7


  • Учителю
  • Бейнені және дыбысты кірістіру

Бейнені және дыбысты кірістіру

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні:Информатика

Күні:

Сыныбы: 6

Cабақтың тақырыбы: Бейнені және дыбысты кірістіру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Microsoft Power Point бағдарламасында бейне мен дыбыс кірістіруге түсінік беру.

  • Терезедегі бейненің негізгі режимдері, аймақтың мәні мен қарапайым режимдегі қосымша бет, лентадағы негізгі тағайындалу мен қосымша қолданбалы программалар туралы білімдерін қалыптастыру;

  • Программаны практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік:

  • Презентация құру үшін аталған программаны меңгеру мен оны қолданудың қажеттілігіне көз жеткізу;

  • Жаңа білімді алуға, қызығушылыққа және байқампаздыққа тәрбиелеу;

  • Ақыл-ойын, қиялын, жадын дамытуға, уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:

  • Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру;

  • Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істету шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Power Point редакторының терезесі, интерактивті тақта, оқулық.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу; сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айту;

ІІ. Сабақтың өзектілігі.

  • Microsoft Power Point программасын қалай іске қосады?

  • Слайдты қалай құрады?

  • Слайдтың фонын қалай жасайды?

  • Слайд тақырыбының қарпін қалай өзгертеді?

  • Презентацияны қалай сақтайды?

III. Жаңа сабақ:

Графиктік бейнелерді слайдтқа енгізу

Графиктік бейнелер Word текстік редактордегідей орнатылады:

Слайдтқа бейнені енгізу:

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Фильм - Фильм из файла (Файлдағы фильм)

Слайдтарға музыкалық, дыбыстық эффектілерді және бейнеклиптерді қолдану мүмкіндігі бар. Қажетті бейнеклип немесе дыбысты шарт белгісін ерекшелеп Енгізу батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгізе аламыз.

Слайдтқа дыбысты енгізу:

Меню (Мәзір) жолындағы Вставка (Кірістіру) - Звук (Дыбыс) - Звук из файла (Файлдағы дыбыс)

Слайдтқа дыбысты енгізу үшін менюдегі «Вставка» «Фильм и звук» таңдаңыз

Менюдегі «Фильм и звук»-дің ішіндегі «звуки из файла» немес «звуки из файла». «Вставка», «Фильм и звук», «Звук из файла» батырмасын шерт

Ашылған сұқбат терезеден «Звук» керекті файлды таңдап, шертіңіз. Керекті дыбысты дұрыс таңдағаныңызды тексеру үшін «Воспроизвести» батырмасын шертіңіз.

Егер бәрі дұрыс болса «Вставить» батырмасын шертіңіз.

Слайдтарды безендіру.

PowerPoint программасында 17 түрлі безендіру әдісі бар. Слайдтарды безендіру үшін арнайы қалыптарды (шаблон) пайдалануға болады.

Безендіруді пайдалану үшін, саймандар үстелінде орналасқан немесе контекстік менюдегі «Оформление слайда» батырмасын шертіңіз

«ПІШІМ» (Формат) «СЛАЙДТАРДЫ БЕЗЕНДІРУ» (Оформление слайда).

Слайдты немесе барлық презентацияларды көру.

Құрастырылған слайдтарды көрудің екі түрлі тәсілі бар, бұлардың бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:

1.Терезенің сол жағында орналасқан бұл батырма, ерекшеленіп тұрған слайдтан бастап көрсете бастайды.

2. Менюдегі «Показ слайдов», «Показ» батырмасын таңдасаңыз бұл бірінші слайдтан бастап көрсете бастайды.

IV. Сабақты бекіту.

Мұғалімнің сұрақтары:

  • Слайдқа дыбыстық нысанды қалай кірістіреді?

  • Бейнеүзіндіні қалай кірістіреді?

  • Файлдан суретті қалай қояды?

V. Бағалау

VІ. Үйге тапсырма: Дыбысты кірістіріп, слайд құрып келу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал