7


WORDPAD редакторы (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№ 28 сабақ

Күні:

Сыныбы: 7 «Ә» «Б» «В»

Мұғалімі:Ибраимкулов Айбек

Тексерген:_________________________________

Сабақтың тақырыбы: WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға wordpad мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыру, алмасу буфер ісімен жұмыс істеу, мәтінге графикалық объектілерді және графикалық мәтінде енгізуді үйрету.

Дамытушылық: WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктерімен таныстыра отырып, оқушылардың ой өрісін, білім білік дағдыларын қалыптастырып, алған білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, патриоттыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интербелсенді тақта, оқулық, презентация.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру (3 мин)

2. Өткенді қайталау (10 мин)

3. Жаңа сабақты түсіндіру (20 мин)

4. Сабақты пысықтау кезеңі (10 мин)

5. Үй тапсырмасы (2 мин)

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Wordрad мәтіндік редакторының атқаратын қызметі қандай?

  • Wordрad редакторын қалай іске қосамыз?

  • Wordрad мәтірдік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

  • Мәтіннің әріпін, өлшемін әлпетім қалай өзгертеміз?

  • Мәтінді тегістеуің қандай түрлері бар, олар қалай орындалады?



Жаңа сабақ: WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері.



WordРad бағдарламасында мәтіннің үзінділерін маустың көмегімен апару және көшіру әдістері немесе командалары ақылы көшіруге және жылжытуға болады.

Апару және орналастыру әдісі-бұл мәтіннің үзіндісін бөліп, қажетті орынға апарып орналастыру.

Мәтіннің бөлігін көшіру үшін алдымен мәтіннің бөлігін белгілейміз, одан кейін Ctrl пернесін басып тұрып, қажетті орынға апарамыз. WordРad - та жұмыс істеген кезде мәтіннің бір бөліктерін құжаттың ішінде бір орнынан басқа орынға, тіпті басқа мәтінге, басқа құжаттар арасында, басқа қолданбалардың құжаттарының арасында ауыстырып апаруға және көшіруге тура келеді. Бұл жағдайда жылжытатын немесе көшіретін ақпаратты уақытша сақтауға арналған алмасу буферін пайдаланған жөн.

</ Мәтіннің бір бөлігін көшіру әрекеті:

  1. Көшіретін мәтін бөлігін белгілейміз:

  2. Правка - Копировать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню - Копировать, пернетақтаның көмегімен Ctrl + С

Мәтіннің бір бөлігін жылжыту әрекеті:

  1. Жылжытатын мәтін бөлігін белгілейміз

  2. Правка - Вырезать командасын орындаймыз немесе Қосымша меню - Вырезать, пернетақтаның көмегімен Ctrl+Х

Көшірілген немесе жылжытылған мәтінді кірістіру әрекеті:

  1. Көшірілген немесе жылжытатын мәтінді кірістіретін орынға меңзерді орналастыру.

  2. Правка - Вставить командасын орындаймыз немесе Қосымша меню - Вставить, пернетақтаның көмегімен Ctrl+V

Құжатқа суреттерді кірістіру:

  1. Paint пайдаланып сурет саламыз немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан аламыз.

  2. Суретті белгілейміз.

  3. Правка - Копировать немесе Вырезать командаларының бірін орындаймыз.

  4. суретті кірістіретін мәтінді ашамыз.

  5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастымазы.

Правка-Вставить командасын орындаймыз.

WordPad құжатына дайын суреттерді, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді кірістіруге болады.

Графикалық обьектіні кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар.

  1. Paint редакторын пайдаланып сурет салыңдар немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан алыңдар.

  2. Суретті белгілеңдер (яғни оларды Paint редакторындағы бөліп алу батырмаларының көмегімен қиып алу керек.)

  3. Правка менюінен Копировать немесе Вырезать командаларының бірін таңдаңдар.

  4. Суретті кірістіретін мәтінді ашыңдар.

  5. Меңзерді құжаттың суретті кірістіретін жеріне орналастырып, Вставить батырмасын шертіңдер немесе Правка-Вставить командасын орындаңдар.

  6. Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып іліп алыңдар да, мәтіннің тиісті жеріне орналастырыңдар.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Мәтіннің бір бөлігін көшіру және жылжыту дегеніміз не?

  • Мәтіннің бір бөліктерін жылжыту немесе көшіру әрекеттері қалай орындалады?

  • Жылжыту, көшіру әрекеттерін орындаудың бірнеше жолдарын көрсет.

  • Мәтінге сурет, енгізу әректі қалай орындалады?

Үйге тапсырма: «WORDPAD мәтіндік редакторының қосымша мүмкіндіктері» тақырыбын оқу және тәжірибелік тапсырмаларды орындау.



















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал