осы қырлары айқын бейнеленеді. Ақанның «Көкжендет», «Бозторғай», «Қараторғай» әндері аң аулайтын құстарға арналса, Алты Алашқа тараған «Құлагер», «Маңмаңгер» әндері өзінің сүйікті сәйгүлігі Құлагерге арналып шығарылды.

Шығармаларымен жүргізілетін жұмыс:

-Енді балалар,оқулық пен қосымша материалды қолдана отырып Ақан Қорамсаұлының шығармаларына құрылған хронологиялық кестемен танысалық:


Шығарманың аты

Өлеңінің тақырыбы

Қысқаша мазмұны

«Желдірме»


Махаббат құмарлық

ғашықтық

Ғашықтық бір ыстық күн,желі тынық,

Басына түскен жанның көңілі сынық..


«Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек»

Сен болсаң,ал қызыл гүл,асыл еркем,

Мен -бұлбұл сайрап тұрған иран бағы,-

«Балқадиша»

Бұлаңдап асау тайдай жүрген басың,

Боласың қандай жанға,Құдай-ай,жар Қадиша,-

«Сырымбет»

Туған жер

Ауылым қоған сырымбет саласында,

Болдым ғашық ақсұңқар баласына.

«Екі жирен»,Қараторғай»


Келеді Қараторғай қанат қағып,

Астына қанатыңның маржан тағып.

Бірге өскен кішкентайдан,беу,қарағым

Айырылдым қапияда сенен неғып,-

«Мылтық пен мергеншілік»

Саятшылық

...Оқудан соңғы өнер-мылтық деген,

Халайық,құлақ қойсаң,тілге нанып,-

«Бара-бар крестьянға тең болмадық»

Саяси

...Бара-бар крестьянға тең болмадық,

Қалайша малмен,жермен тең болмадық

«Мінгенім,Құлагерім,өзің тұлпар», «Құлагер»

Атына деген ерекше көңілі

Құлагер шешең-сұңқар,әкең-тұлпар,

Соғып ең дөненіңде сегіз арқар...

...................................................................

Шынымен өлгенің бе,Құлагерім,

Басылмас бір шырқамай менің шерім,-


Қорытынды:Жасынан сұлулықты сүйе білген сері ақын жастық өмірдің сан алуан қызығына арнап талай өлеңдер жазды.Махаббат бостандығын көксеген сиқырлы,сырлы өлеңдер жастардың көңіліне қонып,олар жастық шақтың жүрек толқынын,жан сезімін Ақан сөзі арқылы жеткізіп толғады.Өз өлеңімен де,әнімен де жан жылуын таратқан Ақан туған халқының сүйікті ұлдарының бірі бола білді.

Ү. Сабақты бекіту тапсырмалары.Өзіндік жұмыстары.

III деңгей

1.Неліктен Ақанның шын аты өзгеріп кетті?

2.Ақан тума дарын ба,серілік құру дәстүр ме?Дәлелдеңіз.

3. «Құлагер» өлеңінің оқиға желісін айтып беріңіздер.

II деңгей

1. Ақанға қарсы қоятын тұлға туралы айтыңыздар.Оны әшкерелеу.

2.Құлагердің Ақан өміріндегі алатын орны туралы не ойлайсыздар?

3. «Құлагер» өлеңіндегі тарихи жағдайды суреттеңіз.

I деңгей

  1. «Құлагер» өлеңіндегі қай кездегі өмір шындығы көрсетілген?

  2. Зарланған жалғыз Ақан ба?Құлагер басындағы қайғылы жағдайға өз көзқарасың қандай?

  3. «Ортасын олқы көрген бұл да дара» эссе жазыңдар.

ҮІ. Сабақтың қорытындысы, ой қорыту (рефлексия).

-Ақан сері кім болған деп ойлайсыңдар?

Топтастыру



ҮІІ. Оқушылардың білімін бағалау.Мұғалімнің құзыры бойынша жүреді.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру:

А.Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал