7


  • Учителю
  • Ашық сабақ Мәтіндік редактор

Ашық сабақ Мәтіндік редактор

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Күні: 16.02.2016 ж

Сыныбы: 5 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік редактор. Мәтінді теру ережесі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мәтіндік редактор пробраммасында мәтінді теруге үйрету.

  1. Білімділік: Оқушылар мәтіндік редактордың көмегімен мәтінді енгізуге, тузетуге, көптеген амалдарды орындауға үйренеді.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға мәтіндік редактор арқылы құрылатын құжатты көрсету арқылы ой-өрісін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды информатика кабинетінде техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауға және еңбекке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа білімді игеру сабағы

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютерлер, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй жұмысын сұрау

  3. Жаңа сабақ

  4. Бекіту

  5. Кері байланыс

  6. Бағалау

  7. Үйге тапсырма

І. Оқушыларды ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу

  2. Оқушыларды түгелдеу

  3. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру

  4. Компьютерлерді қосу

ІІ. Үй жұмысын сұрау

  1. Графикалық редактор дегеніміз не?

  2. Paint дегеніміз не ?

  3. Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?

  4. Paint графикалық редакторында қанша құралдар тақтасы бар?

  5. Paintграфикалық редакторында қанша түс бар және қосымша қанша түс бар?

  6. Paint графикалық редакторында салған суретімізді қалай сақтаймыз?

ІІІ. Жаңа сабақ

Кез келген компьютерде мәтін құруға арналған арнайы программалар орнатылады. Мәтіндік редактордың көмегімен мәтінді енгізуге, түзетуге және пішімдеуге, сонымен бірге графикалық элементтерді, кестелерді көптеген амалдарды орнатуға болады.

Мәтіндік редактор дегеніміз - бұл қарапайым және кешенді мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар түрі.

Мәтіндік процессор арқылы құрылған кез келген мәтін құжат деп аталады. Мәтіндік процессордың мысалы ретінде WORDPAD пен MICROSOFT WORD - ты қарастыруға болады. WORDPAD программасы Стандарттық программалар тобына жатады. MICROSOFT WORD мәтіндік процессоры MICROSOFT OFFICE құрамына енеді. MICROSOFT WORD - әлемге танымал және ең көп қолданылатын мәтіндік процессорлардың бірі.

MICROSOFT WORD қолданбасында құрылған құжаттар:

  • Docx - WORD 2007, 2010 пішімі;

  • Doc - WORD 97 - 2003 пішімі;

  • Rtf - кез келген мәтіндік редакторларда оқуға арналған файл типі.

Мәтіндік процессорда жұмыс жасау екі режимнен тұрады.

  1. Мәтінді енгізу мен өңдеу:

  • Пернетақтада мәтінді теру;

  • Мәтінге өзгерісті енгізу;

  • Қаріптерді басқару;

  • Мәтінді пішімдеу;

  • Мәтін үзінділерімен жұмыс істеу;

  • Терезелермен жұмыс жасау;

  1. Мәтіндік процессорда жұмыс жасаудың қосымша режимдері:

  • Мән мәтінді іздеу мен оны алмастыру;

  • Орфографиялық басқару;

  • Файлдармен жұмыс;

  • Анықтама алу;

Іске қосу (ПУСК) батырмасына басып, Барлық программалар (ВСЕ ПРОГРАММЫ) ішінен MICROSOFT OFFICE программасын таңдағаннан кейін MICROSOFT WORD 2010 батырмасына бір рет шерту арқылы іске қоса аламыз

IV. Бекіту:

Тапсырма: Оқушылар мәтіндік редактор арқылы мәтінді теру және қаріп өлшемдерін үлкейтіп кішірейтіп, қаріп батырмасы мен төрт түрлі туралау бағытымен мәтінді өзгертіп беру.

V.Кері байланыс (рефлекция): Мәтіндік редактор туралы жалпы түсінік. Оқушылар өткен сабақпен жаңа сабақтан алған әсерлерін алдарында тұрған стикерлеріне өз ойларын жазады да білім ағашына іледі.

VI.Бағалау: Оқушылардың біліміне сәйкес бағалау.

VII.Үй тапсырмасын беру: Бүгінгі өтілген тақырыпты мазмұндап келу.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал