7


  • Учителю
  • Разработка урока 'Біз қазақша білеміз'

Разработка урока 'Біз қазақша білеміз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: 4 сыныпта өткізілген қазақ тілі сабағыСабақтың тақырыбы: Біз қазақша білеміз. Нәтиже сабақ. 4 сынып. 4 тоқсанСабақтың мақсаты: білімдік: оқушылардың қазақ тілін меңгеру дәрежесін тексеру.дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру;тәрбиелік: сұрақ-жауа
предварительный просмотр материала

4 сыныпта өткізілген қазақ тілі сабағы

Сабақтың тақырыбы: Біз қазақша білеміз. Нәтиже сабақ. 4 сынып. 4 тоқсан

Сабақтың мақсаты:

білімдік: оқушылардың қазақ тілін меңгеру дәрежесін тексеру.

дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, тіл байлығын арттыру;

тәрбиелік: сұрақ-жауап, мақал-мәтелдер ,өлең, монолог арқылы оқушыларды рухани эстетикалық талғамын дамыту.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдер, қоржындағы тапсырмалар.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, блиц-турнир, еркін тақырыпқа сөйлеу, жатқа өлең айту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Қоршаған ортамен, қонақтармен амандасайық.

- Сәлеметсіз бе, Күн-Ана?!

- Сәлеметсіз бе, аспан ?!

- Сәлеметсіз бе, Жер-Ана?!

- Сәлеметсіз бе, қонақтар?!

- Сәлеметсіз бе, мұғалім?!

- Сәлеметсіз бе, достарым?!

Мұғалім өзінің кіріспе әңгімесінде барлық қатысушылармен, қонақтармен сәлемдесіп, бүгінгі сабақтың ерекшелігіне тоқталып, бәйгеге қатысушыларды, қазылар алқасын көпшілікке таныстырып, тапсырма түрлерін( қоржынға салынған) көрсетеді.

Тапсырма түрлері: Фонетика, Лексика, Морфология, Синтаксис атты қоржындарға салынған тапсырмалар. Әр топқа жеке-жеке қоржындар үлестіру.

Бірінші кезең. Фонетика1 тапсырма. «Айгөлек» тобы мен «Жасұлан» тобына бірдей тапсырма. Сөздік диктантты жазамыз және аударамыз. Оқушылар тақтаға шығып, кезектесіп жазады. Екі топ бір-бірден шығып, екі тақтаға жазады.Үлкен,кішкентай,мұғалім, қонжық,қоян, бұзау, көйлек,құс, ілгіш,әдемі, шаңғы. 2-тапсырма. Мына сөзге фонетикалық талдау жаса.«Айгөлек» тобы- Асқабақ сөзі. «Жасұлан» тобы- Әдемілік сөзі.

3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қой.

«Айгөлек» тобы 1.К...тап , ағ...ш, с...зғыш, к...н, са... ат, оқ...шы, жас...л, қызана... ,

әнш..., тоғ...з.

«Жасұлан» тобы 2.Қасқ.....р , қарб.....з, с.....йлем, қ.....с, су.....қ, к.....з, оқул....., қыз.....л, мұғал.....м , биш...., жет.... .

4-тапсырма.

Қызғалдақ сөзінен сөз құрастыру.Әр топ өздері жазған сөздермен таныстырады. 5-тапсырма«Адасқан әріптер» ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жаса.

«Жасұлан» «Айгөлек» тобы

Р,О, Б (БОР) Ш,Ы,Ғ,З,Ы,С (СЫЗҒЫШ)

П,А,Т,І,К (КІТАП) Ш,ІГ,Р,І,Ш,Ө (ӨШІРГІШ)

М,А,Л, А,Қ (ҚАЛАМ) Р,Е,Т,П,Ә,Д (ДӘПТЕР)

Екінші кезең: Морфология.«Жасұлан» тобы. 1 тапсырмаМына сөздерді аударып, көптік жалғауын жалғаңдар: Дом, школа, улица, класс, день, ночь, ученик, тетрадь,учебник.

«Айгөлек» тобы. 1 тапсырма

Мына сөздерді аударып, көптік жалғауын жалғаңдар:

Магазин, мальчик, город, учитель, отец, ручка, окно, дверь, месяц.

2-тапсырма

Мына сөзді тәуелде.

«Жасұлан» тобы.Әже-сөзі. «Айгөлек» тобы. Дос-сөзіне тәуелдік жалғауын жалғап жекеше,көпше түрде жазады.

3-тапсырма.

Мына сөздерді септеңдер: балық, әтеш сөздерін екі топ септейді.

4-тапсырма

Мына сөзді жікте: Оқушы,мұғалім.

«Жасұлан» тобы- оқушы сөзін жіктейді «Айгөлек» тобы -мұғалім сөзін

жіктейді.

5-тапсырма. Сөздерге тиісті жалғауды жалғап, сөйлемдерді аудар.

«Жасұлан» тобы

1.Айнаш (тың,дың,ның) атасы жақсы адам.

2.Мен бүгін мектеп (ке,ге,не) бардым.

3. Кезекші терезе (ні,ді,ті) ашты.

«Айгөлек» тобы

1. Анам-аспаз. Ол асхана (да,та, на) жұмыс істейді.

2.Әсем Асан (нан,дан,тан) кітап алды.

3. Мен қалам (мен,бен,пен) жаздым.

Үшінші кезең. Лексика.

1-тапсырма. Әрі оқу, әрі ойын

«Жасұлан» «Айгөлек»

1.Крупинка-түйір, 1. Шаг-қадам,

Корова- ... . Человек- ... .

2.Мальчик-бала, 2. Трава- шөп

Город- ... . Много-...

3.Надо-керек, 3. Ива-тал

Тополь- ... . Мёд- ... .

4.Раздели- бөл, 4.Свободный- бос,

Озеро- ... Друг- ... .

5.Город-қала, . 5.Народ-халық,

Санки- ... . Рыба - ... .

6..Иди -бар, 6.Дядя-көке,

Снег- ... Отец- ... .

2-тапсырма.

Мына сандарды ата:

«Жасұлан» тобы

525,26,147, 2654,231,568, 2001,2365.

«Айгөлек» тобы.

235,654,5897,5623,123,1000,2145,123.

3-тапсырма.

Мақал-мәтел сайысы.

«Жасұлан» тобы «Айгөлек» тобы

1.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. Мектеп - кеме,білім-теңіз.
2. Отан өз ұлын ұмытпайды. Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.
3. Отан - оттан да ыстық. Оқу-білім бұлағы.Білім-өмір шырағы.
4. Отан отбасынан басталады. Ата-бәйтерек, Бала-жапырақ.
5. Туған елдей ел болмас, Кітап-білім бұлағы,Білім-өмір шырағы.
Туған жердей жер болмас. Оқу инемен құдық қазғандай.
6. Кісі елінде сұлтан болғанша, Ас атасы - нан.
Өз еліңде ұлтан бол.

Төртінші кезең.Синтаксис. «Жасұлан» тобы. 1-тапсырма. Диалогті оқып, орысшаға аудару.

Бұл не?

Бұл - сынып.

Бұл нешінші сынып?

Бұл - төртінші сынып.

Төртінші сынып нешінші қабатта.

Төртінші сынып екінші қабатта.

Сыныпта неше терезе, неше есік, неше тақта, неше парта, неше үстел, неше орындық бар?

Сыныпта үш терезе,бір есік,екі тақта, он үш парта, бір үстел, бір орындық бар.

«Айгөлек» тобы. 1-тапсырма. Диалогті оқып, орысшаға аудару.

-Бұл-не?

- Бұл- азық-түлік дүкені.

- Азық-түлік дүкені қандай?

- Азық-түлік дүкені үлкен.

- Дүкенде қандай азық-түлік бар?

- Дүкенде нан,сүт,ет, жемістер,көкөністер бар.

- Сен не сатып алдың?

- Мен нан,сүт сатып алдым.

- Дүкен қай көшеде?

- Дүкен Абай көшесінде.

2-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.

«Жасұлан» тобы.

1.Бір жылда неше ай бар?

2.Бір айда неше күн бар?

3.Бір айда неше апта бар?

4.Бір аптада неше күн бар.

5.Бір жылда неше күн бар?

6.Сенің атың кім?

7.Партада кіммен отырасың?

8.Сенің ұлтың кім?

9.Сыныпта неше оқушы бар?

«Айгөлек» тобы.

1.Қазір қандай сабақ.

2. Қазақ тілі сабағында не істейміз?

3. Астана қандай қала?

4.Кітапхана нешінші қабатта?

5.Сенің достарың кім?

6.Көктем айларын ата?

7.Сенің ана тілің қай тіл?

8.Сен қай тілдерді оқып жүрсің?

9. Сен қайда тұрасың?

3-тапсырма. Сөйлемдер құрастыр.

«Жасұлан» тобы. Мен ана көмектесу. Дүен қалам сатып алу.

Әсет кітап алу.

«Айгөлек»

Біз мектеп келу. Гүл су құю.

Әлия дүкен шығу.

Қорытынды: Сабақ соңында оқушыларға түрлі түсті стикер ұсынылады. Балалар сабақ соңында не үйрендім,нені үйренгім келеді, қандай қиыншылықтар туды деген сұрақтарға жауап береді.

Өткізілген кезеңдер бойынша қай топ жеңіске жеткенін әділқазылар алқасы шешеді. Қай топ бүгінгі додада жеңіске жетті?

Бағалау:Үй жұмысының орындалуы,сабақта белсенділік танытып,өзіне көп ұпай жинағаны, барлығы ескеріліп, ортақ баға қойылады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: «Қазақ тілін білеміз» атты жарыс сабағымыздың соңын еліміздің кемеңгері Н.Ә.Назарбаевтың мына даналық сөзімен аяқтағым келеді.

«Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде. Ана тілі бәріміздің анамыз, өйткені ол- ұлтымыздың анасы»





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал