- Учителю
- Информатикадан тест сұрақтары 5 сынып Арман-ПВ баспасы
Информатикадан тест сұрақтары 5 сынып Арман-ПВ баспасы
5 - сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 1 - нұсқа
1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?
А) Өте ауыр В) Ауа алмасуы (желдету) бұзылады С) Ұнамсыз D) Экран жабылып қалады
2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?
А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстау В) Компьютерді Роwer батырмасын басу арқылы өшіру
С) Пернелерді ақырын басу D) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу
3. Компьютермен жұмыс істегенде көзге шамадан тыс күш түсірмеу үшін не істеу керек?
А) Көзге арналған гимнастиканы әрбір 10 - 15 минут сайын жасап отыру
В) Төрт сағаттан артық үздіксіз жұмыс істемеу С) Қолға арналған гимнастиканы әрбір 2 сағат сайын жасау
D) Арасында мониторды өшіріп отыру
4. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?
А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіру
В) Компьютерді ажырату батырмасын басу С) Тұрып, кабинеттен шығу
D) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету
5. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?
А) қағазды В) дискіні С) тасты D) суды
6. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?
А) биді В) суреттерді С) қимылды D) дыбысты
7. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?
А) кітап В) радио С) журнал D) плакат
8. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет:
А) Теледидар көру В) Дәптерге жазу С) Кітап оқу D) Телефонмен сөйлесу
9. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:
А) Ақпаратты өңдеу В) Ақпаратты сақтау С) Ақпаратты жеткізу D) Ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу
10. Ақпаратты іздеуге не жатады?
А) Электрондық поштамен ақпарат алу В) Компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу
С) Кітап мазмұнымен жұмыс істеу D) Мәтіндерді басқа тілге аудару
11. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:
А) Кітапханадан кітап іздеу В) Телефон арқылы сөйлесу С) Музыка тыңдау D) Табиғат құбылысын бақылау
12. 1 Мбайт - ол:
А) 100 Кбайт В) 1000 байт С) 1024 Кбайт D) 1500 Гбайт
13. 1 Гбайт - ол :
А) 1024 Мбайт В) 100 Кбайт С) 1000 Мбайт D) 1500 Мбайт
14. «Information» сөзінде қанша бит бар?
А) 14 В) 88 С) 72 D) 128
15 . Қандай ақпарат дискіде ең аз орын алады?
А) Мәтін В) Сурет С) Музыка D) Видео
16. Қандай ақпарат дискіде ең көп орын алады?
А) Мәтін В) Сурет С) Музыка D) Видео
17. Компьютердің қазіргі уақыттағы негізгі функциясы қандай?
А) Есептеу В) басқару С) Ақпаратты іздеу D) Құжат құру
18. Жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін программа:
А) Интернет В) Операциялық жүйе С) Операциялық қабыршық D) Windows
19. Артығын көрсет:
А) Суперкомпьютер В) Үлкен компьютер С) Дербес компьютер D) Кіші компьютер
20. Суперкомпьютерлер қайда қолданылады?
А) Үйде В) Офисте С) Өндірісте D) Ірі ұйымдарда нақты есептер шығару үшін
21. Компьютерде дыбыстармен жұмыс істеу үшін ... керек.
А) Дыбыс картасы В) Желі картасы С) Видеокарта D) Процессор
22. Бас әріптер режимін қосу үшін қолданылатын перне:
А) Alt В) Tab С) CapsLock D) NumLock
23. Орыс тілінде « , » белгісін жазу үшін нүктесі бар пернемен бірге қай пернені басу керек?
А) Shift В) Alt С) Tab D) Ctrl
24. Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?
А) Бос орын В) Alt С) Tab D) Ctrl
25. Enter пернесі не үшін керек?
А) Енгізу В) Курсорды жылжыту
С) Қосымша цифрлық пернетақтаны алмастыру D) Бас әріптер режимін алмастыру
26. Графикалық ақпаратты қағаздан компьютерге енгізу құрылғысы?
А) Сканер В) Принтер С) Монитор D) Пернетақта
27. Қайсысы компьютердің шығару құрылғысы
А) Сканер В) Пернетақта С) Тышқан D) Принтер
28. Дыбыстық ақпаратты шығару үшін не қажет
А) Монитор В) Колонкалар С) Сканер D) Микрофон
29. Артығын көрсетіңдер
А) Сканер В) Тышқан С) Пернетақта D) Процессор
30. Микрофон, Сканер, Тышқан қатарын төменде көрсетілген сөздердің бірімен аяқтаңдар:
А) Пернетақта В) Жүйелік блок С) Дыбыс құлақтығы D) Монитор
5 - сынып. Тест жұмысы 1-тоқсан. 2 - нұсқа
1. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу ... аспауы керек.
А) 6 сағаттан В) 45 минуттан С) 2 сағаттан D) 15 минуттан
2. Егер компьютер сендердің сұраныстарына жауап бермесе, не істейсіңдер?
А) Мұғалімді шақырамын В) Ақауды өз бетіммен жоямын
С) Компьютерді электр желісінен ағытамын D) Сыныптасымнан көмек сұраймын
3. Көзден экранға дейінгі арақашықтық қанша болу керек?
А) 10 - 15 см В) 20 - 30 см С) 40 - 50 см D) 55 - 65 см
4. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерге флешкалар мен дискілерді қосуға болмайтын себептерді көрсетіңдер:
А) Мектеп компьютерінен керегі жоқ ақпаратты көшіріп алуы мүмкін
В) Компьютерді вируспен зақымдау қаупі бар
С) Компьютердің ажыратқыштарын жиі қолданғаннан олардың бұзылуы мүмкін
D) Компьютерге көп ақпарат тасығыш қосуға болмайды
5. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?
А) сезу және көрудің В) иіскеу мен естудің С) есту мен көрудің D) көру және дәмін тату арқылы
6. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?
А) есту В) сезу С) көру D) жазбаша
7. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түріне жатады?
А) мәтіндік және графикалық В) графикалық және естілетін
С) электромагниттік және көрінетін D) цифрлық және музыкалық
8. Ақпарат алу - ол :
А) Үй жұмысын орындау В) Ағаш көшеттерін отырғызу С) Музыка тыңдау D) Математикадан есеп шығару
9. Адам үшін ұялы телефон - ол :
А) Ақпарат көзі В) Ақпарат қабылдаушы С) Ақпаратты өңдеу құралы D) Байланыс құралы
10. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?
А) Ақпаратты тасымалдау В) Ақпаратты іздеу С) Ақпаратты өңдеу D) Ақпаратты сақтау
11. Ақпарат компьютерде қандай түрде сақталады?
А) Әріптер В) Мәтіндер С) Сандар D) Нөл мен бірлер
12. Ақпараттың ең кішкене өлшем бірлігі:
А) Бит В) Байт С) 1 D) Әріп
13. Бір байт - ол :
А) 10 бит В) 16 бит С) 8 бит D) 4 бит
14. Бір символдық мәтін әдетте ... кодталады.
А) 1 битпен В) 1 байтпен С) Әріппен D) Он битпен
15. 1 Кбайт - ол:
А) 100 бит В) 1000 байт С) 1024 байт D) 1500 байт
16. Үлкен дерек қорларын өңдеу және сақтау үшін қолданылатын компьютер:
А) Үлкен компьютер В) Дербес компьютер С) Суперкомпьютер D) Сервер
17. Ноутбук компьютерлердің қай түріне жатады?
А) Суперкомпьютер В) Үлкен компьютер С) Дербес компьютер D) Сервер
18. Ноутбук деген не?
А) Шағын мөлшерлі ноутбук В) Алақан компьютері
С) Интернетке қосылған дербес компьютер D) Оқыту мақсатындағы компьютердің арнайы түрі
19. Сервер - ол :
А) Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын компьютер
В) Суперкомпьютер С) Үлкен компьютер D) Ақпарат сақтауға арналған компьютер
20. Компьютер құрылғыларының қайсысы жүйелік блок құрамына кірмейді?
А) Процессор В) Принтер С) Дискжетек D) Жедел жады
21. Компьютерде деректерді сақтау үшін керек қырылғы:
А) Жады В) Процессор С) Дискжетек D) Монитор
22. Нені өшірсек компьютер жұмыс істей алмайды?
А) Дискжетек В) Жедел жады С) Тышқан D) Принтер
23. Ақпарат компьютердің қай құрылғысында өңделеді?
А) Пернетақта В) Монитор С) Сыртқы жады D) Процессор
24. Ақпаратты енгізу құрылғысы
А) Процессор В) Принтер С) Пернетақта D) Компьютердің жады
25. Винчестр дегеніміз:
А) Жұмсақ диск (дискета) В) Қатты диск С) Лазерлік диск D) Флешка
26. Ақпарат тасығыштардың қайсысының көлемі ең үлкен?
А) Жұмсақ диск (дискета) В) Қатты диск С) Лазерлік диск D) Флешка
27. Принтер қандай құрылғы?
А) Ақпарат таситын В) Графикалық ақпаратты енгізетін
С) Ақпаратты қағазға басып шығаратын D) Программаларды ұзақ сақтайтын
28. Орындалатын кезде программа қайда сақталады
А) Видеожадыда В) Жедел жадыда С) Қатты дискіде D) ТСҚ - да
29. Қайсысы ақпарат тасығыш емес?
А) Қатты диск В) Лазерлік диск С) Флеш - жады D) Процессор
30. Микрофон, Сканер, Тышқан қатарын төменде көрсетілген сөздердің бірімен аяқтаңдар:
А) Пернетақта В) Жүйелік блок С) Дыбыс құлақтығы D) Монитор
5-сынып Тест жұмысы 2-тоқсан. 1 - нұсқа
1. Windows-те қандай терезелер жоқ?
А) Бума терезелері С) Сұхбаттық терезелер
В) Қосымшалар терезесі D) Бас терезелер
2. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?
А) Терезені ашады С) Барлық ашық терезелерді жабады
В) Терезені жабады D) Келесі ашық терезеге ауыстырады
3. Қандай терезелердің мәзір жолдары, жиыру және жаю батырмалары жоқ?
А) Бума терезелерінің С) Сұхбат терезелерінің
В) Қосымшалар терезесінің D) Анықтама терезелерінің
4. Терезеде не таңдалғаны туралы қосымша ақпарат қайда көрсетіледі?
А) Тақырып жолында С) Жай-күй жолында
В) Жүйелік мәзірде D) Терезенің жұмыс аймағында
5. Белгіше - ол:
А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер
6. Белгіше - ол:
А) Файл В) Бума С) Жарлық D) Компьютер
7. Белгіше - ол:
А) Жүйелік бума В) Жұмысшы бума С) Жарлық D) Файл
8. Файлға дейінгі толық жол С: \кітап\ әңгіме. txt. Файлдың аты қалай?
А) Кітап \әңгіме В) Кітап\әңгіме . txt. С) txt. D) әңгіме.txt.
9. Отправить Рабочий стол (Создать ярлык) бұйрығы:
А) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады
В) Бумада көрсетілген нысан үшін жарлық құрады және оны Жұмыс үстеліне жөнелтеді
С) Көрсетілген нысанды жарлыққа ауыстырады
D) Жаңа бума құрып, оның ішіне жарлық құрады
10. Windows нысандарына қолданылатын амалдардың артығын көрсетіңдер.
А) Көшіру В) Жылжыту С) Жою D) Сақтау
11. Нысандарды көшірудің қандай тәсілі алмасу буферін қолданбайды?
А) Ctrl пернесін басып тұрып, тышқанның сол жақ батырмасымен жылжытқанда
В) Пернетақталық С) Көшіру, Кірістіру бұйрықтарымен D) Контекстік мәзір
12. Пернетақтада Қиып алу бұйрығын пернелердің қандай тіркесімдерімен алмастыруға болады?
А) Ctrl + C В) Ctrl +V С) Ctrl +X D) Ctrl + Z
13. Ctrl +О пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау В) Ашу С) Сақтау D) Құру
14. Ctrl + S пернелер тіркесімі қандай бұйрықты алмастырады?
А) Қалай сақтау В) Ашу С) Сақтау D) Құру
15. Қосымшаның терезесін жабу үшін қандай пернелер тіркесімін қолдануға болады?
А) Ctrl + S В) Ctrl +O С) Alt + F4 D) Alt + Tab
16. «Paint» сөзі ағылшын тілінен қалай аударылады?
А) Жобалау В) Оқу, кітап С) Сурет, сурет салу D) Музыка, ән салу
17. Барлық растрлық кескіндер неден тұрады?
А) Кішкене тіктөртбұрыштардан В) Нүктелерден
С) Сызықтардан D) Символдардан
18.Қандай пішімдегі кескіндер ең сапалы болады?
А) . bmp В) . jpg С) . png D) .gif
19. Paint программасын қалай іске қосамыз?
А) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
В) Бастау Стандарттық Paint
С) Менің құжаттарым Менің суреттерім Paint
D) Жұмыс үстелі Қоржын Paint
20. Жай - күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты D) Файлдың көлемі
21. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау Басқару тақтасы
В) Paint Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау Барлық программалар Стандарттық Paint
D) Бастау Басқару тақтасы Экранның шешімділігін баптау
22. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламызба?
А) Сызуға болады В) Болмайды С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты
23. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:
А) Контекстік мәзір пайда болады В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады
С) Фрагмент басқа түске боялады D) Ештеңе болмайды
24. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу В) Көшіру С) Бейнелеу/бұру D) Түсін алмастыру
25. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
А) Экранның ортасына В) Төменгі оң жақ бұрышына
С) Жоғары сол жақ бұрышына D) Экранның төменгі жағына
5-сынып Тест жұмысы 2-тоқсан. 2 - нұсқа
1. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Программамен жұмысты аяқтайды
В) Терезенің мөлшерін азайтады
С) Терезені толық экранға жаяды
D) Терезені жиырады
2. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Программамен жұмысты аяқтайды
В) Терезенің мөлшерін азайтады
С) Терезені толық экранға жаяды
D) Терезені жиырады
3. Мына батырма қандай қызмет атқарады?
А) Программамен жұмысты аяқтайды В) Терезенің мөлшерін азайтады
С) Терезені толық экранға жаяды D) Терезені жиырады
4. Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
А) Файл В) Бума С) Программа D) Құжат
5. Жарлық - ол:
А) Нысанға көрсететін, оған қол жеткізуді жеңілдететін сілтеме
В) Нысанға қол жеткізуді жеңілдететін бума
С) Арнайы түрде құрылған файл D) Мәтіні бар файл
6. Файлды атау үшін қолданылатын символдардың ең үлкен саны:
А) 100 В) 200 С) 50 D) 255
7. Буманы ашу үшін не істеу керек?
А) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен бір рет шерту
В) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен бір рет шерту
С) Осы буманы тышқанның сол жақ батырмасымен екі рет шерту
D) Осы буманы тышқанның оң жақ батырмасымен екі рет шерту
8. Басқа буманың ішіндегі бума қалай аталады?
А) Ішіне салынған В) Ата-аналық С) Каталог D)Түпкі
9. Нысанды жойғаннан кейін дискіде орын босайтын тәсіл:
А) Нысанды тышқанмен Қоржынға жылжыту
В) Ерекшеленген нысанға Shift + Del пернелерін басқанда
С) Контекстік мәзірде Жою бұйрығын таңдау
D) Нысанды ерекшелеп, Реттеу Жою бұйрығын таңдау
10. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет:
А) Көшіру В) Атын өзгерту С) Жою D) Жылжыту
11. Бумадағы «Құжат» файлын тез іздеу үшін не істеу керек?
А) Буманың терезесінде Д әрпі бар пернені басу
В) Буманың терезесінде бір мезгілде Shift және Д пернелерін басу
С) Іздеуге кіріп, Д әрпі бар пернені басу
D) Іздеуге кіріп, Shift және Д пернелерін басу
12. Егер буманың терезесінде бір әріптен басталатын бірнеше файл болса, онда келесі файлға өту үшін:
А) Іздеуді бірнеше рет шақырамыз
В) Нысан атының бірінші әрпі бар пернені қажетті файл ерекшеленгенше басамыз
С) Таb пернесін басамыз D) бос орын пернесін басамыз
13. Файлды сол атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау В) Қайтадан сақтау С) Сақтау D) Құру
14. Файлды жаңа атпен қайта сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?
А) Қалай сақтау В) Қайтадан сақтау С) Сақтау D) Құру
15. Алдыңғы саптың түсін өзгерту үшін не істеу керек?
А) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 1 батырмасын басып, түс таңдау
В) Түстер тобында Негізгі тіркеме бетіндегі Цвет 2 батырмасын басып, түс таңдау
С) тышқанның сол жақ батырмасымен Палитрадағы түсті шерту
D) еsc пернесін басу
16. Палитраның неше түсі бар?
А) 256 В) 2 С) 30 D) қанша керек болса да
17. Қандай бұйрықты орындап, палитрада жаңа түс құруға болады?
А) Түстер тобы Түстерді өзгерту В) Сурет Түстерді қайтару
С) Саймандар Түспен толтыру D) Файл Құру
18. Палитрада жаңа түстер құру үшін қандай негізгі 3 түс қолданылады?
А) Сары, сұр, қан қызыл В) Көгілдір, қызыл, қара
С) Ақ, қызғылт, сары, ақшыл көк D) Жасыл, қызыл, көк
19. RGB (0, 0, 250) кодына қандай түс сәйкес келеді?
А) Қызыл В) Жасыл С) Көк D) Қара
20. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2 В) 1 С) 0 D) 4
21. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt В) Ctrl С) Shift D) Dеlеtе
22. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес D) Жұмсақ және қатты
23. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
А) Esc В) Tab С) Ctrl D) Shift
24. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
А) Өшіргіш В) Мәтін С) Қарындаш D) Қылқалам
25. Мәтіннің түсі:
А) Өзгертілмейді В) Фонның түсімен бірдей
С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы
D) Әрқашан қара
5 - сынып. Тест жұмысы ІІІ - тоқсан.
І - нұсқа
1. Егер алмасу буферінен мөлшері Раіnt - тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?
А) Сурет қырқылады В) Қате туралы хабарлама шығады
С) Сурет салу аймағы кеңейеді D) Түкте де болмайды
2. Суретті вертикаль бойынша 2 есе ұлғайту үшін не істеу керек?
А) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 2-ні жазу
В) Мөлшерді өзгерту бұйрығын таңдап, Вертикаль бойынша өрісінде 200-ді жазу
С) Суретті тышқанмен созу D) Масштабтан 200% таңдау
3. Масштаб сайманын көрсет
А) В) Ондай сайман жоқ С)
D)
4. Суретті басып шығару үшін қолданылатын бұйрық.
А) Paint → Басып шығару В) Пуск → Paint → Программы → Басып шығару
С) Пуск + Ctrl + Р D) Пуск → Paint
5. ... батырмасы басып шығарады.
А) В) С) Пуск + Ctrl + Р D)
6. Ctrl + С пернелері тіркесімі қандай қызмет атқарады?
А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру В) Бөлікті алмасу буферіне жылжыту С) Алмасу буферінің мазмұнын кірістіру D) Құжатты дискіге көшіру
7. «Вырезать» батырмасының қызметі:
А) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне көшіру В) Құжатты алмасу буферіне жылжыту С) Ерекшеленген бөлікті алмасу буферіне жылжыту
D) Нысанды алмасу буферінен құжатқа кірістіру
8. Символдар ... анықталған жерге енгізіледі.
А) Алдыңғы символдың орнымен В) Кез келген С) Адреспен D) Курсордың орнымен
9. Кегль деген не?
А) Әріптің түрі В) Әріптің мөлшері С) Әріптің түсі D) Әріптің мәнері
10. Гарнитура деген не?
А) Әріптің түрі В) Әріптің мөлшері С) Әріптің түсі D) Әріптің мәнері
11. Жолақтың қандай бөлімі абзацты пішімдеу үшін жауапты?
А) Кірістіру В) Бетті белгілеу С) Бас тіркеме беті D) Шимайлық
12. Абзацты түзеулердің ішіндегі артығы қайсы?
А) Сол жақ шеті бойынша В) Абзац бойынша С) Оң жақ шеті бойынша D) Ортасы бойынша
13. Сызғыштың көмегімен не істеуге болады?
А) Шегіністерді орнатуға В) Түзеуді бпаптауға
С) Жоларалық интервалды анықтауға D) Маркерленген тізімді баптауға
14. Жай - күй жолында не беріледі?
А) Инструменттер В) Ағымдағы жұмыс туралы ақпарат
С) Файлдың аты D) Файлдың көлемі
15. Жұмыс үстелінің мөлшерін қалай білуге болады?
А) Бастау → Басқару тақтасы
В) Paint → Жұмыс үстелінің фоны ету
С) Бастау → Барлық программалар → Стандарттық → Paint
D) Бастау → Басқару тақтасы → Экранның шешімділігін баптау
16. Көпбұрышты қолдана отырып шеңбер сыза аламызба?
А) Сызуға болады В) Болмайды С) Тек Shift пернесінің көмегімен ғана салуға болады
D) Адамның мүмкіндігіне байланысты
17. Егер ерекшеленген фрагментті тышқанның оң жақ батырмасымен шертсек, онда:
А) Контекстік мәзір пайда болады В) Ерекшеленген фрагмент жоғалады
С) Фрагмент басқа түске боялады D) Ештеңе болмайды
18. Суреттің ерекшеленген фрагментін Ctrl батырмасын басып жылжыту қандай бұйрыққа парапар?
А) Қиып алу В) Көшіру С) Бейнелеу/бұру D) Түсін алмастыру
19. Сурет алмасу буферінен қайда кірістіріледі?
А) Экранның ортасына В) Төменгі оң жақ бұрышына
С) Жоғары сол жақ бұрышына D) Экранның төменгі жағына
20. Басып шығару қағазының мөлшері:
А) Принтерден тәуелді В) Әрқашан А4 С)Кез келген D) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі
5 - сынып. Тест жұмысы ІІІ - тоқсан.
ІІ - нұсқа
1. Қисық сызық салғанда неше бүгіліс санын көрсету керек?
А) 2 В) 1 С) 0 D) 4
2. «Дұрыс» фигура салу үшін қандай пернені жібермей ұстап тұру керек?
А) Alt В) Ctrl С) Shift D) Dеlеtе
3. Өшіргіштің қандай режимдері болады?
А) Қарапайым және түрлі түсті В) Қарапайым және күрделі
С) Стандарттық және стандарттық емес D) Жұмсақ және қатты
4. Қандай пернені жібермей ұстап тұрып, «ізі бар» көшірме алуға болады?
А) Esc В) Tab С) Ctrl D) Shift
5. Қандай сайманның көмегімен мәтін енгізуге болады?
А) Өшіргіш В) Мәтін С) Қарындаш D) Қылқалам
6. Мәтіннің түсі:
А) Өзгертілмейді В) Фонның түсімен бірдей
С) Палитра тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы D) Әрқашан қара
7. «Трансформация» сөзі латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) Түрлену , алмасу В) Компьютер С) Тышқан тетігі D) Принтер
8. Масштабы өзгермеген сурет мәтінінің мөлшері өзгере ме?
А) Өзгермейді В) Өзгереді С) Мәтін жоғалып кетеді D)Жартылай өзгереді
9. Жай-күй жолындағы Масштаб жүгірткіштің белгісі:
А) В)
С) D)
10. Алдын ала қарау бұйрықтары қайда орналасқан?
А) Менюде Paint батырмасының мәзірінде В) Бас тіркеме бетінің Басып шығару тобында С) Windows -тің Бас мәзірінде D) Түр тіркеме бетінің Басып шығару тобында
11. Алдын ала қарау терезесінде нені баптауға болады?
А) Жұмыс істеу аймағы В) Беттің экранда көрсетілу масштабын
С) Беттің толтырылу бағытын D) Беттің мөлшерін
12. Басып шығару қағазының мөлшері:
А) Принтерден тәуелді В) Әрқашан А4 С)Кез келген D) Беттің параметрлері терезесінің Масштаб өрісінде өзгертіледі
13. Қандай амал басқа барлық таңдалған көрсеткішті бұзады?
А) Мәтіннің бөлігін Жою В) Мәтіннің бөлігін Жылжыту
С) Мәтінді сақтау D) Мәтіннің бөлігін көшіру
14. Берілген үлгі бойынша мәтінде сөз іздеудегі ең маңызды үдеріс:
А) Ақпаратты сақтау В) Ақпаратты жөнелту С) Ақпаратты өңдеу D) Ақпаратты алу
15. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?
А) Бас тіркеме беті В) Кірістіру С) Бетті белгілеу D) Шимайлық
16. батырмасы мәтінді ...етеді.
А) Курсив В) Асты сызылған С) Жуан D) Жуан курсив
17. батырмасы мәтінді ... етеді.
А) Курсив В) Асты сызылған С) Жуан D) Жуан курсив
18. Абзацтың бірінші жолындағы шегініс үшін жауапты сызғыш:
А) Оң жақтағы төменгі маркер В) Сол жақтағы жоғарғы маркер
С) Сол жақтағы төменгі тікбұрышты маркер D) Сол жақтағы төменгі үшбұрышты маркер
19. батырмасының қызметі:
А) Абзацтың шегіністерін баптайды В) Ол табуляция
С) Маркерленген тізім құрады D) Абзацтағы түзеуді анықтайды
20. Егер алмасу буферінен мөлшері Раіnt - тегі сурет салу аймағынан үлкен суретті кірістірсек не болады?
А) Сурет қырқылады В) Қате туралы хабарлама шығады
С) Сурет салу аймағы кеңейеді D) Түкте де болмайды
5 - сынып. Тест жұмысы ІV - тоқсан.
І - нұсқа
1. Дыбыс жазу файлдары қандай пішімде сақталады?
A) bmp B) txt C) wav D) mp3
2. WordPad құжатына дыбыс қосу үшін ... қолданылады
A) батырмасы B) ауыстыру бұйрығы
C) нысанды кірістіру бұйрығы D) бұл әрекет мүмкін емес
3. Дыбыс жазу ұзақтығы:
A) шексіз болуы мүмкін B) әрқашан 60 с тең C) 60 с кем болмайды
D) компьютер жадының мөлшерімен шектелген
4. Киноға билет сатып алу кезегінде тұрғанда бәрінен бұрын не істейсіңдер?
A) Плакаттар мен хабарландыруларды қарап шығамын B) Жанымда тұрғандармен әңгімелесемін C) Аяғыммен тарсылдатамын немесе оңды - солды жүремін
5. Мұражайға барғанда сендер ең алдымен не істейсіңдер?
A) Көрмелер сызбасын іздеймін
B) Мұражай қызметкерінен қай көрме қайда орналасқанын сұраймын
C) Көзге түскен алғашқы көрмеден бастаймын, ары қарай қалай болатынын кейін көрермін
6. Ашулана қалсаңдар, наразылықтарыңды қалай білесіңдер?
A) Бетімді тыржыңдатамын B) Айқайлаймын
C) Аяқпен жер тепкілеп, есіктерді тарсылдата бастаймын
7. Қатты қуанғандарыңды қалай жеткізесіңдер?
A) Бет-пішініммен көрсетемін B) Қуанып айқайлаймын C) Қуанып секіремін
8. Мектептегі үйірмелердің қайсысын жақсы көресіңдер?
A) Сурет салу B) Музыка C) Спорт
9. Сендер музыка тыңдағанда әдетте не істейсіңдер?
A) Армандаймын, әртүрлі бейнелерді елестетемін B) Қосылып саламын
C) Музыкамен қозғалып, билеймін және т.б.
10. Өздеріңнің немесе достарыңның басынан өткен қызықты оқиға туралы қалай баяндар едіңдер?
А) Әңгіме жазар едім В) Айтып берер едім С) Орындап берер едім
11. Калькулятор программасы не үшін керек?
12. Ақпарат дегеніміз не?
13. Көз жаттығуларын ата?
14. Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?
15. «Файл» дегеніміз не?
16. Компьютердің негізгі құрылғыларын ата?
5 - сынып. Тест жұмысы ІV - тоқсан.
ІІ - нұсқа
1. Windows оқиғаларын дыбыстық сүйемелдеуді баптау үшін... қолданылады
A) Windows Media ойнатқышы В) регулятор дыбыс қаттылығын реттеуші
С) дыбыс жазу программасы D) басқару тақтасы
2. .... жылға дейін компьютердің дыбыстық карталары болмады
А) 1977 В) 1905 С) 2000 D) 1986
3. Компьютердің қалай жұмыс істейтінін қандай жолмен білгенді қалайсыңдар?
А) Оқу фильмін қарап В)Түсіндіруді тыңдап
С) Компьютерді бөлшектеп тастап, өзім көз жеткіземін.
4. Көңіл көтеру үшін қайсысын оқуды жақсы көресіңдер
А) Саяхат туралы суреті көп кітапты В) Сұхбаттық мәтіндері көп детективті
С) Есептер мен жұмбақтар және басқатырғыштар жазылған кітапты
5. Егер сөздің қалай жазылатынына сенімсіз болсам:
А) Көз жеткізу үшін жазамын В) Дауыстап айтамын
С) Сезімдеріме құлақ асып, содан кейін тыңдаймын.
6. Достарыңның туған күнінен кейін келесі күні ең алдымен естеріңе не түседі?
А) Сонда болғандардың бет бейнелері ғана, бірақ олардың аттары емес
В) Аттары тек бейнелері емес С) Өзімнің айтқардарым
7. Сендер бақылау жұмысына қалай дайындаласыңдар?
А) Өз жазбаларымды, кітаптардың тақырыптарын оқимын, сызбалар мен көркемдеулерді қарап шығамын
В) Біреудің маған сұрақ қойғанын өтініп, ішімнен немесе дауыстап айтып шығамын
С) Керек нәрселерді карточкаға жазамын немесе сызбалар сызамын
8. «Ит» деген сөзді оқығанда ең алдымен не істейсіңдер?
А) Көз алдыма итті елестетемін В) Ішімнен «ит» деген сөзді айтамын
С) Көз алдыма итпен не істеуге болатынын - оны сипау, онымен ойнау және т.б елестетемін
9. Сендерге алаңсыз ойланып, көңіл тоқтату керек болғанда, әдетте көп кедергі ететін не?
А) Назырымды аударатын көріністер В) Айғай - шу
С) Қарнымның ашуы, тар аяқ киім немесе үрей сияқты басқа сезімдер
10. Мектептегі үйірмелердің қайсысын жақсы көресіңдер?
A) Сурет салу B) Музыка C) Спорт
11. Блокнот программасы не үшін керек?
12. Информатика дегеніміз не?
13. Техника қауіпсіздік ережелерін ата?
14. Компьютердің қосымша құрылғыларын ата?
15. «Жарлық» дегеніміз не?
16. Графикалық редактор дегеніміз не? Қалай іске қосамыз?