- Учителю
 - Ашық сабақ Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді өңдеу, трансформациялау). Баспаға дайындау, баспаға шығару.
 
Ашық сабақ Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді өңдеу, трансформациялау). Баспаға дайындау, баспаға шығару.
7 сынып Информатика Жасуланова Г.Т.
</ Сабақтың тақырыбы: Графикалық ақпаратты өңдеу (бейнелерді өңдеу, трансформациялау). Баспаға дайындау, баспаға шығару.
Сабақтың мақсаты: Кескіндерді өңдеу тәсілдерін қолдану
Күтілетін нәтиже:
- 
    
Графикалық кескін типін ажырата алады;
 - 
    
Кескін кірістіре алады;
 - 
    
Кескіннің өлшемін өзгерте алады;
 - 
    
Кескінді өңдеу түрлерін қолдана алады;
 - 
    
Кескінді экспорттай алады;
 - 
    
Кескіндер слайд-шоуын көрсете алады;
 - 
    
Кескінді баспаға шығара алады.
 
Сабақтың түрі: түсіндірмелі, практикалық.
Аппараттық және программалық қамтамасыз ету: ДК, интерактивті тақта, Inkscape, Gimp программалары.
Жаңа сабақты бастау үшін түрткі сұрақтар қоюға болады:
- 
    
Графикалық кескіндердің қандай типтері бар екенін білесіңдер?
 - 
    
Олардың айырмашылықтары неде деп ойлайсыңдар?
 - 
    
Импорт, экспорт сөздерінің мағынасын түсіндіре аласыңдар ма?
 
Жаңа сабақ:
- 
    
Миға шабуыл: Айырмашылығы неде?
 

- 
    
Оқушылардың графикалық кескінмен жұмыс жасау программаларын таңдауға мүмкіндік беру (Inkscape, Gimp программалары).
 - 
    
Мұғалімнің шебер сыныбы: Көрсетілетін жұмыс түрлері:
 
- 
    
Кескінді импорттау; Өлшемін өзгерту; Өңдеу түрлерінің бірнешеуін көрсету; Өңделген кескіндерді экспорттау; Кескіндер слайд-шоуын қарау.
 
- 
    
Өзіндік жұмыс: Кез-келген кескін алып, оған 10 түрлі өңдеу түрін қолдану. Экспорттау.
 - 
    
Көрме аралау: Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тамашалау.
 - 
    
Бағалау: Оқушыларға сыныптастарын бағалауға мүмкіндік беру.
 - 
    
Сыныпқа сұрақ қоюға болады: Осы дайындаған суреттерді қалай қағаз бетіне басып шығаруға болады? (оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп жауап бере алады)
 - 
    
Үйге тапсырма: Өткенді қайталау. Қорытынды тестке дайындалу